2-ақпан

21 Тамыз 2013, 05:39

Суыр күні (АҚШ). Суыр күні - христиандық Еуропадан  келген және елде кеңінен танымал дәстүрлердің бірі. Еуропада ақпанның 2-сін Candlemas «Балауыздар күні» деп атаған. Ырымға сенсек, егер сол күні күн ашық болса, қыстың екінші жартысы суық болады деп болжанған. Ал АҚШ-та 2 ақпан күні қысқы ұйқыдан оянған суырдың «ауа райы туралы болжамын» бақылау рәсімі мыңдаған адамның қатысуымен өтеді. Егер мақұлық өз көлеңкесін көрмесе және інінен тыныш шықса, көктем ерте келеді деп саналады. Ал егер суыр өз көлеңкесін көрсе және ініне қайта  тығылса,  қыс әлі тағы 6 айда созылады деген сенім бар.  Ресейдегі әскери даңқ күні - Сталинград шайқасы. 1943 жылы кеңес әскерлерінің Сталинград шайқасында неміс басқыншыларының әскерін талқандауы құрметіне орай бекітілген. Бүкіләлемдік сулы-сазды жерлер күні. Ақпанның 2-інде Бүкіләлемдік сулы-сазды жерлер күні атап өтіледі. 1971 жылғы ақпанның 2-інде Рамсар қаласында (Иран) Сулы-сазды жерлер конвенциясына қол қойылды. 1997 жылы дәл осы күні Бүкіләлемдік сулы-сазды жерлер күні жарияланды. Бұл оқиға әр түрлі елдердегі қоғам мен үкіметтерінің назарын жер шарының тұрақты дамуын қолдауға пайдалы сулы-сазды жерлердің құндылығына аударуға шақырады Әзірбайжан жастарының күні. 1996 жылғы ақпанның 2-інде Жастар және спорт министрлігінің бастамасымен, сонымен қатар Әзірбайжан Республикасы Президентінің Жарлығымен бірінші Әзірбайжан Жастарының Форумы өтті. 2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада халықаралық әуежайдың жаңа ғимаратын ашты. Ғимарат бес деңгейдегі жолаушылар үшін екі негізгі қабаттан және қазақтың киіз үйі тәрізді күмбез ішіндегі үш қабаттан тұрады. Олар алты телескоптық траптармен жабдықталған. Жаңа әуежайдың өткізу мүмкіндігі қауырт шақта тәулігіне 750 жолаушыға дейін болса, жүк терминалы тәулігіне 600 тоннаға дейін өткізе алады. 2010 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында прозаик Алла Алтынованың «Роза ветров» атты орысша  кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Аталмыш кітап автордың тұңғыш туындысы. Кітап деректі повесть емес, өз өміріндегі болған оқиғалар мен тағдыр туралы өз пікір, ұғынымын жеткізген, көркем әдеби шығарма. Бұл кітапті өмірбаяндық шығарма деуге де болады. Туындының тәлімдік тәрбиелік мәні бар. Авторды  әлеуметтік мәселелер, әсіресе жетім балалар мәселелері, сонымен қатар, отбасы беріктігі мен ана міндетінің маңыздылығы толғандыратыны кітапта анық байқалады.

Суыр күні (АҚШ). Суыр күні - христиандық Еуропадан  келген және елде кеңінен танымал дәстүрлердің бірі. Еуропада ақпанның 2-сін Candlemas «Балауыздар күні» деп атаған. Ырымға сенсек, егер сол күні күн ашық болса, қыстың екінші жартысы суық болады деп болжанған.

Ал АҚШ-та 2 ақпан күні қысқы ұйқыдан оянған суырдың «ауа райы туралы болжамын» бақылау рәсімі мыңдаған адамның қатысуымен өтеді. Егер мақұлық өз көлеңкесін көрмесе және інінен тыныш шықса, көктем ерте келеді деп саналады. Ал егер суыр өз көлеңкесін көрсе және ініне қайта  тығылса,  қыс әлі тағы 6 айда созылады деген сенім бар. 

Ресейдегі әскери даңқ күні - Сталинград шайқасы. 1943 жылы кеңес әскерлерінің Сталинград шайқасында неміс басқыншыларының әскерін талқандауы құрметіне орай бекітілген.

Бүкіләлемдік сулы-сазды жерлер күні. Ақпанның 2-інде Бүкіләлемдік сулы-сазды жерлер күні атап өтіледі. 1971 жылғы ақпанның 2-інде Рамсар қаласында (Иран) Сулы-сазды жерлер конвенциясына қол қойылды. 1997 жылы дәл осы күні Бүкіләлемдік сулы-сазды жерлер күні жарияланды. Бұл оқиға әр түрлі елдердегі қоғам мен үкіметтерінің назарын жер шарының тұрақты дамуын қолдауға пайдалы сулы-сазды жерлердің құндылығына аударуға шақырады

Әзірбайжан жастарының күні. 1996 жылғы ақпанның 2-інде Жастар және спорт министрлігінің бастамасымен, сонымен қатар Әзірбайжан Республикасы Президентінің Жарлығымен бірінші Әзірбайжан Жастарының Форумы өтті.

2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада халықаралық әуежайдың жаңа ғимаратын ашты. Ғимарат бес деңгейдегі жолаушылар үшін екі негізгі қабаттан және қазақтың киіз үйі тәрізді күмбез ішіндегі үш қабаттан тұрады. Олар алты телескоптық траптармен жабдықталған. Жаңа әуежайдың өткізу мүмкіндігі қауырт шақта тәулігіне 750 жолаушыға дейін болса, жүк терминалы тәулігіне 600 тоннаға дейін өткізе алады.

2010 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында прозаик Алла Алтынованың «Роза ветров» атты орысша  кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Аталмыш кітап автордың тұңғыш туындысы.

Кітап деректі повесть емес, өз өміріндегі болған оқиғалар мен тағдыр туралы өз пікір, ұғынымын жеткізген, көркем әдеби шығарма. Бұл кітапті өмірбаяндық шығарма деуге де болады. Туындының тәлімдік тәрбиелік мәні бар. Авторды  әлеуметтік мәселелер, әсіресе жетім балалар мәселелері, сонымен қатар, отбасы беріктігі мен ана міндетінің маңыздылығы толғандыратыны кітапта анық байқалады.

Бөлісу: