Әлемді құмырсқалар қаптап барады

21 Тамыз 2013, 05:07

Құмырсқалар адам өмірі мен қоршаған ортаға қауіп төндіріп тұр. Испаниялық ғалымдардың мәліметінше, құмырсқалардың 600-ден астам түрі дүниежүзі бойынша жылдам көбейіп барады. Жәндіктер жаңа отар түзіп, байырғы жергілікті құмырсқа­лар­дың басқа аймаққа көшу үдерісін туғызған. Айталық, Еуро­пада ар­ген­­тиналық агрессивті құмырсқа­лардың алып ордалары пайда болды. Зерттеуші Вероника Мира­ветенің айтуынша, бұл жайт эко­жүйенің бұзылуына әкеліп соғады. Құмырсқалардың тағы 768 түрі әлемге кездейсоқ таралған. «Олар бір аймақтан келесі аймаққа су және әуе көліктерімен жеткізілетін жеміс-жидек контейнерлері, топы­рақ, декоративті бұйымдар арқылы таралып жатыр. Құмырсқа­лардың 85%-ы жылдам көбейеді, әрі жаңа мекенге тез бейімделеді. Сол себепті олар адам өміріне, қор­шаған ортаға және барлық инфра­құрылымға қауіп төндіріп тұр», – дейді В.Миравете Segodnya.ua порталында. Baq.kz

Құмырсқалар адам өмірі мен қоршаған ортаға қауіп төндіріп тұр. Испаниялық ғалымдардың мәліметінше, құмырсқалардың 600-ден астам түрі дүниежүзі бойынша жылдам көбейіп барады.

Жәндіктер жаңа отар түзіп, байырғы жергілікті құмырсқа­лар­дың басқа аймаққа көшу үдерісін туғызған. Айталық, Еуро­пада ар­ген­­тиналық агрессивті құмырсқа­лардың алып ордалары пайда болды. Зерттеуші Вероника Мира­ветенің айтуынша, бұл жайт эко­жүйенің бұзылуына әкеліп соғады. Құмырсқалардың тағы 768 түрі әлемге кездейсоқ таралған. «Олар бір аймақтан келесі аймаққа су және әуе көліктерімен жеткізілетін жеміс-жидек контейнерлері, топы­рақ, декоративті бұйымдар арқылы таралып жатыр. Құмырсқа­лардың 85%-ы жылдам көбейеді, әрі жаңа мекенге тез бейімделеді. Сол себепті олар адам өміріне, қор­шаған ортаға және барлық инфра­құрылымға қауіп төндіріп тұр», – дейді В.Миравете Segodnya.ua порталында.

Baq.kz

Бөлісу: