5-ақпан

21 Тамыз 2013, 05:40

Мексиканың мемлекеттік мерекесі - Конституция күні. Мексика Құрама Штаттары Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде АҚШ-пен, оңтүстік-шығысында Гватемала және Белизбен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Тынық мұхитының, шығысы Атлант мұхитының жағалауларын алып жатыр. Астанасы - Мехико қаласы. Ресми тілі - испан тілі. Ақша бірлігі - песо. 1917 жылғы ақпанның 5-інде қабылданған Конституция бойынша мемлекет басшысы - президент. Президентті халық 6 жыл мерзімге сайлайды. Жоғары заң шығарушы органы Сенат (6 жыл мерзімге сайланады) пен Депутаттар палатасынан (3 жыл мерзімге сайланады) құралатын Ұлттық конгресс. Жоғары атқарушы органы - Министрлер Кабинеті. Мексика әкімшілігі жағынан 31 штат пен федералдық астаналық округке бөлінеді. Қазақстан Республикасы мен Мексика Құрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы сәуірдің 13-інде орнатылды. 1996 Қазақстан телекоммуникациялар консорциумы (КАТЕЛКО) құрылды. 2010 жылы Норвегия Корольдігінің тақ мұрагері, ханзада Хокон Магнус елордадағы БҰҰ Даму бағдарламасы мен норвегиялық SYSLAB жобасының қолдауымен ашылған Инновацияларды дамыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу орталығын ашты. SYSLAB жобасы 1992 жылы Норвегияның «Хиб-Сислаб» кәсіпорынында кіші және орта бизнестің мақсаттарын біріктіру үшін құрылған. Жобаның авторы және негізін қалаушы - Берген қаласының Жоғары технологиялар орталығының директоры Ян Йохонссен. Елімізде аталған жобаның Алматы, Астана және Шымкент қалаларында орталықтары бар. Жобаның негізгі мақсаты - ұзақ уақыт бойы жұмыссыз жүрген жоғары білімді маманның жұмысқа орналасуына қол ұшын беру. 1969 жылы жазушы,  мәдениеттанушы және журналист, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ҰК» бас редакторы Дидар АМАНТАЙ дүниеге келді. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Орта мектепті бітірген соң, 1986 жылы Қазақ политехникалық институтына түседі. 1989-1994 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Философия және политология» факультетін үздік бітірген. 1994-1997 жылдары Театр және кино институтын кинодраматург мамандығы бойынша үздік бітіріп шығады. 1987-1989 жылдары «Жас алаш», «Заман Қазақстан» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1997-2002 жылдары «Хабар» агенттігінде бағдарлама редакторы, «Майдан» токшоу редакторлар бөлімінің жетекшісі, «Бетпебет» бағдарламасының жүргізушісі, 2002-2004 жылдары «Зерде» жобалау тобының жетекшісі, 2004 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазахфильм» ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы, 2005-2006 жылдары «Ел мен жер» және «Азамат кz» газетінің директоры, 2004-2008 жылдары «Начнем с понедельника» газетінің Бас директоры және бас редакторы, 2008 жылы іскерлік «Азамат» газетінің директоры, 2006-2008 жылдары «31 арнаның» «Абайтану» және «Замандастар» телевизиялық бағдарламаларының авторы және жүргізушісі. 2009 жылдан Ш.Айманов атындағы «Қазахфильм» Ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы. Алғашқы кітабы 1996 жылы «Постскриптум» деген атпен жарық көрді. Кейіннен «Қастерле мені» (2000), «Гүл мен кітап» (2003), «Күзгі рандеву» (2005) кітаптарымен қатар, «Нұрғиса Тілендиев», «Әлжаппар Әбішев» деректі фильмдердің, «ФЭФ» көркем фильмдерінің сценариін жазған. «Дарын» мемлекеттік Жастар сыйлығының (1999), Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты (2007).

Мексиканың мемлекеттік мерекесі - Конституция күні. Мексика Құрама Штаттары Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде АҚШ-пен, оңтүстік-шығысында Гватемала және Белизбен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Тынық мұхитының, шығысы Атлант мұхитының жағалауларын алып жатыр. Астанасы - Мехико қаласы. Ресми тілі - испан тілі. Ақша бірлігі - песо. 1917 жылғы ақпанның 5-інде қабылданған Конституция бойынша мемлекет басшысы - президент. Президентті халық 6 жыл мерзімге сайлайды. Жоғары заң шығарушы органы Сенат (6 жыл мерзімге сайланады) пен Депутаттар палатасынан (3 жыл мерзімге сайланады) құралатын Ұлттық конгресс. Жоғары атқарушы органы - Министрлер Кабинеті. Мексика әкімшілігі жағынан 31 штат пен федералдық астаналық округке бөлінеді.

Қазақстан Республикасы мен Мексика Құрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы сәуірдің 13-інде орнатылды.

1996 Қазақстан телекоммуникациялар консорциумы (КАТЕЛКО) құрылды.

2010 жылы Норвегия Корольдігінің тақ мұрагері, ханзада Хокон Магнус елордадағы БҰҰ Даму бағдарламасы мен норвегиялық SYSLAB жобасының қолдауымен ашылған Инновацияларды дамыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу орталығын ашты.

SYSLAB жобасы 1992 жылы Норвегияның «Хиб-Сислаб» кәсіпорынында кіші және орта бизнестің мақсаттарын біріктіру үшін құрылған. Жобаның авторы және негізін қалаушы - Берген қаласының Жоғары технологиялар орталығының директоры Ян Йохонссен. Елімізде аталған жобаның Алматы, Астана және Шымкент қалаларында орталықтары бар. Жобаның негізгі мақсаты - ұзақ уақыт бойы жұмыссыз жүрген жоғары білімді маманның жұмысқа орналасуына қол ұшын беру.

1969 жылы жазушы,  мәдениеттанушы және журналист, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ҰК» бас редакторы Дидар АМАНТАЙ дүниеге келді.

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Орта мектепті бітірген соң, 1986 жылы Қазақ политехникалық институтына түседі. 1989-1994 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Философия және политология» факультетін үздік бітірген. 1994-1997 жылдары Театр және кино институтын кинодраматург мамандығы бойынша үздік бітіріп шығады. 1987-1989 жылдары «Жас алаш», «Заман Қазақстан» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1997-2002 жылдары «Хабар» агенттігінде бағдарлама редакторы, «Майдан» токшоу редакторлар бөлімінің жетекшісі, «Бетпебет» бағдарламасының жүргізушісі, 2002-2004 жылдары «Зерде» жобалау тобының жетекшісі, 2004 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазахфильм» ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы, 2005-2006 жылдары «Ел мен жер» және «Азамат кz» газетінің директоры, 2004-2008 жылдары «Начнем с понедельника» газетінің Бас директоры және бас редакторы, 2008 жылы іскерлік «Азамат» газетінің директоры, 2006-2008 жылдары «31 арнаның» «Абайтану» және «Замандастар» телевизиялық бағдарламаларының авторы және жүргізушісі. 2009 жылдан Ш.Айманов атындағы «Қазахфильм» Ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы. Алғашқы кітабы 1996 жылы «Постскриптум» деген атпен жарық көрді. Кейіннен «Қастерле мені» (2000), «Гүл мен кітап» (2003), «Күзгі рандеву» (2005) кітаптарымен қатар, «Нұрғиса Тілендиев», «Әлжаппар Әбішев» деректі фильмдердің, «ФЭФ» көркем фильмдерінің сценариін жазған. «Дарын» мемлекеттік Жастар сыйлығының (1999), Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты (2007).

Бөлісу: