21 Тамыз 2013, 06:21
Бүкіләлемдік киттер күні. Бүкіләлемдік киттер күні - 1986 жылы Халықаралық кит аулау (International Whaling Commission - IWC) комиссиясында бекітілген. Сол жылы ақпанның 19-ында Халықаралық кит аулау комиссиясы дүниежүзінде кит аулау өнеркәсібі мен кит етін сатуға тыйым салған. Бірақ, ақпанның 19-ы киттерді қорғау күні ғана емес, сонымен бірге барлық мұхит пен теңіз сүт қоректілерін қорғау күні. Кейде әр мемлекеттің экологиялық ұйымдары жиналып, осы күнді толығымен жоғалып кету үстіндегі бірегей бір сүт қоректіні қорғауға арнайды.
2003 жылы Мәскеуде Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының алғашқы Экономикалық форумы ашылды. ЕурАзЭҚ құрамына кіретін Ресей, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің өкілдері өзара ықпалдастық іс-қимылдардың перспективаларын талқылап, қоғамдастық мемлекеттері экономикасын тұрақты дамыту жөніндегі ұсыныстарды талдады.
2007 жылы Алматыда «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер киностудиясы түсірген «Жаралы сезім» деп аталатын 2 сериялы көркем фильмнің таныстырылымы болды. Қос ғашықтың тағдырына арналған бұл фильмнің сюжеті нақты өмірден алынған. Идеяның авторы - Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик, Экономика институтының директоры және Қазақстан ғалымдары одағының президенті Оразалы Сәбден. Қоюшы режиссері - «Жас ұлан» киностудиясының директоры Еркін Рақышев. Фильмның негізгі кейіпкерлері Қанат пен Арайдың ролін сомдаған Қазақтың Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының кинорежиссура факультетінің түлегі Берік Арықбаев пен академияның халықаралық қатынастар факультетінің 2-ші курс студенті Регина Шамгунова.
1994 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Адам құқығы жөніндегі республикалық комиссия құру туралы» Жарлыққа қол қойды.
2007 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепілдіктерді қолдану туралы келісімге қосымша хаттаманы бекіту туралы», «Минотарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойды.
2009 жылы Иранның Гүлістан провинциясының орталығы Горган қаласында, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылғы желтоқсанның 15-дегі Жарлығымен Каспий теңізіндегі Иранның солтүстігіндегі Қазақстанның Бас консульдығы ресми түрде ашылды.
2009 жылы Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының Жаңажол кен орнында «Ақтөбемұнайгаздың» АҚ қуаттылығы 45 мВт газ тұрбалы электрстансасы ашылды.
Газ тұрбалы электрстансаның ашылуы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен ықпал етеді. Біріншіден, энергетикалық тәуелсіздігін толық қамтамасыз етеді, екіншіден, импортты қысқартады және аймақтың тұтынушыларына электр энергиясының құнын арзандатады.