25-наурыз

21 Тамыз 2013, 08:01

Грекия Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1821). Грекия Республикасы Еуропаның оңтүстік-шығысында, Балқан түбегінің оңтүстігі мен соған шектесіп жатқан Ион, Жерорта және Эгей теңіздеріндегі ұсақ аралдарда  орналасқан мемлекет. Астанасы - Афины қаласы. Ресми тілі - грек тілі. Ақша бірлігі - драхма. Халқының көпшілігі христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Ел аумағы әкімшілік-аумақтық жағынан 51 номға бөлінеді. Мемлекет басшысы - Президент. Заң шығарушы органы - бір палаталы парламент. 1975 жылғы маусымның 11-де қабылданған ел Конституциясы бойынша, Грекия президент басқаратын парламенттік республика болып табылады. Қазақстан Республикасы мен Грекия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қазанның 1-де орнатылды. Халықаралық құлдық құрбандарын және трансатлантикалық құл саудасын еске алу күні. Құлдықта және құлдықтан азат ету үшін күресте қаза болғандарды құрметпен еске алу мақсатында - БҰҰ Бас Ассамблеясы 2006 жылғы қарашада 2007 жылғы наурыздың 25-інде трансатлантикалық құл саудасын жоюдың 200 жылдығын мерекелеудің Халықаралық күні ретінде атап өтуге қаулы қабылдады. 2007 жылдың соңында БҰҰ Бас Ассамблеясы қарар қабылдап, мемлекеттерді жыл сайын наурыздың 25-ін Халықаралық құлдық құрбандарын және трансатлантикалық құл саудасын еске алу күні тұрғысында атап өтуге шақырды. 1930 жылы Балқаш көліне іргелес Бәрібаев, қазіргі Балқаш ауданына қарасты Бақалы жерінде Бәрібаев шаруалар көтерілісі болды. Кеңес өкіметінің ұжымдастыру, жаппай қуғын-сүргін саясаты мен ашаршылық қаупіне шыдамаған жергілікті шаруалар ұйымдасқан қарсылыққа шықты. Бақалы ауыл тұрғындары Құсмади Ахметжанов, Құрамыс Ибрагимов, Жақыпбай Сауқымбаев 100-ден астам адамды ұйымдастырып, көрші ауылдарға үгітшілер жіберді. Көтерілісшілер отрядқа бірігіп, Бақалы коммунасын басып алды, ауылдық кеңесті таратып жіберді. Елден күшпен жиналған 100 пұт астықты, 100 бас жылқыны, басқа да мал мен мүлікті жұртқа таратып берді. Алматы мен Семейден әскер күшін шақыртпау үшін көтерілісшілердің арнайы тобы Балқаш жағындағы телефон байланысының сымдарын үзіп, темір жол табанының алты буынын босатып, алып тастады. Мыңқұм деген жердегі 10 ауылды басып алды. Көтеріліс басшысы Құсмади Ахметжанов Қытай шекарасынан өтіп кеткен босқындармен, Ақсу көтерілісшілерімен байланыс жасап, бірлесе қимылдауға тырысты. Бірақ әскер күштері алдын-ала шекараны нығайтып, оған жол бермеді. Шекарашылар Қытай жағынан көмекке келмек болған қазақ отрядын қолға түсірді. Бәрібаев ауданындағы көтерілісшілер ОГПУ-дің 50 адамдық қарулы жедел әскери отрядының күшімен басылып, 29 адам ату жазасына тартылды. «ҚазАқпарат»  

Грекия Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1821). Грекия Республикасы Еуропаның оңтүстік-шығысында, Балқан түбегінің оңтүстігі мен соған шектесіп жатқан Ион, Жерорта және Эгей теңіздеріндегі ұсақ аралдарда  орналасқан мемлекет. Астанасы - Афины қаласы. Ресми тілі - грек тілі. Ақша бірлігі - драхма. Халқының көпшілігі христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Ел аумағы әкімшілік-аумақтық жағынан 51 номға бөлінеді. Мемлекет басшысы - Президент. Заң шығарушы органы - бір палаталы парламент. 1975 жылғы маусымның 11-де қабылданған ел Конституциясы бойынша, Грекия президент басқаратын парламенттік республика болып табылады.

Қазақстан Республикасы мен Грекия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қазанның 1-де орнатылды.

Халықаралық құлдық құрбандарын және трансатлантикалық құл саудасын еске алу күні. Құлдықта және құлдықтан азат ету үшін күресте қаза болғандарды құрметпен еске алу мақсатында - БҰҰ Бас Ассамблеясы 2006 жылғы қарашада 2007 жылғы наурыздың 25-інде трансатлантикалық құл саудасын жоюдың 200 жылдығын мерекелеудің Халықаралық күні ретінде атап өтуге қаулы қабылдады. 2007 жылдың соңында БҰҰ Бас Ассамблеясы қарар қабылдап, мемлекеттерді жыл сайын наурыздың 25-ін Халықаралық құлдық құрбандарын және трансатлантикалық құл саудасын еске алу күні тұрғысында атап өтуге шақырды.

1930 жылы Балқаш көліне іргелес Бәрібаев, қазіргі Балқаш ауданына қарасты Бақалы жерінде Бәрібаев шаруалар көтерілісі болды. Кеңес өкіметінің ұжымдастыру, жаппай қуғын-сүргін саясаты мен ашаршылық қаупіне шыдамаған жергілікті шаруалар ұйымдасқан қарсылыққа шықты. Бақалы ауыл тұрғындары Құсмади Ахметжанов, Құрамыс Ибрагимов, Жақыпбай Сауқымбаев 100-ден астам адамды ұйымдастырып, көрші ауылдарға үгітшілер жіберді. Көтерілісшілер отрядқа бірігіп, Бақалы коммунасын басып алды, ауылдық кеңесті таратып жіберді. Елден күшпен жиналған 100 пұт астықты, 100 бас жылқыны, басқа да мал мен мүлікті жұртқа таратып берді. Алматы мен Семейден әскер күшін шақыртпау үшін көтерілісшілердің арнайы тобы Балқаш жағындағы телефон байланысының сымдарын үзіп, темір жол табанының алты буынын босатып, алып тастады. Мыңқұм деген жердегі 10 ауылды басып алды. Көтеріліс басшысы Құсмади Ахметжанов Қытай шекарасынан өтіп кеткен босқындармен, Ақсу көтерілісшілерімен байланыс жасап, бірлесе қимылдауға тырысты. Бірақ әскер күштері алдын-ала шекараны нығайтып, оған жол бермеді. Шекарашылар Қытай жағынан көмекке келмек болған қазақ отрядын қолға түсірді. Бәрібаев ауданындағы көтерілісшілер ОГПУ-дің 50 адамдық қарулы жедел әскери отрядының күшімен басылып, 29 адам ату жазасына тартылды.

«ҚазАқпарат»

 

Бөлісу: