21 Тамыз 2013, 07:32
Әзірбайжанда дене шынықтыру және спорт күні. Әзірбайжан Республикасы Президентінің 2005 жылғы наурыздың 4-дегі Жарлығымен бекітілді. Бұл мереке жыл сайынүлкен деңгейде атап өтіледі. Аталған мереке !зірбайжан халықының атаулы, сүйікті мерекелерінің бірі.
2008 жылы «Қазақстан» телеарнасының тарихына арналған кітаптар жарық көрді.
Қазақ теледидарының дәуірі 1958 жылдың 8 наурызынан басталады. Дәл сол күні телеарна хабар тарата бастаған.
Оның тарихынан сыр шертетін үш бірдей кітаптың тұсауы кесілді. 1958 жылы 5 сағаттық бағдарламамен эфирге шыққан телеқұрылым бүгінде бағдарламасының 80 пайызын қазақ тілінде көрсетеді. Республика халықтың 93,05 пайызына телехабар, ал 80,17 пайызына радио хабарын тарататын еліміздің бас арнасы деңгейіне көтерілді. Құдайберген Тұрсынның «Қазақ теледидары», Қайнар Олжайдың құрастыруымен жарық көрген «Ұлттық арна ұлағаты», Ұлбосын Айтөленнің «Әріптестерім менің» атты туындыларында бағдарламалардың тарихынан, көрермен көңілінен орын алған Сағат Әшімбаев, Нелли Омарова, Ләзиза Аймашева, Ласкер Сейітов сияқты тұлғалардың өмірінен сыр шертіледі.
1975 жылы Павлодарлық трактор зауытының конвейерiнен «Қазақстандық» («Казахстанец») 100-мыңыншы тракторы шығарылды.
2010 жылы Palgrave Macmillan баспасы Анюшэ Ансари мен Хомер Хикэмнің «Жұлдыздар туралы арманым: Иран қызынан ғарыш пионеріне дейін» (My Dream of Stars: From Daughter of Iran to Space Pioneer) атты кітабын басып шығарды.
Естеріңізге сала кетейік, құрамына Михаил Тюрин, Майкл Лопес-Алегриа және Анюшэ Ансари кірген «Союз ТМА-9» ғарыш кемесінің экипажы 2006 жылы қыркүйектің 18-інде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған болатын. Шыққан тегі ирандық американдық Анюшэ Ансари ханым сөйтіп ғарышқа ұшқан алғашқы турист әйел және ғарышта болған алғашқы ирандық атанды. Халықаралық ғарыш стансысында болған сегіз күнде Ансари бірнеше ғылыми тәжірибе жасады. Ол сондай-ақ ғарыш сапары кезінде өз блогын жүргізген алғашқы адам болды.
1993 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы» қаулысы жарық көрді.
1993 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы» туралы Заң күшіне енді. Аталған заң ясында көптеген жұмыстар жасалынып келеді.
2009 жылы «Фолиант» баспасынан заңгерлік терминдердің қазақ-орыс және орыс-қазақ сөздігі жарық көрді.
Сөздік қоғамдағы өміріміздің барлық саласын қамтамасыз ететін заңдардың, кодекстердің мәтінін негізге алған.
Қосымша кітап 1996-2007 жылдары Сенат Парламенті қабылдаған, 250-ден аса заңдардың терминдері мен сөздерінен тұрады. Жинақ тіл мамандары, Сенат Парламенті аппаратының тәжірибелі аудармашылары қатысуымен құрастырылған.