21 Тамыз 2013, 08:33
Бразилияның Мемлекеттік мерекесі – Тирадентес күні. Тирадентес – XVIII ғасырдағы отар Бразилияның тәуелсіздігі үшін Бразилияның алтынға бай ауданы Minas Gerais штатында отаршыларға қарсы үлкен қастандық ұйымдастырушылардың басында тұрған күрескерлердің бірі. Қастандық жасау ниеттері ашылғаннан кейін Бразилияның бостандығы үшін күрескерлер қатаң жазаланған, ал Тирадентес 1792 сәуірдің 21-де Рио-де-Жанейро алаңында дар ағашына асылған.
Пәкістанда Икбал күні. Пәкістанның рухани әкесі саналған ақын, Мұсылман лигасының президенті Мұхаммед Икбалды еске алу күні.
Халықаралық хатшылар күні . АҚШ-та 1952 жылдан бастап Халықаралық хатшылар күні аталып өтеді. Бұл күн АҚШ-та дәстүрге айналған Әкімшілік кәсіпқой қызметкерлерінің аптасы аясында өтеді.
Мейрам сәуірдің соңғы толық аптасының сейсенбісінде аталып өтеді. Қазір бұл мейрамды тек қана хатшылар ғана емес, сонымен қатар директор көмекшісі, офис-менеджерлері мен ассистенттер де, жалпы кеңсе жұмыстарымен байланысты қызметкерлер тойлайды.
Рим қаласының іргетасы қаланған күн. Б.д.д. 753 жыл- Ромулдың (Ромул мен Рем – аңызға айналған ағайынды Римнің негізін қалаушылар) Рим қаласының негізін қалаған күні саналады. Атақты тарихшы Марк Теренций Варронның жазбаларына сүйене отырып, осындай тоқтам жасалған. Римнің туған күнінде қаланың қақпасы Рим тұрғындарымен қатар, бүкіләлемнің бар түкпірінен жиналатын сан мыңдаған туристер үшін символикалық түрде ашылады. 2004 жылдан бастап «Рим құдайы» конкурсы өткізіледі. Оған Италияда тұратын немесе кезінде Рим империясының бір бөлігі болған елде тұратын 18 бен 30 жас аралығындағы конкурсанттар қатыса алады. Қыздар өн бойына римдік әйел мен ішкі жан дүние сұлулығы идеалын жинақтағанын көрсетуі қажет. Жеңімпаз сыйлық ретінде римдіктердің дәстүрлі киімін киген итальяндықтар мен шетелдіктер қатысатын дәстүрлі тарихи кортеждің басында жүру мүмкіндігіне ие болады. Барлық оқиға дәстүрлі рим музыкасы және итальян асханасымен үйлесім тауып отырады.
1925 жылы «Қазақ әйел» және «Теңдік» газеттері негізінде «Қазақстан әйелдері» қоғамдық-саяси журналы шыға бастады.
2010 жылы Алматыда Ұлттық қор нарығының операторлары арнайы баспасөз мәслихатында құнды қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушыларының Қазақстандық қауымдастығын ( KASD ) құрғанын жариялады. Қауымдастықты «БТА Секьюритис» АҚ, «Верный капитал» АҚ, «ИФД «Resmi» АҚ, «Казкоммерц Секьюритис» АҚ, «Сентрас Секьюритис» АҚ, «Тройка Диалог Казахстан», АҚ, «Halyk Finance» АҚ-дарының бастамасымен Ассоциация құрылған. KASD мүшесі болуды жоспарлайтын Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығынан, Қазақстан қор биржасы мен бағалы қағаздар орталық депозиттерінен қолдау тапқан.
Қауымдастықты құрудың мақсаты – биржалық сауда және есеп, саналы құқықтық нормаларды сақтау, өзара түсінушілік пен сенім барысында негізі салынған кәсіпшілік мінез-құлықты құнды қағаздар нарығына жоғары этикалық стандарттарды енгізу.