21 Тамыз 2013, 05:40
Жапониядағы шамдар мерекесі - Мандоро. Бұл күні Касуга (Жапонияның бұрынғы астанасы Нара қаласы) храмында шамдар жағылады. Мереке көктемді қарсы алуға арналған.
Сэцубун - Жапонияда Жаңа жыл қарсаңы. Ақпанның 3-і немесе 4-і күні Жапонияда Сэцубун мерекесі тойланады (ескі күнтізбе бойынша Жаңа жыл қарсаңы). Сэцубун - жаңа жылдық ауысымның бастамасы. Мерекенің мақсаты - жын-перілерді қуу және зұлымдыққа жол бермеу. Сэцубун түнінде үйлерде Мамэ-маки («бұршақ шашу») салтанаты өтеді. Балалар кеселерге бұршақ салып, оларды әр бөлменің ішіне шаша жүріп, жын-перілерді қуатын дұғалар оқиды. Мерекенің соңында әрбір адам өзінің жасы нешеде болса, соншалықты бұршақ жейді. Бұл ырым жын-шайтандарды қуады және бүкіл жыл бойына денсаулықты сақтайды дегенді білдіреді.
1959 жылы жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты СӘТТІБАЙҰЛЫ Көсемәлі дүниеге келді. Ол қазіргі Қарағанды облысы, Ұлытау ауданындағы "Аманкелді" аулында 1916 жылы дүниеге келді. Болашақ дәуірдің балғын бесігінен жаңа аттанған шағын Баубек әуелінен шешесінен, артынан әкесінен айырылып, жетім қалады. Немере ағасының қолында тәрбиеленіп, оқып білім алады.
Әдебиетте жарқ етіп көрініп, тез сөнген, жастай кеткен Баубек Бұлқышевтың шағын өмірі әрі аянышты, әрі қызықты. Жаңа сілтеп келе жатқан қаламы еске түссе өкініш келеді, дауылды өмірі, ерлік ісі еске түссе бойыңды мақтаныш билейды. Оның өмірі – нағыз совет жасының өмірін елестетеді.
2005 жылы Алматыда Қазақстан-Американ талдау және болжау институты құрылды. Мұндағы басты мақсат - Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланысты кеңейту. Институт еліміздің қазіргі таңдағы қоғамдық-саяси жағдайына талдау жасаумен айналысады. Институтты шетелдік ұйымдар қаржыландырады.
2007 жылы Алматыда қазақ киносының алғашқы коллекциялық жинағының таныстырылымы өтті. Оны «ТұранӘлем Банкінің» қолдауымен «Kazakh Cinema Distribution» компаниясы шығарған. Бұл жинаққа қазақ киносының әр кезеңде жарық көрген 30 фильмі топтастырылған. Олардың ішінде «Амангелді», «Қыз Жібек», «Транссібір экспресі», «Менің атым Қожа», «Сұлтан Бейбарыс», «Балкон» «Даладағы қуғын», «Алпамыс мектепке барады», «Ине», «Айналайын», «Кардиограмма», «Заманай», «Мәншүк туралы аңыз» және «Ботакөз» сияқты фильмдер бар.
2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ядролық қауіпсіздік туралы конвенцияны ратификациялау туралы», «Ядролық апат туралы жедел хабарлау жөніндегі конвенцияны ратификациялау туралы», «Ядролық апат жағдайындағы немесе радиациялық апат жағдайындағы көмек туралы конвенцияны ратификациялау туралы», «Пайдаланылған отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы біріктірілген конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.