7-ақпан

21 Тамыз 2013, 05:52

Гренада мемлекетінің Ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні (1974). Гренада Кіші Антиль аралдар тобына жататын аралдар мен Гренада аралдар тобының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Астанасы - Сент-Джорджес. Ресми тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - кариб доллары. 1984 жылы қабылданған конституциясы бойынша Ұлыбритания Королевасы мемлекет басшысы болып саналады. Елді генерал-губернатор басқарады. Заң шығарушы органы - екі палаталы (сенат және өкілдер) парламент. Атқару билігі Премьер-министр басқарған үкімет қолында. Солтүстік аумақтар күні. Жапониядағы атаулы күндер қатарында бұл күн ерекше орын алады. Өйткені, бұл ел ресейлік Кунашир, Итуруп, Шикотан аралдарын өзіне қайтару туралы мәселені күн тәртібінен түсірген емес. 1930 жылы Қазақстанның оңтүстігінде көтеріліс басталды. Қысқа мерзім ішінде Созақта жергілікті құқық қорғау органы қызметкерлері талқандалып, өкілдері мен белсенділері қаза тауып, 20-ға жуығы қамауға алынды. Көтерілісті ұйымдастырушы Сұлтанбек Шолақұлы хан болып сайланып, көмекшілері ретінде Әли Асадулла, бұрынғы милиция бөлім бастығы Бейсенбаев, Кужак, Д.Әтінбаев, К.Жолшиев, С.Шалымбетов, А.Дюганов, О.Оразбаев және Т.Аюбековтар тағайындалды. Олар «Кеңес үкіметі құрысын», «Хандық өкімет жасасын» және «Қазақ үкіметі жасасын» деген ұрандар тастады. Осы жағдай жөніндегі ақпараттан кейін үкімет Созақтың айналасын қоршауға алып, «коммунистер жасағынан» тұратын бірнеше қарулы жасақ әкеліп қойды. Көтерілісшілер Шолаққорғанға қарай шегінді, бірақ №6 ауылда Никитенконың жасағы оларды тоқтатты. 15-16 ақпанда көтерілісшілер ауданына Журавлев пен Логачев жасағы келіп жетті. 4 сағаттық ұрыс көтерілісшілердің жеңілуімен аяқталды. Хан Сұлтанбек өлтірілді, 200 жуық адам тұтқынға алынып, 400-ге жуық шаруа қаза болды. 2006 жылы Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде студенттер телевизиясы ашылды. 2008 жылы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде Қаржылық заң бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық құрылды. Орталықтың негізгі қызметі қаржылық заң бұзушылықтардың алдын алуда (профилактика) және ескертуде қаржылық бақылау органдарына ғылыми-әдістемелік жағынан жәрдем көрсету, мемлекеттік қаржыны бақылаудың көкейкесті проблемаларын зерттеу, сондай-ақ, бақылау және сараптау-талдау жұмыстарына жаңа тәсілдер мен технологияларды әзірлеп, енгізу орталықтың негізгі қызметі болып табылады. Орталық отандық ғылыми-зерттеу институтарымен, жоғары оқу орындарымен және мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнатылды.

Гренада мемлекетінің Ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні (1974). Гренада Кіші Антиль аралдар тобына жататын аралдар мен Гренада аралдар тобының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Астанасы - Сент-Джорджес. Ресми тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - кариб доллары. 1984 жылы қабылданған конституциясы бойынша Ұлыбритания Королевасы мемлекет басшысы болып саналады. Елді генерал-губернатор басқарады. Заң шығарушы органы - екі палаталы (сенат және өкілдер) парламент. Атқару билігі Премьер-министр басқарған үкімет қолында.

Солтүстік аумақтар күні. Жапониядағы атаулы күндер қатарында бұл күн ерекше орын алады. Өйткені, бұл ел ресейлік Кунашир, Итуруп, Шикотан аралдарын өзіне қайтару туралы мәселені күн тәртібінен түсірген емес.

1930 жылы Қазақстанның оңтүстігінде көтеріліс басталды. Қысқа мерзім ішінде Созақта жергілікті құқық қорғау органы қызметкерлері талқандалып, өкілдері мен белсенділері қаза тауып, 20-ға жуығы қамауға алынды. Көтерілісті ұйымдастырушы Сұлтанбек Шолақұлы хан болып сайланып, көмекшілері ретінде Әли Асадулла, бұрынғы милиция бөлім бастығы Бейсенбаев, Кужак, Д.Әтінбаев, К.Жолшиев, С.Шалымбетов, А.Дюганов, О.Оразбаев және Т.Аюбековтар тағайындалды. Олар «Кеңес үкіметі құрысын», «Хандық өкімет жасасын» және «Қазақ үкіметі жасасын» деген ұрандар тастады. Осы жағдай жөніндегі ақпараттан кейін үкімет Созақтың айналасын қоршауға алып, «коммунистер жасағынан» тұратын бірнеше қарулы жасақ әкеліп қойды. Көтерілісшілер Шолаққорғанға қарай шегінді, бірақ №6 ауылда Никитенконың жасағы оларды тоқтатты. 15-16 ақпанда көтерілісшілер ауданына Журавлев пен Логачев жасағы келіп жетті. 4 сағаттық ұрыс көтерілісшілердің жеңілуімен аяқталды. Хан Сұлтанбек өлтірілді, 200 жуық адам тұтқынға алынып, 400-ге жуық шаруа қаза болды.

2006 жылы Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде студенттер телевизиясы ашылды.

2008 жылы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде Қаржылық заң бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық құрылды.

Орталықтың негізгі қызметі қаржылық заң бұзушылықтардың алдын алуда (профилактика) және ескертуде қаржылық бақылау органдарына ғылыми-әдістемелік жағынан жәрдем көрсету, мемлекеттік қаржыны бақылаудың көкейкесті проблемаларын зерттеу, сондай-ақ, бақылау және сараптау-талдау жұмыстарына жаңа тәсілдер мен технологияларды әзірлеп, енгізу орталықтың негізгі қызметі болып табылады.

Орталық отандық ғылыми-зерттеу институтарымен, жоғары оқу орындарымен және мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнатылды.

Бөлісу: