21 Тамыз 2013, 07:45
Гренаданың ұлттық мерекесі - Төңкеріс күні (1979). Гренада Кіші Антиль аралдар тобына жататын аралдар және Гренадина аралдар тобының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Астанасы - Сент-Джорджес. Ресми тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - кариб доллары. 1984 жылы қабылданған Конституциясы бойынша Ұлыбритания Королевасы мемлекет басшысы болып саналады. Елді генерал-губернатор басқарады. Заң шығарушы органы - екі палаталы (сенат және өкілдер) парламент. Атқару билігі Премьер-министр басқарған үкімет қолында.
Тайландтың ұлттық символы - пілдер күні. Бұл күн пілдердің жоғалу алдында тұрғандығын есте сақтау мақсатында жыл сайын атап өтіледі.
2003 жылы «Қазақстан Республикасының қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің кейбір мәселелері туралы» №244 ҚР Үкіметінің қаулысы жарыққа шықты. Қаулының негізінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрылды. Компания 19 машина жасау кәсіпорыны мен салалық институттарды біріктіреді. Олардың қатарында «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «С.М.Киров атындағы Петропавл зауыты» АҚ, «Мұнаймаш» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Семей машина жасау зауыты» АҚ, «ҚР радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығы» АҚ, «Металлист» АҚ, «Бронды танк жөндеу зауыты» кәсіпорындары бар.
1938 жылы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қаныбек Сарыбаев дүниеге келді. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданынында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. «Кентау правдасы» газетінде, облыстық «Коммунистік еңбек» газетінде, «Қызылқұм» газетінде әр түрлі жауапты қызметтер атқарған. Ақынның «Тұңғыш кітап», «Отырар оттары», «Отан туралы сөз», «Мен келе жатырмын» секілді он шақты жыр кітабы жарық көрген. Қаныбек Сарыбаев «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
1920 жылы Сәкен Сейфуллин (1894-1938) «Қызыл сұңқарлар» атта пьесасын жазды. Бұл Колчакқа қарсы көтерілісшілердің батырлық күресін бейнелейтін қазақтың кеңес әдебиетіндегі алғашқы революциялық драма.
2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Теңізшілердің жеке куәліктері туралы 1958 ж. конвенцияны (№185 конвенция) қайта қарайтын Конвенцияны ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.