21 Тамыз 2013, 05:52
Ресей ғылымының күні. РФ Президентінің 1999 жылғы маусымның 7-індегі жарлығымен белгіленген. 283 жыл бұрын (1724) Петр I жобасымен және Сенат Жарлығымен Санкт-Петерборда Ғылым академиясының негізі қаланды. Ол Ресейдің алғашқы мемлекеттік ғылыми мекемесі болды.
2005 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде Ақмола облысының мәдени басқармасымен бірге халық шығармашылығы орталығы «Сарыарқа - сал-серiлер ак бесiгi» атты компакт-дискісін шығарды.
Оның ішіне Көкшетау қаласы суырып салма ақындарының өлең-жырлары кірді. Олардың ішінде «Манас» аңызы және Біржан салдың «Теміртас» жыры, Абайдың шығармалары және Баянғали Әлімжанов және Арман Бердалин орындайтын Иманжүсіптің «Ерейментауы» бар.
1924 жылы «Еңбекшіл қазақ» газетінің төртінші бетінде аптасына бір рет шығатын жастар беті ашылды. «Лениншіл жас» деп аталатын осы беттің редакторы Е.Алдоңғаров болды. 1925 жылдан бастап «Жас қайрат» атты дербес газет болып шықты.
Бұл басылым қай кезде де қазақ жастарының азамат болып қалыптасуына үлкен еңбек сіңірді. Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін газетке “Жас алаш” атауы қайтарылды. 2000 жылы ұлттық баспасөз клубы, Қазақстан баспасөз клубы, “Алтын жұлдыз” орталығымен бірігіп өткізген дәстүрлі “Алтын жұлдыз” бәйгесінде “Жас Алаш” жылдың ең үздік газеті атанып, “Алтын жұлдыз” белгісімен, газеттің бас редакторы Нұртөре Жүсіп мемлекеттік тіл мен ұлттық дәстүрді дамытуға сіңірген еңбегі үшін жылдың таңдаулы “Алтын адам” сыйлығымен марапатталды. Көлемі 3 баспа табақ. Таралымы 53800 дана.
2007 жылы Алматыда «MG Production» продюсерлік компаниясы «Қазақстанның алтын адамдары» сериясының «Песни души» атты деректі фильмін ұсынды. Фильм тірі аңыз, танымал әнші және әр түрлі тарихи кезеңдердің куәгері Бибігүл Төлегенова өмірінен мәлімсіз деректерді қамтиды. «Песни души» фильмі әншінің шығармашылық қызметінің 55 жылдығына арналады. Режиссерлері - Ася Сүлеева және Әнуар Райбаев.
2008 жылы Павлодарда алғаш рет қазақ тілінде облыстың төрт ауданы мен Екібастұз және Ақсу қалаларының әкімшілік-аумақтық карталары шығарылды.
Тәуелсіздік жылдары кейбір ауылдарға жаңа атаулар берілсе, енді біреулері тарихи атауларын қайтарып алған. Тілдерді дамытудың облыстық бағдарламасы аясында жүзеге асырылған карта шығарылымы Павлодар облысының 70 жылдығына орайластырылған.
2005 жылы Қазақстанда бірінші Халықаралық арбитражды сот ашылды. Ашылуына себепкер болған 2004 жылы желтоқсанның 28-інде қабылданған Қазақстан Республикасының «Аралық соттар туралы» және « Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы» заңдары.