1-Наурыз

21 Тамыз 2013, 07:29

Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні. 1990 жылы Бас Ассамблеяның Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ) 9-шы сессиясында Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күнін жыл сайын наурыздың 1-інде атап өту туралы шешім шығарылды. 1972 жылы дәл осы күні ХАҚҰ-ы үкіметаралық ұйым мәртебесіне ие болған. Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні азаматтық қорғау мен қорғаныс ұлттық қызметтері атқаратын маңызды мақсаттарына қоғам назарын аудару үшін аталып өтеді. АҚШ-та түрлі-түсті әйелдердің ұлттық күні. 1986 жылы түрлі-түсті әйелдердің Ұлттық институты АҚШ-тағы түрлі-түсті әйелдердің ұлттық күнін бекітті. Оның мақсаты - Африка, Индия, Аляска, Азия, Испания, Латын Америкасы және Тынық мұхиты аралдарын мекендейтін әйелдердің достастығын құрып, олардың құқығын қорғап, орын алған мәселелерін шешу болып табылады. Холи - бояулар мерекесі. Индияның әсерлі мерекелерінің бірі, бенгал жаңа жылы. Ақпан және наурыз айына келетін, Пхалгун айы толған күнінде атап өтеді. Қазақстан Республикасы криминалистикалық қызметінің құрылған күні. 1919 жылы дәл осы күні РКФСР-дің Іздестіру орталығы жанындағы Сот сараптамасының кабинеті өз жұмысын бастады. Бұрынғы одақтас республикалардың барлық криминалистері осы мерекені атап өтеді. Аталмыш қызметтің қазақстандық милицияның қатарына қосылуы 1920 жылғы тамыздың 26-дағы Автономиялық Қазақ Социалистік Кеңестік Республикасының құрылу күнімен байланысты. Республиканың құрылуымен қатар Ішкі істер халық комиссариаты, ал оның жанында Милицияның бас басқармасы құрылды. Бас басқармада фотографтардан, қылмыскерлерді есепке алуды жүзеге асыратын және басқа қызметкерлерден тұратын Қылмыстық іздестіру орталық басқармасы - Іздестіру орталығы пайда болды. 89 жыл ішінде өзгеріп жаңару және сапалы даму жолында криминалистикалық бөлімшелер ішкі істер органдарындағы қылмысты ашу мен тергеуге тікелей қатысатын басты қызметтердің біріне айналды. Олардың басты мақсаты криминалистикалық құралдар мен әдістерді тергеу әрекеттері және жедел іс-шаралар кезінде айғақ заттарды табу, белгілеу, алу, зерттеуде қолдану болып табылады. Криминалистерге өздерінің арнайы білімдерін толық көлемде қолдану, іздік ақпараттарды пайдалану, қылмыстық істер бойынша дәлелдеу мәліметтерін құру арқылы қылмысты ашуға бар назарын салу міндеттері жүктелген. Мамандар қылмысты ашуға көмектесіп қана қоймай, азаматтардың конституциялық кепілдігі мен құқықтарын қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда осы қызметтің мамандары криминалистикалық зерттеудің дәстүрлі және күрделі 32 түрін жүргізеді. Жұмыста қазіргі заманғы компьютерлік және электрондық оптикалық құралдар, ультрадыбыстық қондырғылар, іздестіру техникаларының жиынтығы пайдаланылады. Босния және Герцеговина Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1992). Босния мен Герцеговина - Оңтүстік-Шығыс Еуропада орналасқан мемлекет. Астанасы - Сараево қаласы. Ресми тілі - серб, хроват тілдері. Республика 1992 жылы Югославиядан өз тәуелсіздігін алды. Швейцария Конфедерациясының мемлекеттік мейрамы - Республика күні. Швейцария - Орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Германиямен, шығысында  Лихтенштейн, Австриямен, батысында Франциямен, оңтүстігінде Италиямен шектеседі. Астанасы - Берн қаласы. Ақша бірлігі - швейцар франкі. Әкімшілік жағынан 23 кантонға бөлінеді. Әр кантоннның өз конституциясы, парламенті және үкіметі бар. Жапонияда бейбітшілік үшін ұлттық күрес күні - Бикини күні. 1954 жылы АҚШ Жапонияның Бикини аймағында сутегі бомбасын жарды. Жарылыс нәтижесінде «Фукурюмару» кемесіндегі жапон балықшылары және Жапония, Микронезия, Полинезия аралдарының мыңдаған тұрғындары зардап шекті. Панаманың Конституция күні (1972). Панама Республикасы - Солтүстік және Оңтүстік Американы қосып жатқан ең жіңішке құрлық Панама мойнағында орналасқан мемлекет. Астанасы - Панама қаласы. Ақша бірлігі - бальбоа. Мемлекеттік тілі - испан тілі. 1972 жылы қабылданып, 1978, 1983 және 1990 жылдары өзгерістерге ұшыраған Конституциясы бойынша Панама - унитарлы президенттік республика. 

Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні. 1990 жылы Бас Ассамблеяның Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ) 9-шы сессиясында Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күнін жыл сайын наурыздың 1-інде атап өту туралы шешім шығарылды. 1972 жылы дәл осы күні ХАҚҰ-ы үкіметаралық ұйым мәртебесіне ие болған.

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні азаматтық қорғау мен қорғаныс ұлттық қызметтері атқаратын маңызды мақсаттарына қоғам назарын аудару үшін аталып өтеді.

АҚШ-та түрлі-түсті әйелдердің ұлттық күні. 1986 жылы түрлі-түсті әйелдердің Ұлттық институты АҚШ-тағы түрлі-түсті әйелдердің ұлттық күнін бекітті.

Оның мақсаты - Африка, Индия, Аляска, Азия, Испания, Латын Америкасы және Тынық мұхиты аралдарын мекендейтін әйелдердің достастығын құрып, олардың құқығын қорғап, орын алған мәселелерін шешу болып табылады.

Холи - бояулар мерекесі. Индияның әсерлі мерекелерінің бірі, бенгал жаңа жылы. Ақпан және наурыз айына келетін, Пхалгун айы толған күнінде атап өтеді.

Қазақстан Республикасы криминалистикалық қызметінің құрылған күні. 1919 жылы дәл осы күні РКФСР-дің Іздестіру орталығы жанындағы Сот сараптамасының кабинеті өз жұмысын бастады. Бұрынғы одақтас республикалардың барлық криминалистері осы мерекені атап өтеді.

Аталмыш қызметтің қазақстандық милицияның қатарына қосылуы 1920 жылғы тамыздың 26-дағы Автономиялық Қазақ Социалистік Кеңестік Республикасының құрылу күнімен байланысты. Республиканың құрылуымен қатар Ішкі істер халық комиссариаты, ал оның жанында Милицияның бас басқармасы құрылды. Бас басқармада фотографтардан, қылмыскерлерді есепке алуды жүзеге асыратын және басқа қызметкерлерден тұратын Қылмыстық іздестіру орталық басқармасы - Іздестіру орталығы пайда болды.
89 жыл ішінде өзгеріп жаңару және сапалы даму жолында криминалистикалық бөлімшелер ішкі істер органдарындағы қылмысты ашу мен тергеуге тікелей қатысатын басты қызметтердің біріне айналды. Олардың басты мақсаты криминалистикалық құралдар мен әдістерді тергеу әрекеттері және жедел іс-шаралар кезінде айғақ заттарды табу, белгілеу, алу, зерттеуде қолдану болып табылады. Криминалистерге өздерінің арнайы білімдерін толық көлемде қолдану, іздік ақпараттарды пайдалану, қылмыстық істер бойынша дәлелдеу мәліметтерін құру арқылы қылмысты ашуға бар назарын салу міндеттері жүктелген. Мамандар қылмысты ашуға көмектесіп қана қоймай, азаматтардың конституциялық кепілдігі мен құқықтарын қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда осы қызметтің мамандары криминалистикалық зерттеудің дәстүрлі және күрделі 32 түрін жүргізеді. Жұмыста қазіргі заманғы компьютерлік және электрондық оптикалық құралдар, ультрадыбыстық қондырғылар, іздестіру техникаларының жиынтығы пайдаланылады.

Босния және Герцеговина Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1992). Босния мен Герцеговина - Оңтүстік-Шығыс Еуропада орналасқан мемлекет. Астанасы - Сараево қаласы. Ресми тілі - серб, хроват тілдері. Республика 1992 жылы Югославиядан өз тәуелсіздігін алды.

Швейцария Конфедерациясының мемлекеттік мейрамы - Республика күні. Швейцария - Орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Германиямен, шығысында  Лихтенштейн, Австриямен, батысында Франциямен, оңтүстігінде Италиямен шектеседі. Астанасы - Берн қаласы. Ақша бірлігі - швейцар франкі. Әкімшілік жағынан 23 кантонға бөлінеді. Әр кантоннның өз конституциясы, парламенті және үкіметі бар.

Жапонияда бейбітшілік үшін ұлттық күрес күні - Бикини күні. 1954 жылы АҚШ Жапонияның Бикини аймағында сутегі бомбасын жарды. Жарылыс нәтижесінде «Фукурюмару» кемесіндегі жапон балықшылары және Жапония, Микронезия, Полинезия аралдарының мыңдаған тұрғындары зардап шекті.

Панаманың Конституция күні (1972). Панама Республикасы - Солтүстік және Оңтүстік Американы қосып жатқан ең жіңішке құрлық Панама мойнағында орналасқан мемлекет. Астанасы - Панама қаласы. Ақша бірлігі - бальбоа. Мемлекеттік тілі - испан тілі. 1972 жылы қабылданып, 1978, 1983 және 1990 жылдары өзгерістерге ұшыраған Конституциясы бойынша Панама - унитарлы президенттік республика. 

Бөлісу: