5-мамыр

21 Тамыз 2013, 08:42

Халықаралық мүгедектер құқын қорғау күні. 1992 жылы  Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының мүгедектердің онжылдығы соңында (1983-1992 жылдары) Халықаралық мүгедектер күнін жариялады. Халықаралық мүгедектер күнін атап өту олардың мәселелеріне көңіл бөлуге, қадір-қасиетін, құқығы мен аман-саулығын қорғауға, мүгедектердің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірге қатысуынан қоғамға келетін басымдылыққа назар аударуға бағытталған. Еуропа күні. 1949 жылдан аталып өтіледі. Осы күні Еуропа Кеңесі құрылды. Қырғыз Республикасының Ұлттық мейрамы - Конституция күні. 1993 жылғы мамырдың 5-інде елдің жаңа Конституциясы қабылданды. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қазанның 15-інде орнатылды. 1925 жылы  Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жанындағы әйелдер бөлімі шығарған «Азат әйел» газеті негізінде «Теңдік» газетінің алғашқы саны шықты. 1955 жылдан бастап «Қазақстан әйелдері» деген атпен журнал болып шыға бастады. 1986 жылы Ақтөбе қаласында Кеңес Одағының Батыры, қазақ халқының қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың мұражайы ашылды. Мұражай жыл сайын 30 мыңға жуық адам қабылдайды. Мұрағаттар саны 7 мыңнан асады. Олардың қатарында КСРО Төралқасының төрағасы М.Шверниктің Әлияның әкесі Сарқұл Нұрмағамбетовке жолдаған жауап хаты, Әлия оқыған Псков облысындағы Вятск орта мектебіндегі 7-ші сыныбының сабақ үлгерімі журналының түпнұсқалары, Кеңес Одағы Батырының Грамотасы, Әлия ерлікпен қаза тапқан ұрыс даласының ақтөбелік суретші В.В.Шукин жасаған көрінісі (диорама), «Әлия» кемесінің макеті, майданнан әкелінген қару-жарақтар, Әлия ерлігі арқау болған оннан астам кітаптар, елге жазған хаттарының көшірмесі, т.б. ерекше көз тартады. Мұрағаттар қоры жылма-жыл толығуда. Өлкетанушы, мектеп мұғалімі С.А.Сысоенко бастаған «Әлия» іздестіру тобы жаз айларында Новгород, Псков, Калуга облыстарына сапар шегіп, ұрыс даласынан табылған құнды дүниелерді әкеліп тапсырады. Батырдың туған жері Қобда ауданындағы Әліпбайсай ауылында мұражай филиалы жұмыс істейді. Оны ұйымдастырып, мұрағаттарын толықтыруға өлкетанушы Ғ.Байдербес салмақты үлес қосты. Әр жылдарда болған мемлекет қайраткерлері, жазушылар, мәдениет өкілдері қолтаңба қалдырған. Олардың арасында Елбасы Н.Ә.Назарбаев, көрнекті жазушы Ә.Кекілбаев, аса көрнекті мемлекет, қоғам қайраткері Д.А.Қонаев, халық әртістері Р.Бағланова, Р.Рымбаева, Кеңес Одағының Батыры И.Прохоров, ақын-жазушылар Ф.Оңғарсынова, А.Жағанова, Мұрат Аджи, Т.Молдағалиев, Б.Тәжібаев, театр саңлақтары С.Майқанова, Ә.Молдабеков, сазгерлер С.Бәйтереков, Е.Хасанғалиев, т.б. бар. 1943-1997 жылдары  жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сейітқазы Досымов дүниеге келді. Жазушы Жамбыл облысында туған. Шымкент сауда техникумын, Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болған. Жазушының «Жаңғырық», «Директорлар», «Береке түбі - бірлікте», «Құтты қоныс» атты кітаптары жарық көрген. «Директорлар», «Ащы мен тәтті» повестері Қазақстан Республикасы Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің, «Жалын» баспасының дәстүрлі конкурсында жүлдеге ие болған.

Халықаралық мүгедектер құқын қорғау күні. 1992 жылы  Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының мүгедектердің онжылдығы соңында (1983-1992 жылдары) Халықаралық мүгедектер күнін жариялады. Халықаралық мүгедектер күнін атап өту олардың мәселелеріне көңіл бөлуге, қадір-қасиетін, құқығы мен аман-саулығын қорғауға, мүгедектердің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірге қатысуынан қоғамға келетін басымдылыққа назар аударуға бағытталған.

Еуропа күні. 1949 жылдан аталып өтіледі. Осы күні Еуропа Кеңесі құрылды.

Қырғыз Республикасының Ұлттық мейрамы - Конституция күні. 1993 жылғы мамырдың 5-інде елдің жаңа Конституциясы қабылданды. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қазанның 15-інде орнатылды.

1925 жылы  Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жанындағы әйелдер бөлімі шығарған «Азат әйел» газеті негізінде «Теңдік» газетінің алғашқы саны шықты. 1955 жылдан бастап «Қазақстан әйелдері» деген атпен журнал болып шыға бастады.

1986 жылы Ақтөбе қаласында Кеңес Одағының Батыры, қазақ халқының қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың мұражайы ашылды. Мұражай жыл сайын 30 мыңға жуық адам қабылдайды. Мұрағаттар саны 7 мыңнан асады. Олардың қатарында КСРО Төралқасының төрағасы М.Шверниктің Әлияның әкесі Сарқұл Нұрмағамбетовке жолдаған жауап хаты, Әлия оқыған Псков облысындағы Вятск орта мектебіндегі 7-ші сыныбының сабақ үлгерімі журналының түпнұсқалары, Кеңес Одағы Батырының Грамотасы, Әлия ерлікпен қаза тапқан ұрыс даласының ақтөбелік суретші В.В.Шукин жасаған көрінісі (диорама), «Әлия» кемесінің макеті, майданнан әкелінген қару-жарақтар, Әлия ерлігі арқау болған оннан астам кітаптар, елге жазған хаттарының көшірмесі, т.б. ерекше көз тартады. Мұрағаттар қоры жылма-жыл толығуда. Өлкетанушы, мектеп мұғалімі С.А.Сысоенко бастаған «Әлия» іздестіру тобы жаз айларында Новгород, Псков, Калуга облыстарына сапар шегіп, ұрыс даласынан табылған құнды дүниелерді әкеліп тапсырады. Батырдың туған жері Қобда ауданындағы Әліпбайсай ауылында мұражай филиалы жұмыс істейді. Оны ұйымдастырып, мұрағаттарын толықтыруға өлкетанушы Ғ.Байдербес салмақты үлес қосты. Әр жылдарда болған мемлекет қайраткерлері, жазушылар, мәдениет өкілдері қолтаңба қалдырған. Олардың арасында Елбасы Н.Ә.Назарбаев, көрнекті жазушы Ә.Кекілбаев, аса көрнекті мемлекет, қоғам қайраткері Д.А.Қонаев, халық әртістері Р.Бағланова, Р.Рымбаева, Кеңес Одағының Батыры И.Прохоров, ақын-жазушылар Ф.Оңғарсынова, А.Жағанова, Мұрат Аджи, Т.Молдағалиев, Б.Тәжібаев, театр саңлақтары С.Майқанова, Ә.Молдабеков, сазгерлер С.Бәйтереков, Е.Хасанғалиев, т.б. бар.

1943-1997 жылдары  жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сейітқазы Досымов дүниеге келді. Жазушы Жамбыл облысында туған. Шымкент сауда техникумын, Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болған. Жазушының «Жаңғырық», «Директорлар», «Береке түбі - бірлікте», «Құтты қоныс» атты кітаптары жарық көрген. «Директорлар», «Ащы мен тәтті» повестері Қазақстан Республикасы Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің, «Жалын» баспасының дәстүрлі конкурсында жүлдеге ие болған.

Бөлісу: