21 Тамыз 2013, 08:24
Қазақстанда ұлттық ғашықтар күні. 2011 жылғы қаңтарда Алматы қалалық мәдениет басқармасы, жастар саясаты басқармасы және әкімдіктің баспасөз қызметі шаралар жоспарына «Ұлттық ғашықтар күнін» енгізді. Бұл құжатқа сәйкес Ұлттық ғашықтар күні 15 сәуірде аталып өтілетін болып белгіленді. Бұрын ақпан айында аталып өтіп жүрген халықаралық ғашықтар күніне балама ретінде мерекені ұйымдастырушылар Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббаты мен сүйіспеншілігіне арналған мерекелі күнді белгіледі. 13-14 ғасырлардағы қазақ эпосы бір-біріне қосыла алмаған ғашық жас жігіт пен қыздың қайғылы махаббатын жырлайды.
АҚШ-та салық күні. Бұл американдықтардың салық төлейтін күні емес, алдағы жыл үшін айлық жалақыларынан ұсталған жалпы салық міндеттемелерін келісудің жылдық мерзімі. Дәл осы күні салық төлеушілердің 5-тен 4-і артық төлеген салықтарын қайтарып алады. Американдықтар үшін мұндай Салық күні - нағыз мереке.
Ресейдiң радиоэлектронды күрестер бойынша маманының күнi. Бұл мереке 1904 жылдың 15 сәуірінде, орыс-жапон соғысы кезінде алғашқы рет жапон кемелерінің радиохабарламарын қасақана радиобөгеттермен бөгегені анықталған кезден бастау алады. Осы тарихи жайт Ресей Қарулы Күштерінде радиоэлектронды күрестің қалыптасуының және дамуының бастаушысы болды.
Босния мен Герцеговина Республикасы әскері күні. 1992 жылдан бастап Республика әскерiнiң негiзi қаланған күнi атап өтіледі.
1925 жылы Қызылордада Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің V съезі басталды. Съезде Ахмет Байтұрсынұлының халыққа өзінің тарихи «қазақ» атын қайтару жөніндегі ұсынысы қаралып, қолдау тапты. «Қырғыз басқа, қазақ басқа екенін қазақ баласы тегіс білсе де бұл күнге шейін ештеңе демей, тымақтары салпиып келеді. Оны өткен замандардың ағымдары көтерсе де, қазіргі күнде ұлт атын жасыруды, ұлт тарихы ондай жаңсақтықты көтермейді», деп сөйлеген. Сонымен, Ахмет Байтұрсынұлының ұлт алдындағы тағы бір ұлы еңбегі - қазақты қайтадан қазақ атандырып бергені.
1929-1995 жылдары жазушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Балғабек Қыдырбекұлы дүниеге келген. Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1960-1987 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, бірінші орынбасары, бас редакторы, Қазақстан Журналистер одағы басқармасының төрағасы қызметтерін атқарды. Алғашқы фельетондар жинағы «Ешкімге айтпа» деген атпен 1962 жылы жарық көрді. «Шайтанның шатағы», «Қара сандық», «Маздаған шырақ», «Ұрының еншісі», «Ақпа құлақ», «Алатау», «Ақымақтың миы», «Түгел сөздің түбі бар», «Қым-қиғаш жылдар», «Қайран Ораз», тағы басқа кітаптары жарық көрді. Балғабек Қыдырбекұлы өз шығармаларында халық тарихын, ірі тұлғалар бейнесін сомдады. Қазыбек бек Тауасарұлының жазбалары деп саналатын қолжазбаны тауып, кітап етіп шығарды. Білікті басшы, білгір ұйымдастырушы ретінде басылым беделінің артуына лайықты үлес қосты. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі, Республика Жоғарғы Кеңесінің бірнеше дүркін депутаты болып сайланды. Оның еңбегі Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының «Алтын Самұрық-2002» арнайы сыйлығымен атап өтілді. Қаламгердің атында туған ауылы, Алматы қаласында көше және журналистикалық сыйлық бар.