14-сәуір

21 Тамыз 2013, 08:24

Бирмадағы Су фестивалі - Жаңа жыл мерекесі. Бұл күні адамдардың бір-біріне су шашу дәстүрі қалыптасқан. «Көп адамды суға малшындырсаң, соғұрлым бақытты өзіңе тартасың» деген түсінік қалыптасқан. Украинаның Ішкi iстер министрлiгi Мемлекеттiк автокөлік инспекциясының күнi. 2006 жылы  Павлодар қаласындағы №1 көркемсурет мектебіне Халықаралық ЮНЕСКО клубы мәртебесі берілді. Мұғалімдік ұжымның оқушыларда шығармашылық қабілетті дамыта білуі, халықаралық көрмелер мен байқаулардағы жас суретшілер жетістігінің нәтижесі көркемсурет мектебіне халықаралық ұйымның айрықша бағасын әкелді. 2010 жылы  Алматы Халықаралық әуежайында бизнес-джет өндірісі саласындағы дүниежүзілік көшбасшы Нawker Beechcraft Corporation компаниясы Қазақстанда өзінің бірегей әзірлемесі - Hawker 4000 ұшағын таныстырды. 10 жыл бойғы ерен еңбектің нәтижесінде Hawker Beechcraft компаниясы Hawker 4000-дің мүлдем жаңа үлгісін жасап шығарған. Бұл композициялық материалдардан жасалған super mid-size сыныбына жататын алғашқы ұшақ. Әлемге танымал Robb Report журналы бұл бизнес-джетті «2010 жылдың ұшағы» деп атап өткен еді. Hawker 4000 қауіпсіздіктің үш еселенген жүйесімен жарақтандырылған және 9 орынға есептелген. Қазақстанда ұсынылған жаңа ұшақтың құны 20 миллион АҚШ доллары шамасында. 2010 жылы  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттік интернет-порталы іске қосылды.  Аталмыш жоба еліміздегі жоғары оқу орындарындағы 20 мың студентінің басын қосып отыр. Порталда университет ішінде немесе одан тыс болып жатқан оқиғалар, түрлі мерекелік шаралар, маңызды тақырыптарда өткен дөңгелек үстелдер мен пікірсайыстар және тағы басқа мәліметтер жинақталған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті сайтта 25 Гб көлемінде өзінің Live&Edu атты жеке поштасын аша алады. Бұл құрал университет студенттеріне алыс және жақын елдердегі достарымен, ғылыми әріптестерімен online жүйесі негізінде сөйлесуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ студенттер «Форум» бөлімінде ойларын ашық айтып, кез келген сұрақтарды талқылап, қоғамдық шешім қабылдай алады. Ал Free soft бөлімінде Microsoft бірлестігінің лицензиясы бар MSDN бағдарламалық құралдарды үздік студенттердің тегін алуына жағдай жасалған. 1903-1964 жылдары  ақын, жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмақан Әбдіқадыров дүниеге келді. Ол Қызылорда облысында туған. «Еңбекші қазақ» газетінде, Қазақстан Жазушылар одағында, Жамбыл мұражайында қызмет атқарған. Ақынның алғашқы өлеңі «Сырдария» деген атпен 1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде жарық көрген. Осыдан бастап өлең-жырлары, әңгімелері республикалық газет-журналдарда жиі басылған. Оның «Екпін», «Шахтер», «Май» атты өлеңдер жинағы, «Сәтбаев», «Келес қызы», «Қажымұқан», «Мақташы қыз» атты прозалық кітаптары жарық көрген. Жазушының «Қажымұқан» повесінде қазақ халқының атақты палуаны, классикалық күрестің дүниежүзілік чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмір жолы қызықты да тартымды баяндалған. Сондай-ақ ол балалар әдебиетінің өркендеуіне де үлес қосып, «Өміртайдың ауылы», «Тапқыш», «Тәтті қауын», «Амантай», «Алатаудың бауыры» атты өлеңдер мен әңгімелерін жазған. Көркем аударма саласында шығыс классикасы «Мың бір түнді», шығыс шайырлары Әлішер Науаидың, Фирдоусидің, қырғыз ақыны А.Тоқамбаевтың шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған.

Бирмадағы Су фестивалі - Жаңа жыл мерекесі. Бұл күні адамдардың бір-біріне су шашу дәстүрі қалыптасқан. «Көп адамды суға малшындырсаң, соғұрлым бақытты өзіңе тартасың» деген түсінік қалыптасқан.

Украинаның Ішкi iстер министрлiгi Мемлекеттiк автокөлік инспекциясының күнi.

2006 жылы  Павлодар қаласындағы №1 көркемсурет мектебіне Халықаралық ЮНЕСКО клубы мәртебесі берілді. Мұғалімдік ұжымның оқушыларда шығармашылық қабілетті дамыта білуі, халықаралық көрмелер мен байқаулардағы жас суретшілер жетістігінің нәтижесі көркемсурет мектебіне халықаралық ұйымның айрықша бағасын әкелді.

2010 жылы  Алматы Халықаралық әуежайында бизнес-джет өндірісі саласындағы дүниежүзілік көшбасшы Нawker Beechcraft Corporation компаниясы Қазақстанда өзінің бірегей әзірлемесі - Hawker 4000 ұшағын таныстырды. 10 жыл бойғы ерен еңбектің нәтижесінде Hawker Beechcraft компаниясы Hawker 4000-дің мүлдем жаңа үлгісін жасап шығарған. Бұл композициялық материалдардан жасалған super mid-size сыныбына жататын алғашқы ұшақ. Әлемге танымал Robb Report журналы бұл бизнес-джетті «2010 жылдың ұшағы» деп атап өткен еді. Hawker 4000 қауіпсіздіктің үш еселенген жүйесімен жарақтандырылған және 9 орынға есептелген. Қазақстанда ұсынылған жаңа ұшақтың құны 20 миллион АҚШ доллары шамасында.

2010 жылы  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттік интернет-порталы іске қосылды.  Аталмыш жоба еліміздегі жоғары оқу орындарындағы 20 мың студентінің басын қосып отыр.

Порталда университет ішінде немесе одан тыс болып жатқан оқиғалар, түрлі мерекелік шаралар, маңызды тақырыптарда өткен дөңгелек үстелдер мен пікірсайыстар және тағы басқа мәліметтер жинақталған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті сайтта 25 Гб көлемінде өзінің Live&Edu атты жеке поштасын аша алады. Бұл құрал университет студенттеріне алыс және жақын елдердегі достарымен, ғылыми әріптестерімен online жүйесі негізінде сөйлесуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ студенттер «Форум» бөлімінде ойларын ашық айтып, кез келген сұрақтарды талқылап, қоғамдық шешім қабылдай алады. Ал Free soft бөлімінде Microsoft бірлестігінің лицензиясы бар MSDN бағдарламалық құралдарды үздік студенттердің тегін алуына жағдай жасалған.

1903-1964 жылдары  ақын, жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмақан Әбдіқадыров дүниеге келді. Ол Қызылорда облысында туған. «Еңбекші қазақ» газетінде, Қазақстан Жазушылар одағында, Жамбыл мұражайында қызмет атқарған. Ақынның алғашқы өлеңі «Сырдария» деген атпен 1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде жарық көрген. Осыдан бастап өлең-жырлары, әңгімелері республикалық газет-журналдарда жиі басылған. Оның «Екпін», «Шахтер», «Май» атты өлеңдер жинағы, «Сәтбаев», «Келес қызы», «Қажымұқан», «Мақташы қыз» атты прозалық кітаптары жарық көрген. Жазушының «Қажымұқан» повесінде қазақ халқының атақты палуаны, классикалық күрестің дүниежүзілік чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмір жолы қызықты да тартымды баяндалған. Сондай-ақ ол балалар әдебиетінің өркендеуіне де үлес қосып, «Өміртайдың ауылы», «Тапқыш», «Тәтті қауын», «Амантай», «Алатаудың бауыры» атты өлеңдер мен әңгімелерін жазған. Көркем аударма саласында шығыс классикасы «Мың бір түнді», шығыс шайырлары Әлішер Науаидың, Фирдоусидің, қырғыз ақыны А.Тоқамбаевтың шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған.

Бөлісу: