2-наурыз

21 Тамыз 2013, 07:31

Ливиядағы көшіру күні.  1970 жылы ел аумағын ағылшынның соңғы әскери бөлімшесі тастап шықты. Эфиопиядағы Адуа кезіндегі қырғын соғыстағы жеңiс күні. Эфиопия - Африкадағы өзінің бүкіл тарихында біреудің отары болып көрмеген жалғыз ел. 1869 жылы Суец каналы ашылғанда, Италия өзінің назарын аударды. 1872 жылы италияндықтар Ассаб портын, 1885 жылы Массауаны басып алды. Төрт жыл өткен соң Италия мен Эфиопия келісімшартқа қол қойып, бірақ италияндық нұсқасының амхарлықтан айырмашылығы болды және соған сәйкес Эфиопия Италияның протектораты болып қалды. Нәтижесінде, 1895 жылы кем дегенде бір жыл ішінде Италияның жеңілісімен біткен соғыс басталды. Сол кезден бастап Адуа кезіндегі қырғын соғыстағы жеңіс Эфиопияның тарихынан нық орын алды және бұл мерекені эфиоптар жыл сайын атап өтеді. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құру жөніндегі» Жарлығы жарық көрді. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі №856 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысымен «халықтар» сөзі «халқы» сөзімен өзгертілді. 2008 жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк ұлттық саясатты iске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттiк және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара iс-қимылының тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесiн, оны қалыптастыру мен жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн айқындайтын «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. 2006 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамды саудаға салуға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң жауапкершілікті күшейтуге және қоғамға қауіпті осы іс-қимылдарға қарсы күрестің құқықтық негіздерін жетілдіруге бағыттылған. 2010 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі номиналы 100 теңгелік «Барыс» монетасын айналымға шығарды. Монетаның бет жағының орталық бөлігіндегі ою-өрнектің аясында Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде «100 ТЕҢГЕ» деген жазумен оның номиналы басылған. Сондай-ақ оның сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монета дайындалған металдың сынамын білдіретін (Ag 925) белгі жазылған, ал оң жағында оның салмағын айқындайтын (31,1 gr) белгі басылған. Мұнымен қоса монетаның сыртқы бетінде тау шатқалының бейнесінде екі барыстың суреті бейнеленіп отыр. Монета 925 сынамалы күмістен дайындалған. Диаметрі 38,67 мм. , таралымы 7000 дана (3 мың данасы еліміздің ішкі нарығы үшін).

Ливиядағы көшіру күні.  1970 жылы ел аумағын ағылшынның соңғы әскери бөлімшесі тастап шықты.

Эфиопиядағы Адуа кезіндегі қырғын соғыстағы жеңiс күні. Эфиопия - Африкадағы өзінің бүкіл тарихында біреудің отары болып көрмеген жалғыз ел. 1869 жылы Суец каналы ашылғанда, Италия өзінің назарын аударды. 1872 жылы италияндықтар Ассаб портын, 1885 жылы Массауаны басып алды. Төрт жыл өткен соң Италия мен Эфиопия келісімшартқа қол қойып, бірақ италияндық нұсқасының амхарлықтан айырмашылығы болды және соған сәйкес Эфиопия Италияның протектораты болып қалды. Нәтижесінде, 1895 жылы кем дегенде бір жыл ішінде Италияның жеңілісімен біткен соғыс басталды. Сол кезден бастап Адуа кезіндегі қырғын соғыстағы жеңіс Эфиопияның тарихынан нық орын алды және бұл мерекені эфиоптар жыл сайын атап өтеді.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құру жөніндегі» Жарлығы жарық көрді.

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі №856 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысымен «халықтар» сөзі «халқы» сөзімен өзгертілді.

2008 жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк ұлттық саясатты iске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттiк және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара iс-қимылының тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесiн, оны қалыптастыру мен жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн айқындайтын «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

2006 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамды саудаға салуға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң жауапкершілікті күшейтуге және қоғамға қауіпті осы іс-қимылдарға қарсы күрестің құқықтық негіздерін жетілдіруге бағыттылған.

2010 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі номиналы 100 теңгелік «Барыс» монетасын айналымға шығарды.

Монетаның бет жағының орталық бөлігіндегі ою-өрнектің аясында Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде «100 ТЕҢГЕ» деген жазумен оның номиналы басылған. Сондай-ақ оның сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монета дайындалған металдың сынамын білдіретін (Ag 925) белгі жазылған, ал оң жағында оның салмағын айқындайтын (31,1 gr) белгі басылған. Мұнымен қоса монетаның сыртқы бетінде тау шатқалының бейнесінде екі барыстың суреті бейнеленіп отыр. Монета 925 сынамалы күмістен дайындалған. Диаметрі 38,67 мм. , таралымы 7000 дана (3 мың данасы еліміздің ішкі нарығы үшін).

Бөлісу: