21 Тамыз 2013, 05:01
Молдовада прокуратура қызметкерлерiнiң күнi.
Украинада өрттен қорғау қызметкерлерiнiң күнi. Жыл сайын қаңтардың 29-ында аталып өтеді.
1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды.
1993 жылы Швейцарияның Давос қаласында Бүкілдүниежүзілік экономикалық форум өтті. Оған Елбасы Н.Ә.Назарбаев қатысып, «Бритиш» және «Аджип» компаниялары Қазақстандағы ірі Қарашығанақ мұнай-газ кен орнын игеруге жарияланған тендерді ұтып алғанын хабарлады.
1998 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Талғат Мұсабаев бастаған халықаралық экипаж ғарышқа аттанды.
1999 жылы Олжас Сүлейменовтің Ізгілік академиясы ашылды.
1934 жылы Шымкент қорғасын зауыты іске қосылды. Қазір осы зауыт ТМД елдері бойынша қорғасын қалдықтарын өңдеу ісімен айналысатын ең ірі кәсіпорын болып есептеледі.
2000 жылы Румынияның Бая Маре қаласында қазақстан-румын бірлескен «Ромалтын» серіктестігінің тұсаукесер рәсімі өтті.
1710 жылы Ресейде азаматтық шрифт пайда болды. Ол бұрынғы орыс жазуын алмастырды. Азаматтық шрифтпен терілген алғашқы кітап «Славян жер өлшемі геометриясы» деп аталды. Бұл жазу Петрдің енгізген реформасының бір ғана бөлшегі. Бұл шрифт қазіргі орыс алфавитінің негізі болып саналады.
1886 жылы Карл Бенц газ қозғалтқышы арқылы жүретін экипажға патент алды. Ол машинаны жүргізетін бұл жаңалығын «Моторваген» деп атады.
1927 жылы Англияда жуынып, шайынатын бөлмесі бар қонақ үй пайда болды. Ол уақытта мұндай қонақ үйлер өте қымбатқа бағаланды, ал қазір мұз қонақ үйлер де шықты. Әр қыста Швецияда тек мұздан жасалған қонақ үй пайда болады. 90-шы жылдардың басында Поляр шеңберіне жақын орналасқан қонақ үйдің иесі қар мен мұздың туристердің назарын аударатынын ұқты. Сондай-ақ мұздан жасалған шіркеу, мұз экранды кинотеатрлар да бар.
1960 жылы Вашингтон университетінің дәрігерлері алғаш рет жасанды бүйректі ойлап тапты.
2000 жылы Лас-Вегас казиносының даяшысы Сания Джей «жалғыз қолды бандит» автоматынан 35 миллион доллар ұтып алды.
1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды.
1936-1999 жылдары жазушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мағзом Сүндетов дүниеге келді.
2010 жылы Павлодарда «Ұрпағым, саған арналады» («Тебе, товарищ потомок») деген атпен жаңа кітап жарық көрді.
Оның авторы, Ұлы Отан соғысының ардагері, облыстық өлкетану мұражайының бұрынғы директоры Михаил Гапон, кітап беттерінде атақты павлодарлықтардың - Кеңес Одағы Батырларының, Даңқ орденінің толық иегерлерінің, өмірбаяндары жарияланып отыр. Автор сондай-ақ, Александр Невский орденімен марапатталған жерлестері туралы да әңгімелейді.
Басылымның бетінде Ауғанстанда жауынгерлік борышын өтеу кезінде қаза тапқан интернационал-жауынгерлердің есімдері де бар. Оған қоса, 1941 жылы Мәскеуде өткен Жеңіс шеруіне қатысқан павлодарлықтардың толық есімдері алғаш жарияланып отыр. Және Жеңістің 60 жылдығына орай Астанада өткен парадқа қатысушылардың есімдері де басылған.
«Ұрпағым, саған арналады» кітабы - Михаил Гапонның жерлестері мен қаруластарына арнаған екінші кітабы. «Олардың есімі мәңгі ұмытылмайды» («Их имена увековечены») деп аталатын алғашқы кітабы 2001 жылы жарық көрген болатын.