11-сәуір

21 Тамыз 2013, 08:23

Халықаралық фашистік концлагерьлер тұтқындарын босату күні. 1945 жылғы сәуірдің 11-інде Бухенвальд концлагерінің астыртын комитеті қарулы көтеріліс ұйымдастырып, тұтқындар азаттық алды. Сол кезден бастап барлық елде Халықаралық фашистік концлагерьлердегі тұтқындарды босату күні атап өтіледі. Уганда Республикасының бостандық күні. Уганда - Африканың шығысында орналасқан мемлекет. Астанасы - Кампала қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - уганда шиллингі. Мемлекеттік құрылысы - әскери тәртіп. Мемлекет басшысы - президент. 1867 жылы  Верный бекінісіне қала мәртебесі беріліп, Түркістан генерал-губернаторлығының құрамындағы Жетісу облысының әкімшілік орталығы болды. 1992 жылы Қарақалпақстанда «Достық туы» газеті қазақ тілінде жарық көрді. 1997 жылы  Оралда «Жайық пен Оралдың қазақтары» атты қоғамдық бірлестік құрылды. 2007 жылы  «Тұран-профи» халықаралық кәсіптік академиясында кәсіпкерлерді ақпараттық технологиялар саласында оқытуға арналған Ақпараттық технологиялар орталығы ашылды. Аталған орталық «ЭксонМобилҚазақстан» компаниясының қаржылық демеушілігімен және Астана қаласы Салық комитетінің қолдауымен құрылды. Онда кәсіпкерлер компьютерде жұмыс істеу біліктілігін арттырып, бірқатар арнайы бағдарламаларды меңгере алады. Шағын және орта бизнес субъектілері ретінде тіркелген кәсіпкерлер «Компьютерлік сауаттылық», «Бухгалтериялық есеп», «1С: Бухгалтерия», «Салық есебінің электронды формалары», «Салық пен құқық» курстарынан өтеді. 2006 жылы  Ақтауда «Маңғыстау экологиясы - студенттердің көзімен» жинағы жарық көрді. Бұл кітапқа өткен жылдың қараша айында Ақтауда өткен экология жөніндегі бірінші облыстық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жинаққа Маңғыстау облысының, Каспий теңізінің табиғатын қорғау, техногендік әсер етулердің салдарынан топырақ қабатының ластануы сияқты өзекті проблемаларға арналған маңғыстаулық студенттердің қазақ және орыс тілдеріндегі 30-дан астам баяндамасы кіріп отыр. Сондай-ақ, қоршаған ортаға антропогендік әсер етулер мен аймақтың экологиялық жағдайын жақсартудың жолдарына қысқаша талдама берілген. Бұл туындының жарыққа шығуына Маңғыстау облысында экологиялық білімді үйлестіру жөніндегі ғылыми кеңес пен облыстық табиғат басқармасы ұйытқы болды. 2006 жылы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң электроэнергетика саласындағы концессиялық қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Халықаралық фашистік концлагерьлер тұтқындарын босату күні. 1945 жылғы сәуірдің 11-інде Бухенвальд концлагерінің астыртын комитеті қарулы көтеріліс ұйымдастырып, тұтқындар азаттық алды. Сол кезден бастап барлық елде Халықаралық фашистік концлагерьлердегі тұтқындарды босату күні атап өтіледі.

Уганда Республикасының бостандық күні. Уганда - Африканың шығысында орналасқан мемлекет. Астанасы - Кампала қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - уганда шиллингі. Мемлекеттік құрылысы - әскери тәртіп. Мемлекет басшысы - президент.

1867 жылы  Верный бекінісіне қала мәртебесі беріліп, Түркістан генерал-губернаторлығының құрамындағы Жетісу облысының әкімшілік орталығы болды.

1992 жылы Қарақалпақстанда «Достық туы» газеті қазақ тілінде жарық көрді.

1997 жылы  Оралда «Жайық пен Оралдың қазақтары» атты қоғамдық бірлестік құрылды.

2007 жылы  «Тұран-профи» халықаралық кәсіптік академиясында кәсіпкерлерді ақпараттық технологиялар саласында оқытуға арналған Ақпараттық технологиялар орталығы ашылды. Аталған орталық «ЭксонМобилҚазақстан» компаниясының қаржылық демеушілігімен және Астана қаласы Салық комитетінің қолдауымен құрылды. Онда кәсіпкерлер компьютерде жұмыс істеу біліктілігін арттырып, бірқатар арнайы бағдарламаларды меңгере алады. Шағын және орта бизнес субъектілері ретінде тіркелген кәсіпкерлер «Компьютерлік сауаттылық», «Бухгалтериялық есеп», «1С: Бухгалтерия», «Салық есебінің электронды формалары», «Салық пен құқық» курстарынан өтеді.

2006 жылы  Ақтауда «Маңғыстау экологиясы - студенттердің көзімен» жинағы жарық көрді. Бұл кітапқа өткен жылдың қараша айында Ақтауда өткен экология жөніндегі бірінші облыстық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жинаққа Маңғыстау облысының, Каспий теңізінің табиғатын қорғау, техногендік әсер етулердің салдарынан топырақ қабатының ластануы сияқты өзекті проблемаларға арналған маңғыстаулық студенттердің қазақ және орыс тілдеріндегі 30-дан астам баяндамасы кіріп отыр. Сондай-ақ, қоршаған ортаға антропогендік әсер етулер мен аймақтың экологиялық жағдайын жақсартудың жолдарына қысқаша талдама берілген. Бұл туындының жарыққа шығуына Маңғыстау облысында экологиялық білімді үйлестіру жөніндегі ғылыми кеңес пен облыстық табиғат басқармасы ұйытқы болды.

2006 жылы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң электроэнергетика саласындағы концессиялық қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бөлісу: