21 Тамыз 2013, 08:48
АҚШ-тың Ұлттық мейрамы - Мұғалімдер күні. Мамыр айының бірінші толық аптасындағы сейсенбі күні тойланады. Аталмыш күннің тарихы өз бастауын 1944 жылдан алады.
Мацзу Аспан Патшайымының мерекесі. Тянь-хоу Мацзу (Мацзу Аспан патшайымы) - ежелгі қытай мифологиясындағы теңіз құдайы. Оның мәдениеті Х-ХІ ғғ. дүниеге келді. Тянь-хоудың толқында, бұлтта немесе тақта отырғаны бейнеленген. Оның екі көмекшісі бар: біріншісінің қолы құлағына, ал екіншісінің қолы көзіне қойылған. Аңызда айтылғандай Мацзу 960 жылдары өмір сүрген, Линь деген балықшылар ауылының қызы болған, тоқымамен теңіз арқылы жүзе білген және бұлттармен аралдарды кесіп өтетін болған. Бүгінгі таңда Мацзу елдегі және шетелдегі қытайлықтарды байланыстырады. Орта есеппен алғанда, құдай анаға әлемнің түпкір-түпкірінен 200 миллионнан астам адам сыйынады.
1993 жылы Алматыда, Республикалық кино үйінде 1991-1993 жылдары жасалған фильмдердің байқауы өтті. Байқаудың қорытындысында Гран-при жүлдесі «Отырардың күйреуі» (режиссері А.Әмірқұлов) және «Сұржекей» (режиссері Д.Манабаев) фильмдеріне берілді.
1998 жылы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы - Ақмола қаласының атауы Астана қаласы болып өзгеріп, «Сарыарқа» және «Алматы» аудандары құрылды.
2009 жылы Алматыда «Спира-Берга» ЖШС-ның жаңа полиэтилен тұрбалар зауыты іске қосылды.
«Спира-Берга» зауыты - қазіргі заманғы сумен жабдықтау, кәріз және кабелді қорғайтын жүйелерге арналған полиэтилен тұрбаларының жоғары сапалы өндiрiсін оңтайлатқан Қазақстан аумағындағы алғашқы кәсiпорындардың бiрi.
Өнiм Cincinnati, Corma және Jweel дүниежүзілік өндiрушiлердің жабдығында шығарылады.
1896-1927 жылдары халық әншісі, композитор Майра Шамсутдинова дүниеге келді.
Қазіргі Павлодар қаласында туған. Қазақ даласына кең танылған әнші Майра жасынан гармон тартып, ән салған. Кереку, Баянауыл, Семей аймақтарындағы жәрмеңке, той-думандарда өнер көрсетіп, есімі елге танылған. Оның репертуарында «Ах-ау Семей», «Гауһартас», «Ертіс», «Сәулем-ай», «Мақпал», т.б. халық әндері болды. А.Затаеевич Майраның орындауында «Мақпал», «Көкмайса», «Қаракөз», «Баянауыл», «Телқоңыр», «Алқарағай көк», «Даланың әні», «Хұсни құрдас», «Смет» әндерін жазып алып, нотаға түсріген. Ол өз жанынан «Майра», «Қызыл гүл», «Өкшесі етігімнің айнала жез», «Бақша» әндерін шығарған. Майра Арқаның әншілік дәстүрін ілгері дамытты. Ол әншілік өнерді кәсіби дәрежеде меңгеріп, өзіндік нақышпен сырнайға қосылып айтқан. Әнші қазақ әндерімен қатар татар, орыс әндерін де нақышына келтіре орындаған. Оның әндерін Е.Брусиловский «Қыз Жібек» операсында, А.Зильбер «Қайта туған Қазақстан» симфониясында, Б.Байқадамов «Майра» хор капелласында пайдаланды. Ә.Тәжібаев «Майра» атты пьеса және поэма жазды. Бүгінде Майраның 20-ға тарта әні белгілі. Сонымен қатар жыл сайын Майра Уәлиқызы атындағы республикалық әнші-сазгерлер байқауы өтіп тұрады.