21 Тамыз 2013, 06:20
Мейірімнің риясыз көріну күні. Бұл мейрамның жалпы дүниелік мағынасы бар, бұл мейрамды дүниежүзі азаматтығына, ұлтына, діни сенімдеріне қарамастан тойлайды. Бұл күні ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, барлығына мейірімді болуға тырысу керек, жәй ғана мейірімді емес, шексіз және пайдакүнемсіз мейірімді болу керек.
2006 жылы Астанада Қауіпсіздік бағыты» атты бағдарламаның таныстырылымы өтті.
Жыныстық жолдармен берілетін жұқпалы аурулардың жасөспірімдердің арасында таралуының алдын алуға бағытталған. «Қауіпсіздік бағыты» деп аталған ақпараттық-танымдық көрменің шартты түрде алынған бес «бекеті» бар. Оның біріншісінде оқушылар жыныстық аурулардың берілу жолдары туралы ақпарат алса, екінші «бекетте» АҚТҚ, ЖҚТБ туралы негізгі сұрақтарға жауаптар беріледі. Ал үшінші «бекетте» оқушылар өзара сенім мен сыйластық туралы дәріс алып, төртінші және бесінші «бекеттерде» «қажетсіз» жүктіліктен сақтанудың амалдарымен танысып, денсаулықты күтудің қаншалық маңызды екендігін түсінеді.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде Тіл комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдері дамытудың үйлестіру-әдістемелік республикалық орталығы әзірлеген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» жүйесінің тұсаукесер рәсімі өтті.
Осы жүйені әзірлеу үшін Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдері дамытудың үйлестіру-әдістемелік республикалық орталығына министрлік тарапынан тікелей тапсырма беріліп, соған орай тиісті жұмыс тобы құрылған. Аталған жұмыс тобына елімізге белгілі лингвист ғалымдармен қатар жас мамандар, сондай-ақ мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілге үйретіп жүрген мамандар қатысқан. Бұл бұрын соңды елімізде жасалмаған ауқымды, жүйелі, толыққанды, жан-жақты әдістемелік жүйе. Оның құрамында бүгінгі заманға сай аудио, видео сияқты барлық технологиялармен қамтылған 19 оқу-әдістемелік құрал бар.
2010 жылы Алматыда Қазақстандағы ұлттық идея туралы кітап жарық көрді.
«Қазақстандағы ұлттық идеяны» зерттеу барысына барлық басылымдар атсалысты. Сараптауға түскен қазақ тілді, түрлі позициядағы мерзімді басылымдар арасында ортақ компоненттер кездесті, қазақ тілі мәселесіне келгенде барлық БАҚ, мемлекеттік те, оппозициялық та басылымдар бірдей үн қатты. Қазақ тілі мәселесі бүгінгі күні ең өткір мәселе болып отырғандығы анықталды.
Оқу құралы журналистерге, гуманитарлық факультеттің студенттеріне және саясаттану, тарих, философия, әлеуметтану, масс-медиа мәселелері қызықтыратын жалпы көпшілікке арналған.
2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Жедел әрекет ету ұжымдық күштері туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды