2-мамыр

21 Тамыз 2013, 08:41

Мадрид күні- Испанияның астанасы ғана емес, ірі қаласы да, сондай-ақ осы аттас проаинцияның және автономиялық қоғамдастықтың орталығы. Қала күні дәстүрлі түрде әскери шеру өтеді. Ол Пуэрта-дель Соль алаңында, Маласанья ауданында, Пласа-де-лос-Майо алаңында өткізіледі. Мереке кезінде көптеген мәдени шаралар, шоу-бағдарламалар ұйымдастырылады. Холокост құрбандарын еске алу күні.  Әлемнің әртүрлі елдерінде нацизм құрбандары - алты миллион еврейдің қырғынға ұшырауын еске алу күні ретінде атап өтіледі. 1997 жылы  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Көкшетау облысының әкімшілік-аумақтық орналасуындағы өзгертулер туралы» Жарлығына сәйкес Көкшетау облысының  Арықбалық, Уәлиханов, Көкшетау, Ленинград, Рузаев, Чистополь, Чкалов аудандары таратылды. 2006 жылы  Мойнақ су электр стансасының құрылысы басталды. 1949 жылы  КСРО-дағы алғашқы телерепортаж Мәскеудегі «Динамо» стадионынан жүргізілді.. 2009 жылы танымал саясаткер Досым Сәтбаев және жас журналист әрі жазушы Ербол Жұмағұловтың бірлесіп жазған «NomenClatura туралы аңыз» атты сатиралық авантюралық-шытырман оқиғалар романы жарық көрді. Романның иллюстрациясын танымал суретші Владимир Қадырбаев орындаған, тиражы 5000 дана. 1944 жылы  ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Рүстем Жанаев дүниеге келді. Ақын Қызылорда облысында туған. Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастаған. 1994-2004 жылдары Әйтеке би кентіндегі №8 кәсіптік-техникалық мектептің директоры қызметін атқарған. Қазір аудандық оқушылар үйінің директоры қызметін атқарады. Алғашқы жинағы «Мәуелі махаббат» деген атпен 1974 жылы жарық көрген. Р.Жанаевтің «Бақыт босағасы», «Мезгіл махаббаты», «Бір өзіңе», «Сағынып кеттім мен сені», «Жанайқай» атты жыр жинақтары мен проза кітаптары, «Жанқожа батыр» пьесасы бар. 1938 жылы жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Сәкен Иманасов дүниеге келді. Жазушы Алматы облысының Алакөл ауданында туған. Еңбек жолын теміржол құрылысында қатардағы жұмысшы болып бастап, ұжымшар қызметкері, аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған. 1959 жылдан бастап бірыңғай журналисттік қызметке ауысқан. «Балдырған» журналында, «Қазақ мемлекеті» газетінде, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында істеген. «Жазушы» баспасының редакторы, редакция меңгерушісі, бас редакторы болған. Кейінгі жылдары Алматы облыстық әкімшілігінде жауапты қызмет атқарған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. Ақынның алғашқы өлеңі 1956 жылы жарық көрген. Содан бергі кезеңде «Туған ауыл», «Ақ айдын», «Ақ дариға», «Жайдарман», «Ғашық дүние», «Алтын аймақ», «Ғашықпын саған», «Бел-белес», «Адырна», «Жебе», орыс тілінде «Созвучие», «Тетива» атты кітаптары жарық көрген. 2001 жылы «Қаламдастарым мен замандастарым» атты эсселер, пайымдамалар, арнау өлеңдер кітабы,  2003 жылы «Елорда» баспасынан соңғы он шақты жыл ішінде жазылған өлеңдері «Өнердің жүзі» деген атпен, естеліктері «Жазушы» баспасынан «Қалам мен Заман» деген атпен шыққан. Көркем аударма саласында оның тәржімасымен шығыс шайыры Жалаладдин Руми, орыс ақындары А.Кольцов, В.Маяковский, ангола ақыны А.Нетто кітаптары қазақ тілінде жарық көрген.

Мадрид күні- Испанияның астанасы ғана емес, ірі қаласы да, сондай-ақ осы аттас проаинцияның және автономиялық қоғамдастықтың орталығы. Қала күні дәстүрлі түрде әскери шеру өтеді. Ол Пуэрта-дель Соль алаңында, Маласанья ауданында, Пласа-де-лос-Майо алаңында өткізіледі. Мереке кезінде көптеген мәдени шаралар, шоу-бағдарламалар ұйымдастырылады.

Холокост құрбандарын еске алу күні.  Әлемнің әртүрлі елдерінде нацизм құрбандары - алты миллион еврейдің қырғынға ұшырауын еске алу күні ретінде атап өтіледі.

1997 жылы  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Көкшетау облысының әкімшілік-аумақтық орналасуындағы өзгертулер туралы» Жарлығына сәйкес Көкшетау облысының  Арықбалық, Уәлиханов, Көкшетау, Ленинград, Рузаев, Чистополь, Чкалов аудандары таратылды.

2006 жылы  Мойнақ су электр стансасының құрылысы басталды.

1949 жылы  КСРО-дағы алғашқы телерепортаж Мәскеудегі «Динамо» стадионынан жүргізілді..

2009 жылы танымал саясаткер Досым Сәтбаев және жас журналист әрі жазушы Ербол Жұмағұловтың бірлесіп жазған «NomenClatura туралы аңыз» атты сатиралық авантюралық-шытырман оқиғалар романы жарық көрді. Романның иллюстрациясын танымал суретші Владимир Қадырбаев орындаған, тиражы 5000 дана.

1944 жылы  ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Рүстем Жанаев дүниеге келді. Ақын Қызылорда облысында туған. Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастаған. 1994-2004 жылдары Әйтеке би кентіндегі №8 кәсіптік-техникалық мектептің директоры қызметін атқарған. Қазір аудандық оқушылар үйінің директоры қызметін атқарады. Алғашқы жинағы «Мәуелі махаббат» деген атпен 1974 жылы жарық көрген. Р.Жанаевтің «Бақыт босағасы», «Мезгіл махаббаты», «Бір өзіңе», «Сағынып кеттім мен сені», «Жанайқай» атты жыр жинақтары мен проза кітаптары, «Жанқожа батыр» пьесасы бар.

1938 жылы жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Сәкен Иманасов дүниеге келді. Жазушы Алматы облысының Алакөл ауданында туған. Еңбек жолын теміржол құрылысында қатардағы жұмысшы болып бастап, ұжымшар қызметкері, аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған. 1959 жылдан бастап бірыңғай журналисттік қызметке ауысқан. «Балдырған» журналында, «Қазақ мемлекеті» газетінде, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында істеген. «Жазушы» баспасының редакторы, редакция меңгерушісі, бас редакторы болған. Кейінгі жылдары Алматы облыстық әкімшілігінде жауапты қызмет атқарған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. Ақынның алғашқы өлеңі 1956 жылы жарық көрген. Содан бергі кезеңде «Туған ауыл», «Ақ айдын», «Ақ дариға», «Жайдарман», «Ғашық дүние», «Алтын аймақ», «Ғашықпын саған», «Бел-белес», «Адырна», «Жебе», орыс тілінде «Созвучие», «Тетива» атты кітаптары жарық көрген. 2001 жылы «Қаламдастарым мен замандастарым» атты эсселер, пайымдамалар, арнау өлеңдер кітабы,  2003 жылы «Елорда» баспасынан соңғы он шақты жыл ішінде жазылған өлеңдері «Өнердің жүзі» деген атпен, естеліктері «Жазушы» баспасынан «Қалам мен Заман» деген атпен шыққан. Көркем аударма саласында оның тәржімасымен шығыс шайыры Жалаладдин Руми, орыс ақындары А.Кольцов, В.Маяковский, ангола ақыны А.Нетто кітаптары қазақ тілінде жарық көрген.

Бөлісу: