13-ақпан

21 Тамыз 2013, 06:06

1993 жылы «Қазақстанкаспийшельф» теңіз мұнай кәсіпорны құрылды. Кәсіпорынның негізгі мақсаттары - Каспий теңізінің  Қазақстанға қарасты бөлігінің жер қойнауындағы мұнай-газ қорын анықтау, мұнай операцияларын іске асыру, осы аймақтың биоқорларын, минералдық байлық көздерін ашу және жағалаудағы қайраңдық кен орындарының игерілуін тездету, теңіз байлығын қазіргі заманғы техника мен технологияны, шет елдік компаниялардың әлемдік тәжірибесі мен инвестициясын пайдалана отырып игеру, Каспий маңы аймағының өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын жан-жақты дамыту болып табылады. Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінің жер қойнауындағы көмірсутек қорларын зерттеу және игеру жөніндегі кешенді бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 1993 жылы желтоқсанда Халықаралық мұнай компаниялары консорциумының негізі қаланды. Аталмыш консорциумның штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан. Ақтау мен Атырау қалаларында бөлімшелері бар. 1498 жылы   алғаш рет жазбаша түрде «бухгалтер» сөзі пайдаланылды. Неміс тілінен тікелей аударғанда «кітапұстаушы» деген мағынаны білдіреді. 1915 жылы  Семейде Еуропалық үлгідегі тұңғыш спектакль қойылды. Сахналанатын пьеса болмағандықтан, спектакльдің әдеби негізі ретінде Біржан мен Сараның айтысы алынды. Айтыстың сахналық жүйесін жасап, спектакльді қойған - Жүсіпбек Аймауытов. 2005 жылы  «Мемлекет қайраткерлерін мәңгі есте сақтау» бағдарламасының аясында аты аңызға айналған Қазақстанның жазушы-жауынгері Бауыржан Момышұлының 30 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Кітаптың шығармашылық тобына қазақстандық ғалымдар, тарихшылар, жазушылар, журналистер кірді. 2007 жылы  Қазақстан Республикасының танымал композиторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еңбек сіңірген өнер кайраткері және халық әртісі Кенжебек Күмісбековтің (1927-1987) есімі Ақмола облыстық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестріне берілді. К.Күмісбеков Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Кұмкөл ауылының тумасы, вокал өнері факультетінде музыкалық білім алды, содан кейін доцент Қ.А.Мұхитовтың домбыра класын бітірді. Ең танымал шығармалары - «Ықылас туралы поэмасы», «Қорқыт туралы аңыз», «Ой толқыны», «Дала сыры», «Фараби сазы», «Шалқыма» және басқалары. 2007 жылы  қазақ жазушысы, Михаил Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Сәбит Досанов Қырғыз Республикасының «Алтын қалам» ұлттық сыйлығының алтын медалімен марапатталды. 2006 жылы  Алматыда ЕҚЫҰ-ның Алматыдағы орталығы мен үкіметтік емес «Демократияға жәрдемдесу орталығы» ұйымы «Дау-жанжалдарды шешудің баламалы әдістері» жөніндегі ақпараттық кітапшаның тұсаукесері өтті. Орыс тілінде шыққан кітап заң, басқару және әлеуметтік сала қызметкерлеріне, үкіметтік емес ұйым өкілдеріне, оқытушылар мен студенттерге арналған. Онда дау-жанжалдарды реттеу туралы ақпараттар мен осы салалардағы тренингтер материалдары топтастырылған. 2008 жылы Павлодардағы «Базальт технологиялары» ЖШС-інің жылу сақтайтын материалдар шығаратын жаңа кәсіпорнында алғашқы өнім шығарылды.

1993 жылы «Қазақстанкаспийшельф» теңіз мұнай кәсіпорны құрылды. Кәсіпорынның негізгі мақсаттары - Каспий теңізінің  Қазақстанға қарасты бөлігінің жер қойнауындағы мұнай-газ қорын анықтау, мұнай операцияларын іске асыру, осы аймақтың биоқорларын, минералдық байлық көздерін ашу және жағалаудағы қайраңдық кен орындарының игерілуін тездету, теңіз байлығын қазіргі заманғы техника мен технологияны, шет елдік компаниялардың әлемдік тәжірибесі мен инвестициясын пайдалана отырып игеру, Каспий маңы аймағының өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын жан-жақты дамыту болып табылады. Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінің жер қойнауындағы көмірсутек қорларын зерттеу және игеру жөніндегі кешенді бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 1993 жылы желтоқсанда Халықаралық мұнай компаниялары консорциумының негізі қаланды. Аталмыш консорциумның штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан. Ақтау мен Атырау қалаларында бөлімшелері бар.

1498 жылы   алғаш рет жазбаша түрде «бухгалтер» сөзі пайдаланылды. Неміс тілінен тікелей аударғанда «кітапұстаушы» деген мағынаны білдіреді.

1915 жылы  Семейде Еуропалық үлгідегі тұңғыш спектакль қойылды. Сахналанатын пьеса болмағандықтан, спектакльдің әдеби негізі ретінде Біржан мен Сараның айтысы алынды. Айтыстың сахналық жүйесін жасап, спектакльді қойған - Жүсіпбек Аймауытов.

2005 жылы  «Мемлекет қайраткерлерін мәңгі есте сақтау» бағдарламасының аясында аты аңызға айналған Қазақстанның жазушы-жауынгері Бауыржан Момышұлының 30 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Кітаптың шығармашылық тобына қазақстандық ғалымдар, тарихшылар, жазушылар, журналистер кірді.

2007 жылы  Қазақстан Республикасының танымал композиторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еңбек сіңірген өнер кайраткері және халық әртісі Кенжебек Күмісбековтің (1927-1987) есімі Ақмола облыстық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестріне берілді.

К.Күмісбеков Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Кұмкөл ауылының тумасы, вокал өнері факультетінде музыкалық білім алды, содан кейін доцент Қ.А.Мұхитовтың домбыра класын бітірді.

Ең танымал шығармалары - «Ықылас туралы поэмасы», «Қорқыт туралы аңыз», «Ой толқыны», «Дала сыры», «Фараби сазы», «Шалқыма» және басқалары.

2007 жылы  қазақ жазушысы, Михаил Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Сәбит Досанов Қырғыз Республикасының «Алтын қалам» ұлттық сыйлығының алтын медалімен марапатталды.

2006 жылы  Алматыда ЕҚЫҰ-ның Алматыдағы орталығы мен үкіметтік емес «Демократияға жәрдемдесу орталығы» ұйымы «Дау-жанжалдарды шешудің баламалы әдістері» жөніндегі ақпараттық кітапшаның тұсаукесері өтті. Орыс тілінде шыққан кітап заң, басқару және әлеуметтік сала қызметкерлеріне, үкіметтік емес ұйым өкілдеріне, оқытушылар мен студенттерге арналған. Онда дау-жанжалдарды реттеу туралы ақпараттар мен осы салалардағы тренингтер материалдары топтастырылған.

2008 жылы Павлодардағы «Базальт технологиялары» ЖШС-інің жылу сақтайтын материалдар шығаратын жаңа кәсіпорнында алғашқы өнім шығарылды.

Бөлісу: