21 Тамыз 2013, 06:36
1992 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті Қазақ мемлекеттік балалар және жасөспірімдер театрына Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Ғабит Мүсіреповтің есімін беру туралы шешім қабылдады.
1992 жылы «Қазақкино» мемлекеттік концерні құрылды.
Эстонияның Тәуелсіздік күні - Эстон Республикасының ұлттық мерекесі (1918).
Қазақстан Республикасы мен Эстон Республикасы арасында дипломатиялық қатынас 1992 жылы мамырдың 27-сінде орнаған.
Румынияның ұлттық мерекесі - Ұлттық жалау күні. Ол 1998 жылдан бері аталып өтіледі.
1917 жылы Торғай даласында атақты Доғал шайқасы болып өтті. Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық қозғалысындағы ең ірі шайқас саналады. Шайқаста Амангелдімен қатар, оның жауынгер серіктері Ыбырай Атамбеков, Кейкі Көкімов ерекше ерлік көрсетті.
2005 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында мұғалім Қанат Ибрагимовтың «Қазақ тілі» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Автор өзінің кітабында шет тілді оқыту әдісін пайдаланды. Оның оқулығы орыс мектептерінде оқитындарға арналған. Оқулық үш кітаптан және практикалық жаттығуларға арналған аудиодискілер. Оқулықтың баспагері Халықаралық Қоғамдық KATEV қоры.
2009 жылы Астанадағы Қазіргі заман өнері мұражайында халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің 105 жылдығына арналған оның шығармаларының көрмесі ашылды. Суретшінің жеке көрмесінде 17 өнер туындысы қойылған, оның ішінде 4 кескіндеме, 12 графика және 1 мүсін жұмысы бар.
2010 жылы елордада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ және «Ел» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты домбыра күйлері антологиясының тұсаукесері өтті.
Аталған шараға қатысқан Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед бүгінгі күн шын мәнінде қазақ тарихындағы «айтулы күн» екендігін атап өтіп, Елбасының тапсырмасына орай «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, Мемлекет басшысының алғысөзімен халқымыздың 1000 жылдық мәдени мұрасы, домбыраға, сыбызғыға, қобызға арналған 1000 үздік таңдаулы күйлерінің антологиясы шығып отырғандығын жеткізді. Антологияны жарыққа шығарған «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамы.
2000 данамен жарық көрген антология еліміздің кітапханаларына, мұражайларына тегін таратылмақ. Антология екі бөліктен тұрады. Бірінші кітапта елімізге есімі танымал күйшілердің өмірбаяндары, олардың туындыларының шығу тарихы сияқты мағлұматтар қазақ, орыс және ағылшын тілінде берілсе, келесі кітапшаның ішінде күй жазылған 41 диск орналасқан. Олар Шығыс Қазақстан, Жетісу, Арқа, Қаратау, Сыр өңірі, Батыс Қазақстан, Маңғыстау күйшілік дәстүрі, қазіргі заман күйлері, сыбызғы, қобыз күйлері деген тақырыптарға бөлініп берілген.