23-сәуір

21 Тамыз 2013, 08:33

Бүкілдүниежүзілік кітап және автор құқығын қорғау күні. Бұл мерекені 1996 жылы ЮНЕСКО Уильям Шекспир (1564-1616), Мигель де Сервантес (1547-1616) және жазушы - тарихшы Инко Гарсиласо де ла Веганы (1539-1616) еске алу мақсатында бекітті. Бұл үш жазушыны біріктіріп тұрған олардың өмірден қайтқан күндері - 1616 жылғы сәуірдің 23-і. Қазір барлық өркениетті елдерде кітап жәрмеңкелері, көрмелер мен фестивальдар өткізіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы - Бүкілдүниежүзілік кітап күнін өткізуді ұйымдастырушылардың бірі. Түркия Республикасының ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні. Қазақстан Республикасы мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы наурыздың 2-де орнатылды. Ұлыбританияда, Канадада және Ньюфаундлендте әулие Георгий (St George's Day) күні. Әулие Георгий (туған жылы белгісіз, 304-ші жылы қайтыс болған) - танымал әулие қамқоршылардың бірі. Оның атымен байланысты ең танымал аңыздардың бірінде Ливияның Селен қаласы маңындағы өзенде тіршілік еткен айдаһармен ұрысы туралы баяндалады. Аңызға сенсек, армия жеңе алмаған айдаһарды Георгий найзасымен бір ұрып өлтірген. Бермуд аралдарында бұрыш күні. Бұл дәмдеуіш Бермуд аралдарының экономикасында үлкен рөлге ие. 2005 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасының сайлауы туралы», «Қазақстан Республикасының лицензиялау сұрақтары бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңдарына қол қойды. 2009 жылы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң Наурыз мейрамын мерекелеу күндерін наурыздың 21-нен 23-не дейін ұлғайтуды және Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуді алып тастауды көздейді. 1918-2006 жылдары Қазақстанның Халық қаһарманы, жазушы Қасым Қайсенов дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында туған. Өскемен саяси-ағарту техникумын бітірген  1939-1940 жылдары Павлодар облыстық оқу бөлімінде инспектор болған. 1940 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, арнаулы әскери мектептен өткен. Ұлы Отан соғысы жылдарында жау тылында партизандық қозғалысты ұйымдастыруға белсене қатысқан. Партизан қозғалысының алғашқы жетекшілері ретінде Закарпатья, Молдавия, Румыния, Чехословакия жерін неміс басқыншыларынан азат етуге қатысып, көптеген күрделі операцияларды жүзеге асыруға қатысқан. Қасым Қайсенов өзін өжет, тапқыр және ұйымдастыру қабілеті зор командир ретінде көрсеткен. Ол басшылық еткен отряд көптеген операцияларды сәтті жүзеге асырып, жауға соққы берген. 1945-1953 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасында, Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандық кеңестерінің атқару  комитетінде жауапты қызметте болған. 1953-1970 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында, «Жазушы», «Қайнар» баспаларында редактор, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. Ұлы Отан соғысы кезіндегі өзінің партизандық өмір жолы, қарулас достарының қаһармандық ерлік істері жайлы сыр шертетін «Жас партизандар», «Илько Витряк» «Переяслав партизандары», «Ажал аузында», «Партизан соқпақтары», т.б. әңгіме, очерк, повесть жинақтарын шығарған. Шығармалары орыс, украин, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. Көркем аударма саласында М.Муратовтың «Ломоносовтың жастық шағы», Николай Томанның «Сабылтқан сағым», Мамед Кулизаде Джалилдің «Почта жәшігі» кітаптарын қазақ тіліне тәржімалаған.

Бүкілдүниежүзілік кітап және автор құқығын қорғау күні. Бұл мерекені 1996 жылы ЮНЕСКО Уильям Шекспир (1564-1616), Мигель де Сервантес (1547-1616) және жазушы - тарихшы Инко Гарсиласо де ла Веганы (1539-1616) еске алу мақсатында бекітті. Бұл үш жазушыны біріктіріп тұрған олардың өмірден қайтқан күндері - 1616 жылғы сәуірдің 23-і.

Қазір барлық өркениетті елдерде кітап жәрмеңкелері, көрмелер мен фестивальдар өткізіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы - Бүкілдүниежүзілік кітап күнін өткізуді ұйымдастырушылардың бірі.

Түркия Республикасының ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні. Қазақстан Республикасы мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы наурыздың 2-де орнатылды.

Ұлыбританияда, Канадада және Ньюфаундлендте әулие Георгий (St George's Day) күні. Әулие Георгий (туған жылы белгісіз, 304-ші жылы қайтыс болған) - танымал әулие қамқоршылардың бірі. Оның атымен байланысты ең танымал аңыздардың бірінде Ливияның Селен қаласы маңындағы өзенде тіршілік еткен айдаһармен ұрысы туралы баяндалады. Аңызға сенсек, армия жеңе алмаған айдаһарды Георгий найзасымен бір ұрып өлтірген.

Бермуд аралдарында бұрыш күні. Бұл дәмдеуіш Бермуд аралдарының экономикасында үлкен рөлге ие.

2005 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасының сайлауы туралы», «Қазақстан Республикасының лицензиялау сұрақтары бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңдарына қол қойды.

2009 жылы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң Наурыз мейрамын мерекелеу күндерін наурыздың 21-нен 23-не дейін ұлғайтуды және Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуді алып тастауды көздейді.

1918-2006 жылдары Қазақстанның Халық қаһарманы, жазушы Қасым Қайсенов дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында туған. Өскемен саяси-ағарту техникумын бітірген  1939-1940 жылдары Павлодар облыстық оқу бөлімінде инспектор болған. 1940 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, арнаулы әскери мектептен өткен. Ұлы Отан соғысы жылдарында жау тылында партизандық қозғалысты ұйымдастыруға белсене қатысқан. Партизан қозғалысының алғашқы жетекшілері ретінде Закарпатья, Молдавия, Румыния, Чехословакия жерін неміс басқыншыларынан азат етуге қатысып, көптеген күрделі операцияларды жүзеге асыруға қатысқан. Қасым Қайсенов өзін өжет, тапқыр және ұйымдастыру қабілеті зор командир ретінде көрсеткен. Ол басшылық еткен отряд көптеген операцияларды сәтті жүзеге асырып, жауға соққы берген. 1945-1953 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасында, Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандық кеңестерінің атқару  комитетінде жауапты қызметте болған. 1953-1970 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында, «Жазушы», «Қайнар» баспаларында редактор, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. Ұлы Отан соғысы кезіндегі өзінің партизандық өмір жолы, қарулас достарының қаһармандық ерлік істері жайлы сыр шертетін «Жас партизандар», «Илько Витряк» «Переяслав партизандары», «Ажал аузында», «Партизан соқпақтары», т.б. әңгіме, очерк, повесть жинақтарын шығарған. Шығармалары орыс, украин, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. Көркем аударма саласында М.Муратовтың «Ломоносовтың жастық шағы», Николай Томанның «Сабылтқан сағым», Мамед Кулизаде Джалилдің «Почта жәшігі» кітаптарын қазақ тіліне тәржімалаған.

Бөлісу: