21 Тамыз 2013, 05:39
АҚШ-та Ұлттық бостандық күні. АҚШ Президенті А.Линкольн АҚШ Конституциясына «Құлдықты жою туралы» 13-ші түзету енгізу жөнінде конгресс қарарына қол қойды. Құлдықты жою идеясының жақтастары жеңіске жетті. Бұл - Азаматтық соғыс (1861-1865) арқылы қол жеткізілген ұлы жеңіс болатын. Қарар 1865 жылы желтоқсанның 18-інде күшіне енді.
Алжирдегі орын ауыстыру күні. 1968 жылғы Мерс-эль-Кебир әскери-теңіз базасын тарату құрметіне орай бекітілген. Сонымен қатар Алжир жерінен соңғы шет ел салдатын көшіру ретінде де аталынады.
Қытай халқының Жаңа жылы немесе Көктем мерекесі. Қытай халқының асыға күтетін ең басты, ең сүйікті мейрамы – жаңа жыл мерекесі. Мейрам күні қаңтардың екінші жартысынан ақпанның тоғызына дейін тойланады. Мұны қытайлар "Чуньцзе", яғни "көктемді қарсы алу мейрамы" деп атайды. Бұл мерекеге Қытай елі ерекше мән береді. Бұл турасында бізге қытайтанушы, профессор Ибрахим Қашқари өз кезегінде айтқан болатын. Қытайдың үш мың жылдық тарихы бар жаңа жыл мерекесінде, арнайы мерекелік тағам тұшпара дайындалады.
Иранда ислам революциясының күні. Бұл мереке 1979 жылы ақпанның 1-інде көп жылдар бойы айдауда болған Рухолла Мусави Хомейни имамның елге оралуымен байланысты. Дәстүрлі мерекелі шараның өз атауы «Фаджр» - «Таң сәрі» деген мағынаны білдіреді
2001 жылы Петропавл қаласында «Асыл мұра» тарихи-мәдени, ғылыми-әдістемелік орталығы құрылды. Орталықтың негізгі міндеті - Солтүстік Қазақстан облысының атақты адамдары туралы мәліметтер мен материалдар жинау. «Асыл мұра» Тоқсан би, Қожаберген жырау, белгілі ақын Баймағанбет Ізтөлин туындыларын, көрнекті жазушылар С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мерейтойларына арналған шағын сувенирлік кітаптар, ақын М.Жұмабаевтың «Жыр жұлдызы» деп аталатын сувенирлік өлең жинағын әзірлеп, жарыққа шығарды.
2007 жылы Қазақстанда кітап шығарудың 200-жылдық мерейтойы қарсаңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттері прозалық, ақындық, сатиралық шығармаларының жинағы басылып шықты.
«Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын...» атты кітапты баспа ісі және редакциялау кафедрасының журналистика факультеті шығарды. «Журналистика шеберлігі және редакциялау кафедрасы» ретінде 1976 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр. Оның ашылуының бастаушысы - танымал ғалым, профессор Тауман Амандосов. 1998 жылы кафедра өзінің жаңа атауына ие болды.