21 Тамыз 2013, 08:01
Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні. Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен неміс микробиологы Роберт Кох туберкулез таяқшаларын ашқан күнінің (1882) құрметіне орай атап өтіледі. Сол кезден бастап туберкулезбен ауырған науқастарға ем көрсетіліп келеді.1998 жылғы қарашаның 16-сына Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы шықты. Онда туберкулезбен күрестің негізгі шаралары анықталып берілді. Қазақ Ұлттық медицина университеті Т.Ә. Момыновтың басшылығымен Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) қолдауымен туберкулезбен күрес жөніндегі халықаралық бағдарламаны орындап отыр. Бағдарламаға Люксембург денсаулық сақтау министрлігі, Швецияның Корольдік академиясы, Токионың медицина мектебі, Гамбургтегі Медициналық білім академиясы сияқты шетелдік ұйымдар тартылды.
Қазақстанда жыл сайын 20-27 мың адам туберкулезге шалдығады. Оның 4-6 мыңнан аса адам қайтыс болып, 3 мыңы мүгедектікке шығады екен.
НАТО-ның Югославияға қарсы агрессиясы барысында құрбан болғандар мен жапа шеккендерді еске алу күні. 7 жыл бұрын (1999) НАТО-ның Югославияға әскери операциялары басталды. Сондықтан бұл күнді атаулы күн деп шешеім қабылданды. Аталған атаулы күнде НАТО-ның Югославияға қарсы агрессиясы барысында құрбан болғандар мен жапа шеккендерді еске алады.
2005 жылы Алматыда «Жаңалықтар уақыты - 2004» атты бірінші республикалық ақпараттық бағдарламалар бойынша өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды.
Бұл шараның мақсаты - ақпараттық хабарлардың сапалық деңгейін жоғарылатуға ықпал ету, шығармашылық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіру. Сонымен қатар, ақпарат жылдамдығы мен сапасына мән беру жайында болды.
Байқауға Телерадио хабарларын тарату ұлттық қауымдастығы мүшелері 25 телерадио компаниясы қатысты. Ең үздік репортаж аталымын - Шымкент қалалық «Отырар» телеарнасы, ең үздік тележүргізушілер аталымын - Алматыдағы «Таң» теларнасы, ең үздік ақпараттық ұжым және ақпараттық бағдарламадағы арнайы репортаж аталымын - Қызылорда қалалық телерадио компаниясы, ең үздік дизайн және әрлеу аталымын - Астана қалалық РТВ арнасы, ең үздік апталық сараптамалық бағдарлама аталымын - Алматыдағы 31-арнаның «Состояние kz.» бағдарламасы, ал радиодағы ең үздік күнделікті ақпараттық бағдарлама аталымын - Қарағанды қаласының «Қарағанды NS радиосы» жеңіп алды.