28-қаңтар

21 Тамыз 2013, 05:00

Ядролық қаруға қарсы жұмылудың халықаралық күні. 1985 жылы Үндістан, Аргентина, Грекия, Мексика, Танзания және Швецияның мемлекет және үкімет басшыларының Делиде өткен кездесуінде Дели декларациясы қабылданды. Онда ядролық қаруы бар ірі мемлекеттерді, басқа да елдердің парламенттері мен үкіметтерін ядролық қаруды көбейту ісіне қарсылық білдіруге шақырды. 1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды. 1993 жылы ҚР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясын қабылдады. 1994 жылы «Түркістан» апталық газетінің алғашқы саны жарық көрді. АҚШ-тың Флорида штатында «Челенджер» ғарыш кемесі әуеге көтерілді. Экипаж мүшелерінің ішінде социология пәнінің оқытушысы, ғарышқа ұшатын алғашқы азаматтық адам Криста МакОлифф те болған еді. Криста байқауды жеңіп алып, бірнеше ай бойы талмай дайындалып, ұшуға дайындалған. Жүздеген адам ғарыш кемесінің әуеге көтерілуін бақылап тұрды, оның арасында Кристаның отбасы да болған-ды. Мыңдаған адам тікелей эфирден космостың ұшырылуын көріп отырды. Әуе кемесі әуеге көтерілген соң жетпіс үш секундта көрермендер мен бақылаушылардың көз алдында жарылды. Бұл АҚШ космонавтикасындағы ең үлкен апат еді. 1820 жылы Антарктида ашылды. Қарамағында «Восток» пен «Мирный» кемелері бар адмирал Беллинсгаузен бастаған экспедиция белгісіз құрлыққа жақындады. Мұз құрсанған құрлықты көрген Беллинсгаузен мен «Мирный» кемесінің капитаны Лазарев оның мұзды құрлық екенін анықтады. Алайда орыстардың бұлтақсыз дәйегіне қарамастан, ағылшындар бұл құрлықты ертеректе ашқанын айтуда. Алайда ағылшын Эдвард Брэнсфилд Антарктиданы Беллинсгаузеннен екі күнге кешігіп көрген. 1918 жылы Кеңес Халықтық комитеті Жұмысшы-крестьян Қызыл Армиясын құру туралы қаулы қабылдады. Армия, кейінірек флот еріктілерден құралды. Қызыл Армияны құруды Бүкілресейлік коллегия басшылыққа алды. 1873-1937 жылдары  ақын, әдебиет зерттеушісі, ғалым, қазақ тіл білімінің атасы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келді. Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесін, Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарған. 1909 жылы патша үкіметінің саясатына қарсы наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 жылы жер аударылған. 1913 жылы Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болған. Қазақ елінің тәуелсіз мемлекеттігін армандап, сол жолда күрескен Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі көсемдерінің бірі болған ол кеңес өкіметі бел алған кезеңде халқына қызмет ету үшін большевиктер жағына шығып, 1919 жылы маусымның 24-інде Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалған. 1922-1925 жылдары Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, «Ақ жол» газетінің қызметкері, 1925-1929 жылдары Қазақ Халық ағарту институтының (Ташкент) және Қазақ педагогикалық институтының оқытушы болған.

Ядролық қаруға қарсы жұмылудың халықаралық күні. 1985 жылы Үндістан, Аргентина, Грекия, Мексика, Танзания және Швецияның мемлекет және үкімет басшыларының Делиде өткен кездесуінде Дели декларациясы қабылданды. Онда ядролық қаруы бар ірі мемлекеттерді, басқа да елдердің парламенттері мен үкіметтерін ядролық қаруды көбейту ісіне қарсылық білдіруге шақырды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

1993 жылы ҚР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясын қабылдады.

1994 жылы «Түркістан» апталық газетінің алғашқы саны жарық көрді.

АҚШ-тың Флорида штатында «Челенджер» ғарыш кемесі әуеге көтерілді. Экипаж мүшелерінің ішінде социология пәнінің оқытушысы, ғарышқа ұшатын алғашқы азаматтық адам Криста МакОлифф те болған еді. Криста байқауды жеңіп алып, бірнеше ай бойы талмай дайындалып, ұшуға дайындалған. Жүздеген адам ғарыш кемесінің әуеге көтерілуін бақылап тұрды, оның арасында Кристаның отбасы да болған-ды. Мыңдаған адам тікелей эфирден космостың ұшырылуын көріп отырды. Әуе кемесі әуеге көтерілген соң жетпіс үш секундта көрермендер мен бақылаушылардың көз алдында жарылды. Бұл АҚШ космонавтикасындағы ең үлкен апат еді.


1820 жылы Антарктида ашылды. Қарамағында «Восток» пен «Мирный» кемелері бар адмирал Беллинсгаузен бастаған экспедиция белгісіз құрлыққа жақындады. Мұз құрсанған құрлықты көрген Беллинсгаузен мен «Мирный» кемесінің капитаны Лазарев оның мұзды құрлық екенін анықтады. Алайда орыстардың бұлтақсыз дәйегіне қарамастан, ағылшындар бұл құрлықты ертеректе ашқанын айтуда. Алайда ағылшын Эдвард Брэнсфилд Антарктиданы Беллинсгаузеннен екі күнге кешігіп көрген.

1918 жылы Кеңес Халықтық комитеті Жұмысшы-крестьян Қызыл Армиясын құру туралы қаулы қабылдады. Армия, кейінірек флот еріктілерден құралды. Қызыл Армияны құруды Бүкілресейлік коллегия басшылыққа алды.

1873-1937 жылдары  ақын, әдебиет зерттеушісі, ғалым, қазақ тіл білімінің атасы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келді.

Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесін, Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарған. 1909 жылы патша үкіметінің саясатына қарсы наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 жылы жер аударылған. 1913 жылы Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болған. Қазақ елінің тәуелсіз мемлекеттігін армандап, сол жолда күрескен Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі көсемдерінің бірі болған ол кеңес өкіметі бел алған кезеңде халқына қызмет ету үшін большевиктер жағына шығып, 1919 жылы маусымның 24-інде Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалған. 1922-1925 жылдары Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, «Ақ жол» газетінің қызметкері, 1925-1929 жылдары Қазақ Халық ағарту институтының (Ташкент) және Қазақ педагогикалық институтының оқытушы болған.

Бөлісу: