21 Тамыз 2013, 05:00
Холокост құрбандарын еске алудың халықаралық күні. 1945 жылы Освенцим концлагері тұтқындары азат етілген бұл күнді бірқатар елдер атап өтеді. Освенцим концлагері саяси тұтқындар үшін 1940 жылы салынды. Темір жол торабына жақын орналасқан лагерьде 40-қа жуық түрлі нысан - барактар, газ камералары, крематорийлар мен адамдарға тәжірибе жүргізілетін зертханалар болды. Күн сайын мұнда мыңдаған адам тиелген бірнеше эшалон келетін. Оларды жою үшін нацистер Циклон-Б улы газын ойлап тапты. Бұл газ алғаш рет бірнеше жүз кеңестік әскери тұтқындарға сыналды. Освенцим «ажал фабрикасы» деген атқа кездейсоқ ие болған жоқ. Лагерь жұмыс істеген бес жылдың ішінде мұнда 28 ұлттың 1,5 миллион адамы қаза болды. 1979 жылы ЮНЕСКО концлагерьді халықаралық маңыздағы ескерткіштер тізіміне енгізді.
Нацизм құрбандарын еске алудың халықаралық күні. 1945 жылы Освенцим лагерлер тобы тұтқындарының азаттық алған күніне орай бірқатар елдерде атап өтіледі.
Ресей әскери даңқ күні - Ленинградтың қоршаудан босаған күні. 1944 жылы ленинградтықтар неміс-фашистердің 900 күндік қоршауына асқан ерлікпен төтеп берді. Жыр алыбы Жамбыл Жабаева өзінің «Ленинградтық өрендерім» өлеңімен қоршаудағылардың рухын көтерді. Дәл осы күні Ленинград қаласы жаудан азат етілді.
Ұлтшылдықтың құрбандарын еске алудың халықаралық күні. 1945 жылы Освенцим лагерінің тұтқындарын босатқан күніне орай бірқатар елдерде аталып өтеді
1926 жылы Бұқаралық ақпарат құралдары мен шоу-бизнесте түбегейлі өзгеріс әкелген өнертабыс жарыққа шықты. Оның авторы шотландық Джон Бэрд өнертабысын телевизор деп атады.
1944 жылы Ленинград қоршауы алынды. Қоршау кезінде, ресми деректер бойынша, 641 мың тұрғын аштан қырылған, ал тарихшылар болса олардың саны 800 мыңнан кем еместігін айтады. Ал, атыс-шабыс пен бомбалаудан 17 мың адам қаза тапқан.
1948 жылы техниканың жаңа кереметі пайда болды. Бұл күні саудаға алғаш рет магнитофондар түсті. Оның құны 149 жарым доллар тұрды.
1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Давоста (Швейцария) өткен Бүкілодақтық экономикалық форумға қатысты. Форум барысында болып өткен көптеген кездесулердің арасынан Елбасының Еуропаның бірнеше мемлекеті, Америка, Азия мемлекеттерінің басшыларымен және бірнеше ірі халықаралық қаржы ұйымдарының басшыларымен кездесуін атап өтуге болады. Әңгімелер барысында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жолдары қарастырылды.
2010 жылы Алматыда Қайырымдылық қорлары қауымдастығының кезекті отырысының шеңберінде «Қазақстандағы қайырымдылық» - blagovkz.org. атты ұлттық ақпараттық порталдың таныстырылымы болды. Сайт Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының қаржылай қолдаумен құрылды.
Жобаның мақсаты - азаматтар мен ұйымдардың тиiмдi коммуникациялары үшiн платформалар құру, еліміздегі қайырымдылық қызметке тарту, қайырымдық ұйымдармен және бастаушы топтардың тиімділігін арттыру, қайырымдылық институттарға азаматтық қатысулардың мәдениетін дамыту және қолдау, Қазақстанның қайырымдылық өміріне тұрғындардың белсенді қатысуына ақпараттық шарттар құру.
Қайырымдылық қорлары қауымдастығы қайырымдылық жобаларды іске асыратын 12 коммерциялық емес ұйымдарды біріктіреді.