21 Тамыз 2013, 08:05
Жерді қорғау күні. Израиль басып алған аумақтан қуылған араб тұрғындарын және 1976 жылы араб жерлерін күштеп тартып алуға қарсы шеруге қатысып, Израиль полициясынан зардап шеккен азаматтарды еске алу мақсатында жыл сайын атап өтіледі. Аталған атаулы күн 1976 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
АҚШ-та дәрігер күні. 1842 жылы дәрігер Крауфорд Лонг анезтезияны алғаш рет пайдаланған күннің жылдық мерекесіне арналып аталып өтеді. Ақ жаулықтыларға арналған мереке Америқа Құрама Штаттарында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
1993 жылы италяндық «Экос» журналы Қазақстанға арналған арнаулы санын шығарды. Басылым қазақ, орыс, итальян, ағылшын тілдерінде жарық көрді. Онда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың сұхбаты берілген.
2001 жылы «Болашақ» ҚР Президентінің халықаралық стипендиясы түлектерінің қауымдастығы» құрылды.
2001 жылға қарай барлық стипендия түлектерін топтастыратын және олардың мәселелерін шешетін, әр түрлі қоғамдық институттарда олардың мүдделерін ұсынатын, сонымен бірге болашақтықтардың күш-жігерін маңызды қоғамдық мәселелерді талқылауға және шешуге бағыттайтын ұйымды құру қажеттiлiгі туындады. Сондықтан әкімшілік ғылымдардың немістің жоғарғы мектебінің түлегі (осы уақытта-Қазақстан Республикасының Премьер-министр кеңесінің жетекшісі) Әбдірақымов Ғабидолланың басшылығымен және стипендиаттардың ынталы тобының күштерiмен 2001 жылдың 30 наурызында «Қазақстан Республикасының Президентінің Халықаралық стипендия түлектерінің Қауымдастығы» атты қоғамдық ұйым құрылды.Ұйым болашақтықтардың мүдделері мен құқықтарын қорғап, оларды біртұтас қанаттың астына топтастырып және нығайтуды өз жауапкершiлiгiне алды. «Қазақстан-2030» стратегиясын iске асыру, мамандардың сабақтастығын қамтамасыз ету, бұрынғы дәстүрлерді сақтай отырып жасампаздық пен жаңашылдыққа жол ашу - ұйым жұмысның негізгі қағидалары болып табылады.
2007 жылы Павлодарда «Серпін» жастар газетінің қазақ тілінде алғашқы саны жарық көрді.
Өздерінің қатарына бозбалалар мен қыздарды топтастырған «Ұлан» жастар ұйымының бастауымен құрылған бұл газет мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті үйренуді насихаттайды.
Газеттің басты бағыттарының бірі – жас ұрпақты отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу. Тиражы екі мың дана болып, айына екі рет шығады.
2010 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының жанынан Қазақстанның Тұрақты өкілдігі ашылды.
Бұл қадам біздің еліміздің әлемнің 57 мемлекетінің басын қосып отырған осынау беделді халықаралық бірлестікпен өзара қарым-қатынасын нығайтуға бағытталып отыр.