5-сәуір

21 Тамыз 2013, 08:10

Көші-қон полициясы күні. 1993 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасында болған өзгерістерге байланысты уақыт талабына сәйкес төлқұжаттық-визалық қызмет қайта құрылды. Соның негізінде көші-қон полициясы құрылды. Қызмет құрылымы, міндеттері өзгерді. Қазақстанға келетін шетел азаматтары санының өсуіне байланысты олардың болу тәртібін реттеу қажеттілігі туындады. Президент Жарлығы бойынша тарихи отаны Қазақстанға қоныс аударушыларға айрықша көңіл бөлінді. Заңсыз көші-қонмен, Қазақстанға шетел азаматтарының келу фактілерінің бұзылуымен күресу үшін 2002 жылдың сәуір айында «Рубеж» бірыңғай бөгеу жүйесі взводы құрылды. 1920 жылы Бурабай курорты ашылды. «Бурабай» – Ақмола облысының Щучье ауданындағы қымызбен емдейтін республикалық маңызы бар курорт. Щучинск қаласынан 20 км жерде, Бурабай көлінің жағасында орналасқан. Көкше тауы (абсолюттік биіктігі 947 м) солтүстіктен соғатын өкпек желге тосқауыл болады, оның баурайында қарағайлы, қайың аралас ормандар өскен. Қарағайлы орман ішінде екі санаторий (екеуі де «Бурабай» деп аталады) орналасқан: біреуінде ересек адамдар, екіншісінде балалар емделеді. Екеуі де жыл бойы жұмыс істейді. 1995 жылы баспасөзде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қылмыспен және жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық кеңес құру туралы Жарлығы жарық көрді. 2006 жылы  Оралда «Татар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жанынан «Ақ қалфақ» әйелдер клубы ашылды. Татар мәдени орталығы төрағасының орынбасары Светлана Тенишеваның айтуынша, клубтың басты мақсаты ? қыз-келіншектер арасында ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау. Орталықтың байырғы мүшесі Рауза Ахмедгалиева жетекшілік ететін клубтың бағдарламасы, іс-жоспары жасалып, мұнда қолөнер, ұлттық тағамдарды даярлау, ән-би және басқа үйірмелер жұмыс жасай бастады. 2006 жылы Алматыда «Халық қаһарманы», КСРО халық әртісі Роза Бағланованың шығармашылығына арналған «АҺ, Самара-қалашық» атты деректі фильм түсірілді. Фильмнің таныстырылымы басты кейіпкердің қатысуымен сәуірдің 7-і күні «Цезарь» кинотеатрында өтті. Р.Бағланованың қазақ өнерін дамытуға қосқан үлесі және оның әні мен үні ел халқының құлағында, көз алдында. Әсіресе, аға ұрпақ оның майдан даласында, оқ пен оттың ортасында тұрып ән салғанын әрдайым еске алады. Демек, бұл - Р. Бағланованың шығармашылығына деген құрметтен туған фильм. Картинада әншінің өміріне қатысты мұрағаттық материалдар мен тарихи бейнетаспалар пайдаланылған. Сондай-ақ мұнда оның өнердегі серіктестері Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Майя Плисецкаяның лебіздері таспаға басылған. Деректі фильм «MG PRODUCTION» продюсерлік орталығының бастамасы бойынша «Қазақстандағы аты алтынмен жазылатын тұлғалар» сериясы негізінде түсірілген. «MG PRODUCTION» продюсерлік орталығы «Алтын күйтабақ» шығарып, өнер мен мәдениетті өркендетуге қатысты бірқатар игі жобаларды қолға алып келеді.

Көші-қон полициясы күні. 1993 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасында болған өзгерістерге байланысты уақыт талабына сәйкес төлқұжаттық-визалық қызмет қайта құрылды. Соның негізінде көші-қон полициясы құрылды. Қызмет құрылымы, міндеттері өзгерді. Қазақстанға келетін шетел азаматтары санының өсуіне байланысты олардың болу тәртібін реттеу қажеттілігі туындады. Президент Жарлығы бойынша тарихи отаны Қазақстанға қоныс аударушыларға айрықша көңіл бөлінді.

Заңсыз көші-қонмен, Қазақстанға шетел азаматтарының келу фактілерінің бұзылуымен күресу үшін 2002 жылдың сәуір айында «Рубеж» бірыңғай бөгеу жүйесі взводы құрылды.

1920 жылы Бурабай курорты ашылды. «Бурабай» – Ақмола облысының Щучье ауданындағы қымызбен емдейтін республикалық маңызы бар курорт. Щучинск қаласынан 20 км жерде, Бурабай көлінің жағасында орналасқан. Көкше тауы (абсолюттік биіктігі 947 м) солтүстіктен соғатын өкпек желге тосқауыл болады, оның баурайында қарағайлы, қайың аралас ормандар өскен. Қарағайлы орман ішінде екі санаторий (екеуі де «Бурабай» деп аталады) орналасқан: біреуінде ересек адамдар, екіншісінде балалар емделеді. Екеуі де жыл бойы жұмыс істейді.

1995 жылы баспасөзде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қылмыспен және жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық кеңес құру туралы Жарлығы жарық көрді.

2006 жылы  Оралда «Татар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жанынан «Ақ қалфақ» әйелдер клубы ашылды. Татар мәдени орталығы төрағасының орынбасары Светлана Тенишеваның айтуынша, клубтың басты мақсаты ? қыз-келіншектер арасында ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау. Орталықтың байырғы мүшесі Рауза Ахмедгалиева жетекшілік ететін клубтың бағдарламасы, іс-жоспары жасалып, мұнда қолөнер, ұлттық тағамдарды даярлау, ән-би және басқа үйірмелер жұмыс жасай бастады.

2006 жылы Алматыда «Халық қаһарманы», КСРО халық әртісі Роза Бағланованың шығармашылығына арналған «АҺ, Самара-қалашық» атты деректі фильм түсірілді. Фильмнің таныстырылымы басты кейіпкердің қатысуымен сәуірдің 7-і күні «Цезарь» кинотеатрында өтті. Р.Бағланованың қазақ өнерін дамытуға қосқан үлесі және оның әні мен үні ел халқының құлағында, көз алдында. Әсіресе, аға ұрпақ оның майдан даласында, оқ пен оттың ортасында тұрып ән салғанын әрдайым еске алады. Демек, бұл - Р. Бағланованың шығармашылығына деген құрметтен туған фильм. Картинада әншінің өміріне қатысты мұрағаттық материалдар мен тарихи бейнетаспалар пайдаланылған. Сондай-ақ мұнда оның өнердегі серіктестері Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Майя Плисецкаяның лебіздері таспаға басылған. Деректі фильм «MG PRODUCTION» продюсерлік орталығының бастамасы бойынша «Қазақстандағы аты алтынмен жазылатын тұлғалар» сериясы негізінде түсірілген. «MG PRODUCTION» продюсерлік орталығы «Алтын күйтабақ» шығарып, өнер мен мәдениетті өркендетуге қатысты бірқатар игі жобаларды қолға алып келеді.

Бөлісу: