21 Тамыз 2013, 08:28
Плайя-Хирондағы (Куба) жеңістің жылдығы. Куба көтерілісінің жеңісінен кейін (1953-1959) АҚШ Батыстағы алғашқы социалистік көтерілісті тұншықтыру үшін барлық саяси, экономикалық және әскери құралдарды пайдалануға тырысты. Сәуірдің 19-ында американдық контрреволюционерлер толығымен талқандалды. АҚШ басына маңызды саяси залал келтіріліп, халықаралық аренада оқшау қалды, ал Куба біржолата социалистік даму жолын таңдады.
2005 жылы Өскеменде Қазақстандағы бірінші экологиялық мұражай ашылды.
1735 жылы Орынбор қаласының негізі қаланды. 1920-1925 жылдары Қазақстанның астанасы болды.
2010 жылы Түркияның маңызды экономикалық және мәдени аймағы болып табылатын Конья провинциясында Қазақстанның Құрметті консульдығы салтанатты түрде ашылды.
Салтанатты шарада сөйлеген Түркия сыртқы істер министрі А. Давутоглу осы аймақта да, бүкіл әлемдік аренада да біздің еліміз беделінің өсе түскенін атап көрсетіп, идеялық дем берушісі Елбасы Н. Назарбаев болып табылатын мемлекеттің дәл қазір түркі халықтары бірлігін нығайтуда маңызды рөл атқарып отырғанын айтты. Түркияның стратегиялық әріптесі ретінде Қазақстанмен арадағы мұндай игі істер екі халықты бұрынғыдан да жақындата түседі, деп мәлімдеді ол.
2010 жылы Қазақстанның Француз Республикасындағы Елшісі Нұрлан Дәненов француздың Лез Ансиз қаласында «УКАД» қазақстан-француз бірлескен металлургиялық кәсіпорнының іргетасын қалау рәсіміне қатысты.
Кәсіпорын титан өндірісін бірлесіп дамыту туралы Қазақстан және Франция президенттерінің арасындағы келісімге және 2008 жылдың маусым айында Өскемен титан-магний комбинаты мен француздың «Обер э Дюваль» және «ЕАДС-Эйрбас» компаниялары арасында қол қойылған келісімге сәйкес құрылып отыр.
Қазақстан-француз кәсіпорыны Францияның әуе өнеркәсібі үшін титан бөлшектерін шығаратын болады. Өндірісті 2011 жылы бастау жоспарлануда.