16-наурыз

21 Тамыз 2013, 07:52

Республикалық Ұланның құрылған күні (1992). 1992 жылғы наурыздың 16-ында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Алматы облысы Қаскелең ауданының Красный Восток кентінде орналасқан Ішкі әскерлердің шұғыл мақсаттағы жеке бригадасы негізінде Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланы құрылды. Республикалық Ұланға Республиканың мемлекеттік билік және басқармалардың жоғарғы органдарын, Президенттің, Парламент пен Үкімет басшыларының көлік құралдарын Республика аумағында және сырт жерлерде күзету, ҚР Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасының эталондарын күзету, шетел мемлекеттері басшыларын күтіп алу, шығарып салу кезінде, ҚР мейрамдары мен салтанаттарында жоралғылық рәсімдерді орындау, мемлекеттік және  қоғамдық қауіпсіздікке әсер ететін құқық тәртібін бұзушыларды тоқтату, ҚР аумағындағы конституцияға қарсы сипаттағы қарулы және басқа да әрекеттерді тоқтату, ҚР заңдарында көзделген тәртіпте төтенше жағдай режімі кезінде іс-шаралар жүзеге асыру  міндеттелген.  Сонымен қатар гвардия Елбасы және басқа да күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін аса маңызды нысандарды, ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды күзетеді. Күрд халқының ұлттық аза тұту күні. 1988 жылы ирак әскерлері күрдтердің Халабаджа қаласына химиялық қару тастады. Жауыздық салдарынан 15 мың бейбіт тұрғын қаза тапты. Осы кезден бастап бұл күн күрд халқы үшін қаралы күн болып есептелінеді. 1932 жылы Б.Майлиннің «Келін мен шешей», К.Қырқымбаевтың «Келіншек» атты комедияларымен Жамбыл аудандық театры өз шымылдығын ашты. Театрдың алғашқы труппасы құрамында С.Атамқұлов, Ж.Абызбаев, С.Абызбаева, Ш.Сәкиев, М.Табанов, т.б. актерлер өнер көрсетті, ал режиссерлік жұмысты Р.Әбдірахманов, Ж.Арғынбаев атқарды. Аудандық театр 1940 жылы облыстық қазақ драма театры болып құрылды. 1945 жылы Абай есімі берілді. Театр сахнасында қазақ драматургтерімен қатар шет ел драматургтерінің туындылары бойынша спектакльдер қойылып келеді. 2009 жылы Алматыда «Алаш Орда» деректі фильмінің таныстырылымы болды. Фильмнің режиссері - қазақстандық танымал киноматографист Қалила Омаров. Фильм Қазақстан Республикасының ақпарат және мәдениет министрлігінің тапсырмасымен «Алаш» қозғалысының 90 жылдығына арналып түсірілген. 52 минуттық фильмнің сценарийін жазған Болат Мүрсәлім, композиторы Ақан Мұсақұлов.

Республикалық Ұланның құрылған күні (1992). 1992 жылғы наурыздың 16-ында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Алматы облысы Қаскелең ауданының Красный Восток кентінде орналасқан Ішкі әскерлердің шұғыл мақсаттағы жеке бригадасы негізінде Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланы құрылды. Республикалық Ұланға Республиканың мемлекеттік билік және басқармалардың жоғарғы органдарын, Президенттің, Парламент пен Үкімет басшыларының көлік құралдарын Республика аумағында және сырт жерлерде күзету, ҚР Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасының эталондарын күзету, шетел мемлекеттері басшыларын күтіп алу, шығарып салу кезінде, ҚР мейрамдары мен салтанаттарында жоралғылық рәсімдерді орындау, мемлекеттік және  қоғамдық қауіпсіздікке әсер ететін құқық тәртібін бұзушыларды тоқтату, ҚР аумағындағы конституцияға қарсы сипаттағы қарулы және басқа да әрекеттерді тоқтату, ҚР заңдарында көзделген тәртіпте төтенше жағдай режімі кезінде іс-шаралар жүзеге асыру  міндеттелген.  Сонымен қатар гвардия Елбасы және басқа да күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін аса маңызды нысандарды, ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды күзетеді.

Күрд халқының ұлттық аза тұту күні. 1988 жылы ирак әскерлері күрдтердің Халабаджа қаласына химиялық қару тастады. Жауыздық салдарынан 15 мың бейбіт тұрғын қаза тапты. Осы кезден бастап бұл күн күрд халқы үшін қаралы күн болып есептелінеді.

1932 жылы Б.Майлиннің «Келін мен шешей», К.Қырқымбаевтың «Келіншек» атты комедияларымен Жамбыл аудандық театры өз шымылдығын ашты. Театрдың алғашқы труппасы құрамында С.Атамқұлов, Ж.Абызбаев, С.Абызбаева, Ш.Сәкиев, М.Табанов, т.б. актерлер өнер көрсетті, ал режиссерлік жұмысты Р.Әбдірахманов, Ж.Арғынбаев атқарды. Аудандық театр 1940 жылы облыстық қазақ драма театры болып құрылды. 1945 жылы Абай есімі берілді. Театр сахнасында қазақ драматургтерімен қатар шет ел драматургтерінің туындылары бойынша спектакльдер қойылып келеді.

2009 жылы Алматыда «Алаш Орда» деректі фильмінің таныстырылымы болды.

Фильмнің режиссері - қазақстандық танымал киноматографист Қалила Омаров. Фильм Қазақстан Республикасының ақпарат және мәдениет министрлігінің тапсырмасымен «Алаш» қозғалысының 90 жылдығына арналып түсірілген. 52 минуттық фильмнің сценарийін жазған Болат Мүрсәлім, композиторы Ақан Мұсақұлов.

Бөлісу: