7-сәуір

21 Тамыз 2013, 08:20

Бүкіләлемдік денсаулық күні. 1948 жылдан бастап, Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) құрылған күніне орай атап өтіледі. БДҰ жыл сайын бұл мерекені медицинаның өзекті мәселелеріне арнап отырады. Фашизм құрбаны болған еврейлерді еске алудың халықаралық күні. Арменияның Ұлттық мейрамы – Аналық және сұлулық күні. 1996 жылдан бастап атап өтіледі. 2005 жылы  «Қазпошта» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік таңбаларды пошталық төлемге енгізді. Бұл «Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылдануына 10 жыл» номиналы бір, екі, үш, сегіз, он теңге, және «А» литерасымен (Қазақстан Республикасының аумағындағы жер бетіндегі көлікпен 20 гр дейін жай хатты жіберу тарифының номиналы) номиналы 50 және 65 теңге стандартты пошта маркалары. Безендірушісі – Игорь Макиенко. 1935 жылы ақын, жазушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Зұлқарнай Сағиұлы  дүниеге келді.  Ол Қарақалпақстан Тақтакөпір ауданында туған. Қарақалпақ мемлекеттік педагогика институтын бітірген. 1957-1960 жылдары – «Совет Қарақалпақстаны» газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі. 1960-1968 жылдары – Қызылорда облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы»), «Путь Ленина» газеттерінде меншікті тілші, бөлім меңгерушісі Қазақ радиосының Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі. 1968-1974 жылдары – Қызылорда облысындағы ҚазТАГ («Қазақпарат» АҚ) тілшісі. 1974-1991 жылдары -  «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің аға тілшісі, жауапты хатшысының орынбасары, бөлім меңгерушісі, «Ақиқат» журналының аға әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі. 1992-1994 жылдары – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің аға референті «Мұраттас» баспасының бас редакторы . 1994-1996 жылдары – «Санат» баспасының аға редакторы, «Жеті жарғы» баспасы бас редакторының орынбасары, «Әділет министрлігінің хабаршысы» журналының бас редакторы. 1996-1998 жылдары «Қазақ энциклопедиясының» жетекші маманы, «Денсаулық» журналының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Х.Байранұқованың, Г.Марковтың шығармаларын, Б.Брехтің, А.Володиннің, Э.Де Филиппоның пьесаларын, В.Короленко, О.Гончар, Ю.Казаков, Ю.Рытхеу, Я.Кросс, Ц.Дамдинсурэн, И.Минэскурта, Р.Салури, В.Далан әңгімелерін, «Соттар мен судьялар туралы хикаялар» жинағын, Б.Ривкиннің монографиясын, тағы да көптеген шетелдік жазушылардың кітаптарын қазақ тіліне тәржімалаған.

Бүкіләлемдік денсаулық күні. 1948 жылдан бастап, Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) құрылған күніне орай атап өтіледі. БДҰ жыл сайын бұл мерекені медицинаның өзекті мәселелеріне арнап отырады.

Фашизм құрбаны болған еврейлерді еске алудың халықаралық күні. Арменияның Ұлттық мейрамы – Аналық және сұлулық күні. 1996 жылдан бастап атап өтіледі.

2005 жылы  «Қазпошта» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік таңбаларды пошталық төлемге енгізді.

Бұл «Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылдануына 10 жыл» номиналы бір, екі, үш, сегіз, он теңге, және «А» литерасымен (Қазақстан Республикасының аумағындағы жер бетіндегі көлікпен 20 гр дейін жай хатты жіберу тарифының номиналы) номиналы 50 және 65 теңге стандартты пошта маркалары. Безендірушісі – Игорь Макиенко.

1935 жылы ақын, жазушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Зұлқарнай Сағиұлы  дүниеге келді.  Ол Қарақалпақстан Тақтакөпір ауданында туған. Қарақалпақ мемлекеттік педагогика институтын бітірген.

1957-1960 жылдары – «Совет Қарақалпақстаны» газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі. 1960-1968 жылдары – Қызылорда облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы»), «Путь Ленина» газеттерінде меншікті тілші, бөлім меңгерушісі Қазақ радиосының Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі. 1968-1974 жылдары – Қызылорда облысындағы ҚазТАГ («Қазақпарат» АҚ) тілшісі. 1974-1991 жылдары -  «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің аға тілшісі, жауапты хатшысының орынбасары, бөлім меңгерушісі, «Ақиқат» журналының аға әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі. 1992-1994 жылдары – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің аға референті «Мұраттас» баспасының бас редакторы . 1994-1996 жылдары – «Санат» баспасының аға редакторы, «Жеті жарғы» баспасы бас редакторының орынбасары, «Әділет министрлігінің хабаршысы» журналының бас редакторы. 1996-1998 жылдары «Қазақ энциклопедиясының» жетекші маманы, «Денсаулық» журналының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Х.Байранұқованың, Г.Марковтың шығармаларын, Б.Брехтің, А.Володиннің, Э.Де Филиппоның пьесаларын, В.Короленко, О.Гончар, Ю.Казаков, Ю.Рытхеу, Я.Кросс, Ц.Дамдинсурэн, И.Минэскурта, Р.Салури, В.Далан әңгімелерін, «Соттар мен судьялар туралы хикаялар» жинағын, Б.Ривкиннің монографиясын, тағы да көптеген шетелдік жазушылардың кітаптарын қазақ тіліне тәржімалаған.

Бөлісу: