11-мамыр

21 Тамыз 2013, 08:52

1996 жылы Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасының Президенттері екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тереңдету туралы бірлескен декларацияға, Каспий теңізінің мәселелері бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойды. 2006 жылы  К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының Ержан Дәуітов жетекшілік ететін камералық хоры мамырдың 11-і мен 14-і аралығында Польшаның Белосток қаласында өткен Шіркеу музыкасының XXV халықаралық фестивалінде бірінші орын алды. 2001 жылы  Астана қаласында Кенесары ханның ескерткіші ашылды. Ескерткіш авторы - мүсінші Нұрлан Далбай.  2007 жылы Мұхтар Әуезовтың мұражай үйінде халықаралық құқықтанушы Рейн Мюллерсонның «Орталық Азия» атты кітабының таныстырылымы болып өтті. Кітапта автордың Орталық Азиядағы БҰҰ-ның аймақтық кеңесшісі ретінде қызмет еткен кездегі ортаазиялық танымал саясаткерлермен жеке кездесулері туралы материалдар және қарапайым халықтың тіршіліктері жөніндегі көзқарастары жиналған. Р.Мюллерсон - Лондон университетінің Король колледжінің профессоры, халықаралық және әлем қауіпсіздігі бағдарламасының директоры. 80-шы жылдардың аяғында Эстонияның сыртқы істер министрінің орынбасары болып қызмет атқарған. КСРО Президенті Михаил Горбачевтің кеңесшісі болған. Халықаралық құқық және саясат бойынша 9 кітаптың және 200-дей мақаланың авторы. Кітабындағы басты орындарының бірінде - қарапайым қырғыз Мысырқұл, автор онымен Ыстық көлге барған кезінде достасқан. 1904-1985 жылдары  ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы, шығыстанушы, әдебиеттанушы, өнертанушы, филология ғылымының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Бүкілодақтық география қоғамының толық мүшесі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлкей Марғұлан дүниеге келді. Ол Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Бастапқы білімді ауыл мектебінен алған. Семей педагогикалық техникумын, Ленинградтағы шығыстану институтын және Мемлекеттік материалдық мәдениет тарихы академиясының аспирантурасын бітірген. 1921-1925 жылдары «Таң» журналы мен «Қазақ тілі» газетінің редакцияларында қызмет атқарады. Осы жылдары ол М.Әуезовпен, М.Жұмабаевпен танысады. 1926-1927 жылдары КСРО Ғылым академиясының академигі А.Ферсман мен профессор С.Руденконың басшылығымен ұйымдастырылған Қазақстан және Алтай археологиялық және этнографиялық экспедицияларының жұмысына қатысады. Экспедиция кезінде Ә.Бөкейхановпен тығыз қарым-қатынас орнатып, бірлесіп қызмет істейді. 1928 жылдан қазақ халқына қатысты әдеби, мұрағаттық материалдар жинақтаумен шұғылданады. 1929 жылы Абай шығармалары туралы дипломдық жұмыс қорғап, орыс география қоғамы мұрағатындағы Абай қолжазбалары туралы нақты тарихи деректер негізінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасайды. 1930 жылдан Терминологиялық комиссияның ғалым хатшысы, Шығыстану институтының оқытушысы, Мәскеудегі материалдық мәдениет тарихы институтының ізденушісі және ғылыми қызметкері болады. Осы жылдары ол Шығыс Түркістан археологиясы мен өнері бойынша маманданып, бірнеше археологиялық экспедицияларға қатысады.

1996 жылы Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасының Президенттері екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тереңдету туралы бірлескен декларацияға, Каспий теңізінің мәселелері бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

2006 жылы  К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының Ержан Дәуітов жетекшілік ететін камералық хоры мамырдың 11-і мен 14-і аралығында Польшаның Белосток қаласында өткен Шіркеу музыкасының XXV халықаралық фестивалінде бірінші орын алды.

2001 жылы  Астана қаласында Кенесары ханның ескерткіші ашылды. Ескерткіш авторы - мүсінші Нұрлан Далбай.

 2007 жылы Мұхтар Әуезовтың мұражай үйінде халықаралық құқықтанушы Рейн Мюллерсонның «Орталық Азия» атты кітабының таныстырылымы болып өтті. Кітапта автордың Орталық Азиядағы БҰҰ-ның аймақтық кеңесшісі ретінде қызмет еткен кездегі ортаазиялық танымал саясаткерлермен жеке кездесулері туралы материалдар және қарапайым халықтың тіршіліктері жөніндегі көзқарастары жиналған.

Р.Мюллерсон - Лондон университетінің Король колледжінің профессоры, халықаралық және әлем қауіпсіздігі бағдарламасының директоры. 80-шы жылдардың аяғында Эстонияның сыртқы істер министрінің орынбасары болып қызмет атқарған. КСРО Президенті Михаил Горбачевтің кеңесшісі болған. Халықаралық құқық және саясат бойынша 9 кітаптың және 200-дей мақаланың авторы.

Кітабындағы басты орындарының бірінде - қарапайым қырғыз Мысырқұл, автор онымен Ыстық көлге барған кезінде достасқан.

1904-1985 жылдары  ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы, шығыстанушы, әдебиеттанушы, өнертанушы, филология ғылымының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Бүкілодақтық география қоғамының толық мүшесі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлкей Марғұлан дүниеге келді. Ол Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Бастапқы білімді ауыл мектебінен алған. Семей педагогикалық техникумын, Ленинградтағы шығыстану институтын және Мемлекеттік материалдық мәдениет тарихы академиясының аспирантурасын бітірген. 1921-1925 жылдары «Таң» журналы мен «Қазақ тілі» газетінің редакцияларында қызмет атқарады. Осы жылдары ол М.Әуезовпен, М.Жұмабаевпен танысады. 1926-1927 жылдары КСРО Ғылым академиясының академигі А.Ферсман мен профессор С.Руденконың басшылығымен ұйымдастырылған Қазақстан және Алтай археологиялық және этнографиялық экспедицияларының жұмысына қатысады. Экспедиция кезінде Ә.Бөкейхановпен тығыз қарым-қатынас орнатып, бірлесіп қызмет істейді. 1928 жылдан қазақ халқына қатысты әдеби, мұрағаттық материалдар жинақтаумен шұғылданады. 1929 жылы Абай шығармалары туралы дипломдық жұмыс қорғап, орыс география қоғамы мұрағатындағы Абай қолжазбалары туралы нақты тарихи деректер негізінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасайды. 1930 жылдан Терминологиялық комиссияның ғалым хатшысы, Шығыстану институтының оқытушысы, Мәскеудегі материалдық мәдениет тарихы институтының ізденушісі және ғылыми қызметкері болады. Осы жылдары ол Шығыс Түркістан археологиясы мен өнері бойынша маманданып, бірнеше археологиялық экспедицияларға қатысады.

Бөлісу: