12-наурыз

21 Тамыз 2013, 07:45

Маврикий мемлекетінің ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні (1968) және Республика күні (1992). Маврикий Республикасы Үнді мұхитының батыс бөлігіндегі Маврикий аралы мен оның айналасындағы шағын аралдарда орналасқан мемлекет. Астанасы - Порт-Луи қаласы. Ресми тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - маврикий рупийі. Маврикий  аралына 1638 жылы голанддықтар келіп қоныстанған. 1721 жылы аралға Франция иелік етіп, Африкадан құлдар әкеле бастаған. Ал 1810 жылы Маврикий Ұлыбританияның қарамағына өткен. Ел 1968 жылы наурыздың 12-інде тәуелсіздікке қол жеткізген, бірақ толық тәуелсіздігін 1992 жылы наурыздың 12-інде ғана алды. Ресей Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні. 1879 жылы ресей императоры Александр ІІІ жазаны атқаратын бірыңғай мемлекеттік жүйенің бастамасы болған түрме департаментін құру туралы жарлық шығарды. Қытайда ағаш отырғызу күні. Жаппай ағаш отырғызудың бастаушысы болған ұлы революция қайраткері Сунь Ят-сеннің құрметіне атап өтіледі. 2005 жылы Қытайдағы қазақ диаспорасы Наурыз мейрамын атап өтті. Бейжіңге Қытай Халық Республикасындағы бұрынғы қолбасшысы генерал-полковник Хасен Ибрагим, ҚХР ШҰАӨ халықтық өкілдер жиналысының төрағасы Асхат Керімбай, Қытай әскерiнiң халық-азаттық өндiрiстiк-құрылыс корпусының ШҰАӨ-дегі пәтерге орналастырылған жетекшiлерi, Іле Қазақ автономиялық облысы, Алтай өлкесі, Тарбағатай және Шыңжанның басқа аудандары, қазақ көркем өнер зиялыларының өкiлдерi және қазақстандық дипломаттар шақырылды. 2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлыққа қол қойды. 2010 жылы Отандық білім беру жүйесін дамыту жөніндегі Елбасы тапсырмаларын, сондай-ақ «Еуропаға жол» ұлттық бағдарламасының баптарын жүзеге асыру аясында наурыздың 11-інде Будапеште өткен Болон министрлер форумы мәжілісінің барысында Қазақстан Болон процесіне қосылды. Қазақстанның қосылуы туралы шешімді Болон декларациясына қол қойған 46 елдің өкілдері бірауыздан қолдады. Болон үдерісіне қосылу қазақстандық жоғары оқу орындарына отандық білім беру бағдарламаларын еуропалық стандарттарға сәйкестендіру, қазақстандық біліктіліктер мен академиялық сатыларды тану, студенттер мен оқытушылардың академиялық икемділігін қамтамасыз ету, қазақстандық дипломдардың Еуропада танылуы және түлектердің шетелдерде жұмысқа тұру мүмкіндіктерін кеңейту сияқты бірқатар басымдықтар береді.

Маврикий мемлекетінің ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні (1968) және Республика күні (1992). Маврикий Республикасы Үнді мұхитының батыс бөлігіндегі Маврикий аралы мен оның айналасындағы шағын аралдарда орналасқан мемлекет. Астанасы - Порт-Луи қаласы. Ресми тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - маврикий рупийі. Маврикий  аралына 1638 жылы голанддықтар келіп қоныстанған. 1721 жылы аралға Франция иелік етіп, Африкадан құлдар әкеле бастаған. Ал 1810 жылы Маврикий Ұлыбританияның қарамағына өткен. Ел 1968 жылы наурыздың 12-інде тәуелсіздікке қол жеткізген, бірақ толық тәуелсіздігін 1992 жылы наурыздың 12-інде ғана алды.

Ресей Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні. 1879 жылы ресей императоры Александр ІІІ жазаны атқаратын бірыңғай мемлекеттік жүйенің бастамасы болған түрме департаментін құру туралы жарлық шығарды.

Қытайда ағаш отырғызу күні. Жаппай ағаш отырғызудың бастаушысы болған ұлы революция қайраткері Сунь Ят-сеннің құрметіне атап өтіледі.

2005 жылы Қытайдағы қазақ диаспорасы Наурыз мейрамын атап өтті. Бейжіңге Қытай Халық Республикасындағы бұрынғы қолбасшысы генерал-полковник Хасен Ибрагим, ҚХР ШҰАӨ халықтық өкілдер жиналысының төрағасы Асхат Керімбай, Қытай әскерiнiң халық-азаттық өндiрiстiк-құрылыс корпусының ШҰАӨ-дегі пәтерге орналастырылған жетекшiлерi, Іле Қазақ автономиялық облысы, Алтай өлкесі, Тарбағатай және Шыңжанның басқа аудандары, қазақ көркем өнер зиялыларының өкiлдерi және қазақстандық дипломаттар шақырылды.

2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлыққа қол қойды.

2010 жылы Отандық білім беру жүйесін дамыту жөніндегі Елбасы тапсырмаларын, сондай-ақ «Еуропаға жол» ұлттық бағдарламасының баптарын жүзеге асыру аясында наурыздың 11-інде Будапеште өткен Болон министрлер форумы мәжілісінің барысында Қазақстан Болон процесіне қосылды.

Қазақстанның қосылуы туралы шешімді Болон декларациясына қол қойған 46 елдің өкілдері бірауыздан қолдады. Болон үдерісіне қосылу қазақстандық жоғары оқу орындарына отандық білім беру бағдарламаларын еуропалық стандарттарға сәйкестендіру, қазақстандық біліктіліктер мен академиялық сатыларды тану, студенттер мен оқытушылардың академиялық икемділігін қамтамасыз ету, қазақстандық дипломдардың Еуропада танылуы және түлектердің шетелдерде жұмысқа тұру мүмкіндіктерін кеңейту сияқты бірқатар басымдықтар береді.

Бөлісу: