21-мамыр

21 Тамыз 2013, 09:00

Бүкілдүниежүзілік қарым-қатынас пен даму жолындағы мәдени әралуандылық күні. Қазақстан Бүкіләлемдік табиғи және мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияға 1994 жылғы сәуірдің 29-да қосылды. ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі  Тарихи-мәдени мұра департаментінің мәліметтері бойынша Қазақстанда 25 мыңнан астам сәулет ескерткіштері бар. Оның ішінде екеуі - Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Тамғалы кешені ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енген. Аталмыш тізімде әлемнің 120 елінде орналасқан мыңға жуық ескерткіштер бар.  Халықаралық жұмыссыздықтан қорғау күні. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтері бойынша жұмыссыздардың саны миллиард адамға жетеді. Бұл ғаламшардағы жұмыс күшінің үштен біріне тең. 1940 жылы  қазіргі академик Қаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық зерттеулер институты құрылды. 1966 жылы Қазақ академиялық опера және балет театрында «Ақ қанат» балетінің премьерасы болды. Балет үш актіден және үш көріністен тұрады. Балеттің сценарийін жазған - Ә.Мәмбетов, композиторы - Ғ.Жұбанова, балетмейстері - Д.Әбдіров, суретшісі - В.Мамонтов, дирижері - Т.Османов. Басты партияларды Ф.Жолымбетова мен А.Асылмұратов орындады. Балеттің екінші нұсқасы да 1967 жылы маусымның 27-інде осы театрдың сахнасында қойылды. 1970 жылы «Ақ қанат» балетінің музыкасы үшін композитор Ғазиза Жұбановаға Қазақстан мемлекеттік сыйлығы берілді. 1954 жылы  Қазақстанның халық ақыны  Қонысбай Әбіл дүниеге келді. Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1977-1980 жылдары - Жангелдин аудандық «Жаңа өмір» газетінің жауапты хатшысы. 1980-1985 жылдары - «Лениншіл жас (қазіргі «Жас алаш») газетінің Торғай облысы бойынша меншікті тілшісі, облыстық «Торғай таңы» газеті редакторының орынбасары. 1990-1991 жылдары - «Арқалық арайы» газетінің редакторы. 1991-1995 жылдары Торғай облыстық телерадио компаниясының төрағасы қызметін атқарған. 1997-1998 жылдары - Арқалық қаласы мәдениет бөлімінің меңгерушісі. 1998-2002 жылдары - Астана қаласы әкімі аппаратының тіл саясаты бөлімінің меңгерушісі. 2002-2006 жылдары - Астана қаласы тілдерді дамыту басқармасының бастығы болды. Арқалық қаласының құрметті азаматы.   Ақынның алғашқы жыр жинағы 1980 жылы жарық көрген. Бірнеше прозалық шығармалардың авторы. Қ.Әбіл - белгілі айтыскер ақын. 1990 жылы Ташкент қаласында Базар жыраудың 150 жылдығы құрметіне өткізілген Орта Азия және Қазақстан ақындарының айтысында жеңімпаз атанып, 3-ші республикалық ақындар айтысының бас жүлдесін иеленген.  Айтыстары «Мәңгілік көктем», «Жыр-шашу», ауызша әзілдері «Деген екен...» ұжымдық жинақтарына енген.

Бүкілдүниежүзілік қарым-қатынас пен даму жолындағы мәдени әралуандылық күні. Қазақстан Бүкіләлемдік табиғи және мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияға 1994 жылғы сәуірдің 29-да қосылды. ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі  Тарихи-мәдени мұра департаментінің мәліметтері бойынша Қазақстанда 25 мыңнан астам сәулет ескерткіштері бар. Оның ішінде екеуі - Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Тамғалы кешені ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енген. Аталмыш тізімде әлемнің 120 елінде орналасқан мыңға жуық ескерткіштер бар. 

Халықаралық жұмыссыздықтан қорғау күні. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтері бойынша жұмыссыздардың саны миллиард адамға жетеді. Бұл ғаламшардағы жұмыс күшінің үштен біріне тең.

1940 жылы  қазіргі академик Қаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық зерттеулер институты құрылды.

1966 жылы Қазақ академиялық опера және балет театрында «Ақ қанат» балетінің премьерасы болды. Балет үш актіден және үш көріністен тұрады. Балеттің сценарийін жазған - Ә.Мәмбетов, композиторы - Ғ.Жұбанова, балетмейстері - Д.Әбдіров, суретшісі - В.Мамонтов, дирижері - Т.Османов. Басты партияларды Ф.Жолымбетова мен А.Асылмұратов орындады. Балеттің екінші нұсқасы да 1967 жылы маусымның 27-інде осы театрдың сахнасында қойылды. 1970 жылы «Ақ қанат» балетінің музыкасы үшін композитор Ғазиза Жұбановаға Қазақстан мемлекеттік сыйлығы берілді.

1954 жылы  Қазақстанның халық ақыны  Қонысбай Әбіл дүниеге келді.

Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1977-1980 жылдары - Жангелдин аудандық «Жаңа өмір» газетінің жауапты хатшысы. 1980-1985 жылдары - «Лениншіл жас (қазіргі «Жас алаш») газетінің Торғай облысы бойынша меншікті тілшісі, облыстық «Торғай таңы» газеті редакторының орынбасары. 1990-1991 жылдары - «Арқалық арайы» газетінің редакторы. 1991-1995 жылдары Торғай облыстық телерадио компаниясының төрағасы қызметін атқарған. 1997-1998 жылдары - Арқалық қаласы мәдениет бөлімінің меңгерушісі. 1998-2002 жылдары - Астана қаласы әкімі аппаратының тіл саясаты бөлімінің меңгерушісі. 2002-2006 жылдары - Астана қаласы тілдерді дамыту басқармасының бастығы болды. Арқалық қаласының құрметті азаматы.  

Ақынның алғашқы жыр жинағы 1980 жылы жарық көрген. Бірнеше прозалық шығармалардың авторы. Қ.Әбіл - белгілі айтыскер ақын. 1990 жылы Ташкент қаласында Базар жыраудың 150 жылдығы құрметіне өткізілген Орта Азия және Қазақстан ақындарының айтысында жеңімпаз атанып, 3-ші республикалық ақындар айтысының бас жүлдесін иеленген.  Айтыстары «Мәңгілік көктем», «Жыр-шашу», ауызша әзілдері «Деген екен...» ұжымдық жинақтарына енген.

Бөлісу: