21 Тамыз 2013, 08:04
Халықаралық театр күні. 1962 жылдан бастап жыл сайын атап өтілетін бұл атаулы күнді 1961 жылы ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық театр институтының Венада өткен 9-ші конгресі бекіткен болатын. Сол күннен бастап бұл күнді дүниежүзі тойлап келеді. Бұл күн біздің ел үшін де маңызы жоғары мерекелрдің бірі болып есептелінеді.
Ресей ІІМ Ішкі әскерлері күні. Бұл күнді Ресей ІІМ-нің қызметкері тойлайды. Мерекелік іс-шара ұйымдастылады.
1992 жылы «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры құрылды. Қорды құрушы және жетекшісі Қазақстанның бірінші ханымы – Сара Алпысқызы Назарбаева. Қор президенті 1992 жылы С.Назарбаеваның ұйымдастыруымен “Бөбек” балалар қайырымдылық қоры болып құрылды. Қызметінің басты мақсаты ана мен баланы қорғау, нәрестелер мен балалар үйлерін қамқорлыққа алу, мектептерді қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз ету, тұрмыс дәрежесі төмен отбасынан шыққан дарынды балаларға қолдау көрсетумен балалар денсаулығын сақтау ісіне жәрдемдесу. Қор 1992 жылы Қазақстанда “Қуаныш пен Үміт үйі” аталатын тұңғыш халықаралық телемарафон өткізді, одан түскен қаржы “Бөбек” балаларды емдеу-сауықтыру орталығының (Алматы) құрылысына жұмсалды. Қор бүгінге дейін түрлі жәрдемдесу мақсатында құрылған іс-шараларды өткізіп келеді. Түскен ақша жағдайы ашар отбасылар мен науқас балаларды емдеуге беріледі.
2003 жылы Батыс Қазақстан облыстық жастар қауымдастығы құрылды. Бүгінгі таңда оның құрамына 26 жастар ұйымы кіреді. Олар жастар арасында түрлі жарыстар ұйымдастырып, жастарды саламатты өмір салтын сақтауға, Отанына адал болуға шықырады. Сол үшін де бүгінде көптеген жұмыстар атқарып келеді.
1930 жылы Жетісудың Лепсі, Ақсу аймағы қазақтарының Кеңес өкіметінің ұжымдастыру саясатына карсы көтерілісі болды. Олардың қатары ресми деректерде 1000 адамға дейін жеткен. Көтерілісті Егеубек Жанбайұлы, Қалдыбай Қылиұлы және Ғали Сатырбайұлы басқарды. 27 наурыз күні көтерілісшілер Ақсу елді мекенін басып алып, мемлекеттік мекемелерді өртеді, телеграф бағаналарын қиратты. ОГПУ органдары көтерілісті басу үшін 25 адамдық жасақ аттандырды. Қару-жарағы жеткіліксіз көтерілісшілер өкімет әскерімен қақтығыста ойсырай жеңіліп, Балкаш қаласы маңындағы Жаман Жамал, Күшікжан секілді бұйрат-құм шоғырларын, жыңғылды мекендерді тасалап жүрді. Көтерілісшілердің соңдарына түскен атты әскер оларды құм ішінде қырғынға ұшыратты.