21 Тамыз 2013, 05:00
Кеденшілердің халықаралық күні. 1983 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл мерекені бүкіл әлемде 800 мың адам тойлайды. 1950 жылғы желтоқсанның 15-інде Кедендік ынтымақтастық кеңесін құру туралы конвенцияның негізінде Бүкіләлемдік кеден ұйымы (WCO) құрылды. Бүгінде ұйымға 162 мемлекет мүше.
Үндістан Республикасының мемлекеттік мейрамы - Республика күні (1950). Үндістан - Оңтүстік Азияда орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Ауғанстан, Қытай, Непал және Бутанмен, шығысында Бангладеш және Бирмамен, батысында Пәкістанмен шектеседі. Астанасы - Нью-Дели. Ақша бірлігі - үнді рупийі.
Қазақстан Республикасы мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы ақпанның 23-інде орнатылды.
1788 жылы алғашқы ағылшын қоныс аударушылары Австралия жеріне аяқ басты. Бұл экспедиция Жаңа Оңтүстік Уэльстің ботаникалық шығанағына капитан Артур Филлиптің басшылығымен келіп түсті. Оның құрамында 750 жер аударылған адам мен 300 әскери бар еді. Алғашқыда Австралияға ерікті қоныс аударушыларды тарту қиын болды, сондықтан Австралия заң бұзған қылмыскерлер мен саяси қылмыскерлердің айдалатын жері болып есептелді. 1830 жылға қарай бұл аймақты 63 мың жер аударушы мен 14 мың ерікті қоныс аударушы мекендеді. Бүгінде бұл оқиға Австралия күні деп аталды.
1798 жылы бір европалық коаланы алғаш рет көрді. ХХ ғасырдың басында бұл хайуанат өте көп болатын, Австралия олардың терісін шетелдерге сатты. Сондықтан аз ғана уақыт ішінде бірнеше миллиондаған коала саны 100 мыңға дейін кеміді. Коаланы көбі кішкене аю деп есептейді, бірақ ол аю емес. Оның салмағы 30 килограмм, 12 жыл тіршілік етеді. Коала тәуліктің көп бөлігін ұйқымен өткізеді, ал түнде ағаштарға өрмелеп, қарын тойғызады. «Коала» сөзі австралиялық тұрғындардың тілінен «ішпеу» деп аударылады, шынында да ол су ішпейді, оған жапырақ жесе, соның нәрі де жетіп жатыр. 1838 жылы АҚШ-та ел тарихында спиртті ішімдіктерді сатуға тыйым салатын заң қабылданды. Спирттік ішімдіктер саудасы сот арқылы жазаланатын болды.1875 жылы американдық Джордж Грин тоқ батареясымен жұмыс істейтін – бормашинаны ойлап тапты.
1875 жылы американдық Джордж Грин тоқ батареясымен жұмыс істейтін – бормашинаны (тіс дәрінері қолданатын бұрғы машина) ойлап тапты.
1886 жылы неміс конструкторы Карл Бенц іштен жанатын қозғалтқышты үш дөңгелекті автомобильді патенттеді.
1886 жылы неміс конструкторы Карл Бенц іштен жанатын қозғалтқышты үш дөңгелекті автомобильді патенттеді.
1905 жылы ең ірі алмаз табылды. 3,106 қаратты алмаз Оңтүстік Африкадан табылды және ол «Куллинан» деп аталды.