21 Тамыз 2013, 08:37
Еңбекті қорғаудың дүниежүзілік күні. Әлемнің 100-ден астам елінде атап өтіледі. Аталмыш күнді атап өту идеясы 1989 жылы американдық және канадалық жұмысшылардың қаза тапқан жұмысшыларды еске алу мақсатында өткізген күннен (the Workers Memorial Day) бастау алады. 2001 жылы жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі.
Бүкіләлемдік жұмыс орындарындағы қауіпсіздік пен денсаулық күні. Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсынысымен өткізіледі. ХЕҰ мәліметтері бойынша әлемде әрбір 15 секундта жұмыстағы жазатайым оқиғалардан немесе кәсіби аурулардан 1 адам қайтыс болады, 160 адам әлдеқандай бақытсыз жағдайға душар болып жатады екен. Ал, Стандарттаудың Халықаралық Ұйымы (ИСО) стандарттарын енгізу арқылы осындай кездейсоқ жайттардың алдын алуға болады.
2007 жылы Халық Қаһарманы, Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы Қасым Қайсеновтің Кеңсайдағы зиратына ескерткіш орнатылды.
Қасым Қайсенов (1918-2006) - партизандар қозғалысының көрнекті ұйымдастырушысы, В.Чапаев атындағы дивизия отрядтарын басқарған, Украинаның, Молдованың, Румынияның, Чехословакияның жерінде көптеген операцияларды өткізді.
Ұлы Отан соғысының І дәрежелі, Богдан Хмельницкий ордендерімен, КСРО-ның 25 медалімен және құрмет грамоталарымен марапатталған. «Халық қаһарманы» атағының иегері.
Қазақ әдебиетіндегі партизан соғысы тақырыбының негізін қалаушы қаламгер «Жас партизан», «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Жау тылындағы бала», «Жау тылында», «Партизан шайқастары» сынды әңгімелер, очерктер мен повестер жазып қалдырған.
2009 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.
Орталықтың міндеті жерлес жазушы Шер-ағаның шығармашылық мұраларын зерттеу және насихаттау. Шерхан Мұртаза қазақ жазушыларының ішінде бірінші болып саясат және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов (1894-1938) туралы «Қызыл жебе» романын жазды.
1891-1962 жылдары халық ақыны Жәкен Байтуов дүниеге келген. Ол Қарағанды облысы Шет ауданы Шаруатеңеу ауылында туған. Ауыл молдасынан оқып, хат таныған. Маясар, Болман, Тұңғышбай, Жалқыбай ақындармен айтысқа түскен. Жәкен ақынның «Қойшы мен қасқырдың», «Ақ қой мен қара қойдың» айтыстары, «Наршөккен», «Бірінші майға» өлеңдері, «Саржан-Бодық», «Бөрі батыр», «Көк жайдақ», т.б. дастандары бар. «Сал-сал», «Абылай», «Наурызбай» дастандарын жатқа айтып, ел ішіне таратқан.