31-наурыз

21 Тамыз 2013, 08:08

Әзербайжанда геноцид құрбандарын еске алу күні. Әзербайжан Республикасы бұл күнді 1998 жылдан бастап мемлекеттік деңгейде атап өтеді. Бұл күнде әзірбайжан сарбаздарын еске алады. Еке алу күні жылда мемлекет деңгейінде өткізіледі. Мальта Республикасының ұлттық мейрамы - Бостандық күні. 160 жыл Британия отары болған Мальта 1979 жылы  азаттық алды. Бұл мерекеге орай Мальтада әскери ескерткіш алдында салтанатты рәсім өткізіледі, содан кейін Үлкен айлақта дәстүрлі қайықтар жарысын ұйымдастырады.  Бүгінгі Мальта - демократиялық республика. Астанасы - Валетта, мемлекеттік тілі - мальта тілі, бірақ ағылшын, итальян тілдері де кеңінен қолданылады.  Мальта - тарихи, сәулет ескерткіштеріне, діни шіркеулерге  бай ел. Табиғаты да тамаша. Ауасы таза. Осыған қызыққан туристер бұл елге ағылып жатады. Қазақстан Республикасы мен Мальта Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы ақпанның 4-де орнатылды. Мальта Республикасының Қазақстандағы елшісі - Джозеф Кассара. 2006 жылы  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жанынан Қоғамдық сарапшылар палатасы құрылды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қоғамдық сарапшылар палатасы құрылған. Сарапшылар палатасы заң шығару үдерісін жетілдіру, азаматтық қоғам институты мен депутаттар арасындағы диалогты одан әрі дамыту, сондай-ақ Парламент қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында құрылып отыр. Палатаның негізгі міндеттері - әлеуметтік саланы жаңғырту мәселелері жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік- құқықтық актілердің жобаларына сараптама жасау, әзірленіп, қаралып жатқан заң жобалары бойынша ұсыныстар дайындау. 1995 жылы  Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік Реабилитациялық банкі» туралы Қаулысы шықты. 2005 жылы Грузия Президенті Михаил Саакашвилидің Қазақстанға мемлекеттік сапары кезіндегі келіссөздердің нәтижесінде бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.  Олар «Азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы» шарттың хаттамасы және «Лаңкестікке, есірткіге және есірткі заттары мен прекурсорлардың заңсыз айналысына, ұйымдасқан және басқа да қылмыс түрлеріне қарсы» келісімі. Сондай-ақ Ақтау мен Поти айлақтары, Астана мен Тбилиси қалалары арасында бауырластық байланыстар орнату туралы екі мазмұндамаға қол қойылды.

Әзербайжанда геноцид құрбандарын еске алу күні. Әзербайжан Республикасы бұл күнді 1998 жылдан бастап мемлекеттік деңгейде атап өтеді. Бұл күнде әзірбайжан сарбаздарын еске алады. Еке алу күні жылда мемлекет деңгейінде өткізіледі.

Мальта Республикасының ұлттық мейрамы - Бостандық күні. 160 жыл Британия отары болған Мальта 1979 жылы  азаттық алды. Бұл мерекеге орай Мальтада әскери ескерткіш алдында салтанатты рәсім өткізіледі, содан кейін Үлкен айлақта дәстүрлі қайықтар жарысын ұйымдастырады. 

Бүгінгі Мальта - демократиялық республика. Астанасы - Валетта, мемлекеттік тілі - мальта тілі, бірақ ағылшын, итальян тілдері де кеңінен қолданылады.  Мальта - тарихи, сәулет ескерткіштеріне, діни шіркеулерге  бай ел. Табиғаты да тамаша. Ауасы таза. Осыған қызыққан туристер бұл елге ағылып жатады.

Қазақстан Республикасы мен Мальта Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы ақпанның 4-де орнатылды. Мальта Республикасының Қазақстандағы елшісі - Джозеф Кассара.

2006 жылы  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жанынан Қоғамдық сарапшылар палатасы құрылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қоғамдық сарапшылар палатасы құрылған. Сарапшылар палатасы заң шығару үдерісін жетілдіру, азаматтық қоғам институты мен депутаттар арасындағы диалогты одан әрі дамыту, сондай-ақ Парламент қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында құрылып отыр. Палатаның негізгі міндеттері - әлеуметтік саланы жаңғырту мәселелері жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік- құқықтық актілердің жобаларына сараптама жасау, әзірленіп, қаралып жатқан заң жобалары бойынша ұсыныстар дайындау.

1995 жылы  Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік Реабилитациялық банкі» туралы Қаулысы шықты.

2005 жылы Грузия Президенті Михаил Саакашвилидің Қазақстанға мемлекеттік сапары кезіндегі келіссөздердің нәтижесінде бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.  Олар «Азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы» шарттың хаттамасы және «Лаңкестікке, есірткіге және есірткі заттары мен прекурсорлардың заңсыз айналысына, ұйымдасқан және басқа да қылмыс түрлеріне қарсы» келісімі. Сондай-ақ Ақтау мен Поти айлақтары, Астана мен Тбилиси қалалары арасында бауырластық байланыстар орнату туралы екі мазмұндамаға қол қойылды.

Бөлісу: