25-наурыз

21 Тамыз 2013, 08:04

1928 жылы  Қызылордада «Ленинская смена» атты жастар газетінің (қазіргі «Экспресс-К» республикалық газеті) алғашқы саны жарық көрді. 1947 жылы  Өскемен мырыш зауыты іске қосылды. 2006 жылы  Қазақстан мен Үндістанның әскери альпинистер тобы Ладакхедегі 7140 метрлік Нун шыңына көтерілді. Бұл екі елдің шыңға өрмелеушілерінің бірлесіп жасаған алғашқы шарасы. 34 адамнан тұратын аталмыш экспедицияға Үндістан Қарулы Күштерінің подполковнигі А.Гот жетекшілік жасады. Оған Қазақстаннан аға лейтенант Тахир Алпысов пен Рүстам Жорабаев және сержант Юрий Горбунов, Сергей Самойлов, Александр Рудаков пен Дмитрий Чумаков қатысты. 1937 жылы  Алматыда қалалық хайуанаттар бағы ашылды. Бүгінгі күні хайуанаттар бағында 3 мыңнан астам жануарлар мен құстардың 500 түрі бар. Ол қала қонақтары мен тұрғындарының демалатын және көз тартатын орындарының біріне айналды. 1970 жылы  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президумының Жарлығымен Қостанай облыстық атқару комитетінің әділет бөлімі құрылды. Бірінші бастығы болып Ертай Делмағамбетұлы Баймұхамбетов тағайындалды. 2001 жылы  Астанада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа Венгрия мен Қырғызстанның Төтенше және Өкілетті елшілері Миклош Яцкович пен Жұмағұл Сааданбеков сенім грамоталарын табыс етті. 2005 жылы  Алматыда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Ресейдің, Шығыс Еуропаның және Орталық Азияның, Қытай Халық Республикасының қоғамдық ғылымдар Академиясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары достастық мемлекеттер арасындағы сауда және қаржы-экономикалық қарым-қатынасты кеңейту болып табылады. Зерттеу орталықтары мамандар арасындағы біріккен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр, олар кездесулер аясында жүріп жатқан ғылыми шаралар туралы ақпарат алмастыра алады. 2005 жылы  Шымкент археологтары Оңтүстік Қазақстанның Ордабасы ауданында көне жазба ескерткіштерінің бөлшектерін тапты. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жәдігерлер біздің дәуіріміздегі І-VI ғасырлардан жетіп отыр. Сол дәуірде Ежелгі Шығыс мемлекеттерінде қыш тақталарға жазу тәсілі кеңінен тараған. «Мирас» университетінің археологиялық отряды күйдірілген қыш тақтасын Арыс өзені алқабында орналасқан Қылымжар деген жердегі көне қоныстан тапты. Табылған қыш тақтада төрт қатар етіп жазылған 15 таңба анық көрінеді.

1928 жылы  Қызылордада «Ленинская смена» атты жастар газетінің (қазіргі «Экспресс-К» республикалық газеті) алғашқы саны жарық көрді.

1947 жылы  Өскемен мырыш зауыты іске қосылды.

2006 жылы  Қазақстан мен Үндістанның әскери альпинистер тобы Ладакхедегі 7140 метрлік Нун шыңына көтерілді. Бұл екі елдің шыңға өрмелеушілерінің бірлесіп жасаған алғашқы шарасы. 34 адамнан тұратын аталмыш экспедицияға Үндістан Қарулы Күштерінің подполковнигі А.Гот жетекшілік жасады. Оған Қазақстаннан аға лейтенант Тахир Алпысов пен Рүстам Жорабаев және сержант Юрий Горбунов, Сергей Самойлов, Александр Рудаков пен Дмитрий Чумаков қатысты.

1937 жылы  Алматыда қалалық хайуанаттар бағы ашылды.

Бүгінгі күні хайуанаттар бағында 3 мыңнан астам жануарлар мен құстардың 500 түрі бар. Ол қала қонақтары мен тұрғындарының демалатын және көз тартатын орындарының біріне айналды.

1970 жылы  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президумының Жарлығымен Қостанай облыстық атқару комитетінің әділет бөлімі құрылды. Бірінші бастығы болып Ертай Делмағамбетұлы Баймұхамбетов тағайындалды.

2001 жылы  Астанада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа Венгрия мен Қырғызстанның Төтенше және Өкілетті елшілері Миклош Яцкович пен Жұмағұл Сааданбеков сенім грамоталарын табыс етті.

2005 жылы  Алматыда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Ресейдің, Шығыс Еуропаның және Орталық Азияның, Қытай Халық Республикасының қоғамдық ғылымдар Академиясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары достастық мемлекеттер арасындағы сауда және қаржы-экономикалық қарым-қатынасты кеңейту болып табылады.

Зерттеу орталықтары мамандар арасындағы біріккен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр, олар кездесулер аясында жүріп жатқан ғылыми шаралар туралы ақпарат алмастыра алады.

2005 жылы  Шымкент археологтары Оңтүстік Қазақстанның Ордабасы ауданында көне жазба ескерткіштерінің бөлшектерін тапты.

Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жәдігерлер біздің дәуіріміздегі І-VI ғасырлардан жетіп отыр. Сол дәуірде Ежелгі Шығыс мемлекеттерінде қыш тақталарға жазу тәсілі кеңінен тараған. «Мирас» университетінің археологиялық отряды күйдірілген қыш тақтасын Арыс өзені алқабында орналасқан Қылымжар деген жердегі көне қоныстан тапты. Табылған қыш тақтада төрт қатар етіп жазылған 15 таңба анық көрінеді.

Бөлісу: