24-сәуір

21 Тамыз 2013, 08:33

Халықаралық жастар ынтымақтастығы күні. 1955 жылы Азия мен Африка елдерінің Бандунг конференциясында шешім қабылданған күннен бастап, отаршылдыққа қарсылық білдіріп, бейбітшілікті қолдайтын жастардың халықаралық ынтымақтастығы күні ретінде атап өтіледі. Бүкіл әлемдегі армяндардың аза тұту күні. Осман империясындағы армян геноциді шарықтау шегіне жетіп, шамамен 1,5 миллиондай армян өлтірілген. Бұл күн 1989 жылдан бастап атап өтіледі. Халықаралық астрономия күні. Бұл мереке 1973 жылы Америкада дүниеге келіп, астрономия жанкүйерлерін «Астрономияны адамзатқа таныстырушылар» деген бір ұранның астына жинады. Бүгінде бұл қозғалысты Астрономия лигасы, Тынық мұхит Астрономиялық қоғамы, Халықаралық Планетарийлер одағы басқарады. Астрономия күнін әдетте сенбі күні, ай орталанып, сәуір аяқталып, мамыр бастау алар кезде тойлайды. Бұл күні көптеген елдерде мыңдаған астрономиялық клубтар, ғылыми мұражайлар мен расытханалар, планетарийлер әртүрлі қызықты шаралар ұйымдастырып, көпшілікке дәрістер оқып, телеконференция, біріккен жобалар жасап, жұлдызды аспанды телескоптармен тамашалатады. Дүниежүзілік бауырлас қалалар күні. Дүниежүзілік бауырлас қалалар федерациясының шешімімен, жыл сайын сәуірдің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. 1943 жылы Сталинград қаласына Англияның Ковентри қаласынан хат келді. Ковентри тұрғындары 1940-1941 жылдары жау қолында қалған батыр қаланың қаһармандығына таң қалып, Сталинградпен достастық комитетін құрған екен. 1992 жылы Халықаралық «Бауырлас қалалар» қауымдастығы құрылды. Бұл ұйым ТМД ауқымындағы қалалардың байланысын дамытып қана қоймай, серіктестік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік жасайды. 2000 жылы бауырлас қалалар қауымдастығы 160-тан астам мемлекеттің 3500-ден аса қаласын біріктірді. Қазақстан Елордасы - Астанамен әлемнің 12 қаласы бауырласқан, олардың арасында - Берлин, Мәскеу, Киев, Қазан, Тбилиси, Сеул, Пенсильвания штатындағы Питсбург, Италияның Мантуя сияқты қалалар бар. 1990 жылы  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен Қазақстанның тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 1883-1939 жылдары  Алаш қозғалысының қайраткері, биология, зоология, медицина салалары бойынша студент-шәкірттерге арнап алғаш оқулық жазған әмбебап ғалым, дәрігер, фольклоршы, педагог, тілші, қоғам қайраткері, профессор, Ресей Ғылым академиясы Өлкетану бюросының корреспондент-мүшесі  Халел Досмұхамедұлы дүниеге келді. Ол Атырау облысының Қызылқоға ауданында туған. Орал әскери-шынайы училищесін,  Петербор әскери-медициналық академиясын  бітірген. Студенттік өмірі саяси толқуларға толы кезеңмен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалып­тасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті «Фикр» (Пікір), «Уральский листок» газеттеріне ма­қа­лалар жазып, саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды.

Халықаралық жастар ынтымақтастығы күні. 1955 жылы Азия мен Африка елдерінің Бандунг конференциясында шешім қабылданған күннен бастап, отаршылдыққа қарсылық білдіріп, бейбітшілікті қолдайтын жастардың халықаралық ынтымақтастығы күні ретінде атап өтіледі.

Бүкіл әлемдегі армяндардың аза тұту күні. Осман империясындағы армян геноциді шарықтау шегіне жетіп, шамамен 1,5 миллиондай армян өлтірілген. Бұл күн 1989 жылдан бастап атап өтіледі.

Халықаралық астрономия күні. Бұл мереке 1973 жылы Америкада дүниеге келіп, астрономия жанкүйерлерін «Астрономияны адамзатқа таныстырушылар» деген бір ұранның астына жинады. Бүгінде бұл қозғалысты Астрономия лигасы, Тынық мұхит Астрономиялық қоғамы, Халықаралық Планетарийлер одағы басқарады.

Астрономия күнін әдетте сенбі күні, ай орталанып, сәуір аяқталып, мамыр бастау алар кезде тойлайды. Бұл күні көптеген елдерде мыңдаған астрономиялық клубтар, ғылыми мұражайлар мен расытханалар, планетарийлер әртүрлі қызықты шаралар ұйымдастырып, көпшілікке дәрістер оқып, телеконференция, біріккен жобалар жасап, жұлдызды аспанды телескоптармен тамашалатады.

Дүниежүзілік бауырлас қалалар күні. Дүниежүзілік бауырлас қалалар федерациясының шешімімен, жыл сайын сәуірдің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. 1943 жылы Сталинград қаласына Англияның Ковентри қаласынан хат келді. Ковентри тұрғындары 1940-1941 жылдары жау қолында қалған батыр қаланың қаһармандығына таң қалып, Сталинградпен достастық комитетін құрған екен.

1992 жылы Халықаралық «Бауырлас қалалар» қауымдастығы құрылды. Бұл ұйым ТМД ауқымындағы қалалардың байланысын дамытып қана қоймай, серіктестік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік жасайды.

2000 жылы бауырлас қалалар қауымдастығы 160-тан астам мемлекеттің 3500-ден аса қаласын біріктірді.

Қазақстан Елордасы - Астанамен әлемнің 12 қаласы бауырласқан, олардың арасында - Берлин, Мәскеу, Киев, Қазан, Тбилиси, Сеул, Пенсильвания штатындағы Питсбург, Италияның Мантуя сияқты қалалар бар.

1990 жылы  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен Қазақстанның тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1883-1939 жылдары  Алаш қозғалысының қайраткері, биология, зоология, медицина салалары бойынша студент-шәкірттерге арнап алғаш оқулық жазған әмбебап ғалым, дәрігер, фольклоршы, педагог, тілші, қоғам қайраткері, профессор, Ресей Ғылым академиясы Өлкетану бюросының корреспондент-мүшесі  Халел Досмұхамедұлы дүниеге келді. Ол Атырау облысының Қызылқоға ауданында туған. Орал әскери-шынайы училищесін,  Петербор әскери-медициналық академиясын  бітірген. Студенттік өмірі саяси толқуларға толы кезеңмен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалып­тасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті «Фикр» (Пікір), «Уральский листок» газеттеріне ма­қа­лалар жазып, саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды.

Бөлісу: