21 Тамыз 2013, 08:40
Павлодар облысында «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында қайырымдылық көмек көрсетуге мемлекеттік құрылымдар мен демеушілерді тарту жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты Baq. kz тілшісіне хабарлады.
Акция барысында 2013 жылғы 21 тамыздағы жағдай бойынша облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 5672 оқушысы 38 млн 842,8 мың теңгеге материалдық көмек алды. Олардың ішінде демеушілерді тарту есебінен мектепке дайындауға бюджеттен тыс 2617 оқушыға сомасы 17 млн 379,5 мың теңге қаражатқа көмек көрсетілді.
Жаңа оқу жылының қарсаңында білім беру басқармасы «Балаларға арналған баспана» мемлекеттік мекемесінің 26 тәрбиеленушісіне 140,0 мың теңгеге мектеп киімдері мен аяқ киіидерін алды.
Акцияға 40-тан астам облыстық деңгейдегі мемлекеттік мекеме қатысып, 115 балаға 1087,2 мың теңгеге киім сатылып алынды. Акция 2013 жылғы қыркүйектің 30-на дейін өтеді.
Baq.kz