25-сәуір

21 Тамыз 2013, 08:33

Португалияда Төңкеріс күні. Португалия - Еуропаның оңтүстік-батыс бөлігінде, Пиреней түбегінде және Атлант мұхитындағы Азор, Мадейра аралдарында орналасқан мемлекет. Синай түбегінің Египеттен бостандығын алған күні. Италияның Ұлттық мерекесі - Бостандық күні. 1943 жылы сәуірдің 25-інде диктатор Бенито Муссолини Миланнан қашып кеткен болатын. Сонымен қатар осы күні ел тарихында демократия үшін қарулы күрес және қарсылық қозғалыстарының жаңа кезеңі басталды. 1945 жылы немістер жаулап алған Солтүстік Италияда жалпыхалықтық көтеріліс басталып, одақтастарының әскері келгенше Солтүстік және Орталық Италияның 100-деген қаласы азат етілді. Бүкіләлемдік безгекке қарсы күрес күні (ДДҰ). Безгек әлем халқының 40 пайызына қауіп төндіруде. Жыл сайын 500 миллионнан астам адам безгекпен ауырып, бір миллионнан астам адам осы кеселден көз жұмады. Ең ауыр салмақ Африканың Сахарадан әрі қарай оңтүстігіне түседі, бірақ бұл ауру адамдарды Азияда да, Латын Америкасында да, Таяу Шығыста да, тіпті Еуропаның кейбір бөлігінде де жалмайтын көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің 2007 жылғы мамырдағы сессиясында бекіткен Бүкіләлемдік безгекке қарсы күрес күні - бұл безгекке қарсы тиімді күрес жүргізуді қамтамасыз ету бойынша жаһандық күш жұмылдыру қажеттігін мойындау күні. Бұл күні өз аумақтарында ауру тарап кеткен елдер - өз күш-жігерлерін бір-бірімен тәжірибе алмасып, бірін-бірі қолдауға жұмылдырады; жаңа донорлар - безгекке қарсы күрес жолында жаһандық әріптестікпен бірлесіп қимылдауға жұмылады. 2007 жылы  Қазақстанда ең алғашқы «Сentras Private Equite Fund» халықаралық тікелей инвестициялық қор ашылды. Бұл қордың басты инвесторы - Еуропалық қайта құру және даму банкі. Қордың негізгі инвестициялары бастапқы кездегі немесе бизнестің даму кезеңінде тұрған шағын және орта бизнес компанияларын дамытуға бағытталады. Қордың мақсатты секторлары - банктік емес қаржылық қызмет, азық-түлік, бөлшек сауда, телекоммуникацияның баламалы қаражаты, құрылыс материалдары өндірісі. Қордың негізін қалаушы және инвестициялық менеджері «Ceнтрас Cекьюритиз» АҚ. 1890-1918 жылдары  Жетісудағы 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі Тоқаш Бокин дүниеге келді. Верный уезі (Алматы) Мойынқұм болысының Қарасу ауылында туған. 1898-1906 жылдары Верный қаласындағы ер балалар гимназиясында білім алған. 1914 жылға дейін Верный уезінің сот органдарымен қоныс аудару басқармасында тілмәш болған. 1914-1916 жылдары Санкт-Петербор қаласында сот палатасында жұмыс істеген. 1916 жылы елге оралған Бокин қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің Жетісу ошағы жетекшілерінің бірі болды. Ол 1918 жылы 2-13 қаңтар аралығында Верный қаласында өткен Кеңес үкіметін орнатуды жақтаған Жетісу облысы шаруалар депутаттарының 2-съезіне қатысып, одан соң Жетісу соғыс-революция комитетінің мүшелігіне сайланды. Большевиктік өкіметтің жергілікті жүйесін құру ісіне қатысып, жергілікті әскери бөлімдерін жасақтап, оларды 1918 жылдың көктем және жаз айларында азық-түлікпен қамтамасыз етуге күш жұмсады.

Португалияда Төңкеріс күні. Португалия - Еуропаның оңтүстік-батыс бөлігінде, Пиреней түбегінде және Атлант мұхитындағы Азор, Мадейра аралдарында орналасқан мемлекет.

Синай түбегінің Египеттен бостандығын алған күні.

Италияның Ұлттық мерекесі - Бостандық күні. 1943 жылы сәуірдің 25-інде диктатор Бенито Муссолини Миланнан қашып кеткен болатын. Сонымен қатар осы күні ел тарихында демократия үшін қарулы күрес және қарсылық қозғалыстарының жаңа кезеңі басталды. 1945 жылы немістер жаулап алған Солтүстік Италияда жалпыхалықтық көтеріліс басталып, одақтастарының әскері келгенше Солтүстік және Орталық Италияның 100-деген қаласы азат етілді.

Бүкіләлемдік безгекке қарсы күрес күні (ДДҰ). Безгек әлем халқының 40 пайызына қауіп төндіруде. Жыл сайын 500 миллионнан астам адам безгекпен ауырып, бір миллионнан астам адам осы кеселден көз жұмады. Ең ауыр салмақ Африканың Сахарадан әрі қарай оңтүстігіне түседі, бірақ бұл ауру адамдарды Азияда да, Латын Америкасында да, Таяу Шығыста да, тіпті Еуропаның кейбір бөлігінде де жалмайтын көрінеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің 2007 жылғы мамырдағы сессиясында бекіткен Бүкіләлемдік безгекке қарсы күрес күні - бұл безгекке қарсы тиімді күрес жүргізуді қамтамасыз ету бойынша жаһандық күш жұмылдыру қажеттігін мойындау күні. Бұл күні өз аумақтарында ауру тарап кеткен елдер - өз күш-жігерлерін бір-бірімен тәжірибе алмасып, бірін-бірі қолдауға жұмылдырады; жаңа донорлар - безгекке қарсы күрес жолында жаһандық әріптестікпен бірлесіп қимылдауға жұмылады.

2007 жылы  Қазақстанда ең алғашқы «Сentras Private Equite Fund» халықаралық тікелей инвестициялық қор ашылды. Бұл қордың басты инвесторы - Еуропалық қайта құру және даму банкі. Қордың негізгі инвестициялары бастапқы кездегі немесе бизнестің даму кезеңінде тұрған шағын және орта бизнес компанияларын дамытуға бағытталады. Қордың мақсатты секторлары - банктік емес қаржылық қызмет, азық-түлік, бөлшек сауда, телекоммуникацияның баламалы қаражаты, құрылыс материалдары өндірісі. Қордың негізін қалаушы және инвестициялық менеджері «Ceнтрас Cекьюритиз» АҚ.

1890-1918 жылдары  Жетісудағы 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі Тоқаш Бокин дүниеге келді. Верный уезі (Алматы) Мойынқұм болысының Қарасу ауылында туған. 1898-1906 жылдары Верный қаласындағы ер балалар гимназиясында білім алған. 1914 жылға дейін Верный уезінің сот органдарымен қоныс аудару басқармасында тілмәш болған. 1914-1916 жылдары Санкт-Петербор қаласында сот палатасында жұмыс істеген. 1916 жылы елге оралған Бокин қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің Жетісу ошағы жетекшілерінің бірі болды.

Ол 1918 жылы 2-13 қаңтар аралығында Верный қаласында өткен Кеңес үкіметін орнатуды жақтаған Жетісу облысы шаруалар депутаттарының 2-съезіне қатысып, одан соң Жетісу соғыс-революция комитетінің мүшелігіне сайланды. Большевиктік өкіметтің жергілікті жүйесін құру ісіне қатысып, жергілікті әскери бөлімдерін жасақтап, оларды 1918 жылдың көктем және жаз айларында азық-түлікпен қамтамасыз етуге күш жұмсады.

Бөлісу: