26-ақпан

21 Тамыз 2013, 06:37

1994 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «1994 жылы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына көмек көрсету туралы» Жарлығы мен «Д.А.Қонаевтың есімін мәңгі есте қалдыру туралы» Қаулысы жарияланды. 2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевскийге арналған ескерткіш тақталарын ашты. Барельефті Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Азат Боярлин жасады. Барельеф Астанада «Өнер» ЖШС-де жасалды. Биіктігі 1,5 метр, ал ені 2,5 метр. Барельефтің мүсіндік бөлігі салмағы 500 кг қоладан, ал мәтіндік бөлігі салмағы 400 кг граниттен жасалған. 2005 жылы  Ақмола облысының www.akmo.kz веб-сайты ашылды. Онда оқырман аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы, жоспарлары мен мақсаттары, мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар туралы ақпарат ала алады. Сайттың ашылуына облыстық әкімдік көмек көрсетті. Сайттың басты мақсаттарының бірі Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын насихаттау. 2007 жылы  Көкшетауда Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап кітапханасында ақпараттық-библиографиялық бөлімнің ұйымдастыруымен «Алтын Арқа-мәдени мұра» атты алғашқы CD-ROM-дискісінің тұсаукесері болды. «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасы аясында жарық көрген дискі 4 бөлімнен тұрады. Онда өңірдің суырыпсалма айтыс ақындары, ақын-жазушылар, орындаушылар, жас таланттар, композиторлар, көркемөнерпаздар ұжымдары жайында мол мағлұмат беретін 115 анықтамалық шығармашылық деректер қамтылған. 2009 жылы Алматыда режиссер Константин Харалампидистің «Алатаудың киелі биігі» деген деректі фильмін таныстыруға арналған баспасөз мәслихаты өтті. «Алатаудың киелі биігі» фильмі қиын-қыстау замандарда отандарынан ықтиярсыз Қазақстанға айдалған адамдар үшін қазақ халқының бауырмалдығы, олардың жәрдемі үлкен қуат берді. Фильмнің идеясы да өзге діндегі, өзге ұлтты адамдар арасындағы бейбітшілік пен келісімді паш етуді көздейді. 2009 жылы  Алматыда «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ тұңғыш рет он-лайн жүйесінде астықтың биржалық саудасын өткізді. Шара халықаралық астық конференциясының аясында өтті. 2008 жылы  Нью-Йоркте Колумбия университеті Гарриман институтының профессоры Рафис Абазовтың «Орталық Азияның тарихи атласы» деп аталатын жаңа жұмысының таныстырылымы өтті. Бұл кітап алғашқы орталықазиялық мемлекеттер (Соғды, Бактрия, Хорезм) құрылғаннан бастап, Ескендір Зұлқарнайын шабуылдарының дәуірі мен қазіргі кезеңге, құбырлар құрылыстары мен аймақ республикаларының халықаралық лаңкестікпен күреске атсалысуы кезеңі аралығын қамтыған тарихи шолу болып табылады.

1994 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «1994 жылы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына көмек көрсету туралы» Жарлығы мен «Д.А.Қонаевтың есімін мәңгі есте қалдыру туралы» Қаулысы жарияланды.

2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевскийге арналған ескерткіш тақталарын ашты.

Барельефті Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Азат Боярлин жасады. Барельеф Астанада «Өнер» ЖШС-де жасалды. Биіктігі 1,5 метр, ал ені 2,5 метр. Барельефтің мүсіндік бөлігі салмағы 500 кг қоладан, ал мәтіндік бөлігі салмағы 400 кг граниттен жасалған.

2005 жылы  Ақмола облысының www.akmo.kz веб-сайты ашылды. Онда оқырман аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы, жоспарлары мен мақсаттары, мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар туралы ақпарат ала алады. Сайттың ашылуына облыстық әкімдік көмек көрсетті. Сайттың басты мақсаттарының бірі Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын насихаттау.

2007 жылы  Көкшетауда Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап кітапханасында ақпараттық-библиографиялық бөлімнің ұйымдастыруымен «Алтын Арқа-мәдени мұра» атты алғашқы CD-ROM-дискісінің тұсаукесері болды. «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасы аясында жарық көрген дискі 4 бөлімнен тұрады. Онда өңірдің суырыпсалма айтыс ақындары, ақын-жазушылар, орындаушылар, жас таланттар, композиторлар, көркемөнерпаздар ұжымдары жайында мол мағлұмат беретін 115 анықтамалық шығармашылық деректер қамтылған.

2009 жылы Алматыда режиссер Константин Харалампидистің «Алатаудың киелі биігі» деген деректі фильмін таныстыруға арналған баспасөз мәслихаты өтті. «Алатаудың киелі биігі» фильмі қиын-қыстау замандарда отандарынан ықтиярсыз Қазақстанға айдалған адамдар үшін қазақ халқының бауырмалдығы, олардың жәрдемі үлкен қуат берді. Фильмнің идеясы да өзге діндегі, өзге ұлтты адамдар арасындағы бейбітшілік пен келісімді паш етуді көздейді.

2009 жылы  Алматыда «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ тұңғыш рет он-лайн жүйесінде астықтың биржалық саудасын өткізді. Шара халықаралық астық конференциясының аясында өтті.

2008 жылы  Нью-Йоркте Колумбия университеті Гарриман институтының профессоры Рафис Абазовтың «Орталық Азияның тарихи атласы» деп аталатын жаңа жұмысының таныстырылымы өтті.

Бұл кітап алғашқы орталықазиялық мемлекеттер (Соғды, Бактрия, Хорезм) құрылғаннан бастап, Ескендір Зұлқарнайын шабуылдарының дәуірі мен қазіргі кезеңге, құбырлар құрылыстары мен аймақ республикаларының халықаралық лаңкестікпен күреске атсалысуы кезеңі аралығын қамтыған тарихи шолу болып табылады.

Бөлісу: