21 Тамыз 2013, 05:00
Әскери-теңіз флоты штурманы күні. 1997 жылы Ресей флоты штурман қызметiнiң негiзделген күнiне орай атап өтедi.
Студенттер күні (Татьяна күні). Дәл Татьяна күні, 1755 жылы қаңтардың 12-інде Елизавета Петровна патшайым «Мәскеу университетін құру туралы» жарлыққа қол қойды. Қаңтардың 25-і ресми түрде университет күні болды. Содан бастап әулие Татьяна студенттердің қамқоршысы болып саналады. «Татьяна» есімі грек тілінен аударғанда «жасаушы» деген мағынаны білдіреді.
1915 жылы Александр Белл Нью-Йорк пен Сан-Францисконы байланыстыратын телефон ойлап тапты. «Телефон» грек тілінен аударғанда «теле» - алыс, «фон» - үн деген мағына білдіреді.
1924 жылы алғаш рет Францияда қысқы Олимпиядалық ойындар басталды. Ол кезде бұл олимпиадалық «Халықаралық қысқы спорт аптасы» деп аталды.
1924 жылы Францияның Шамони қаласында алғашқы қысқы олимпиада ойындары басталды. Оған он сегіз елдің спортшылары қатысты. Қысқы олимпиаданы өткізу идеясы үлкен кедергілермен жүзеге асты. Халықаралық олимпиада комитеті аталмыш спорттық шараны Олимпиада ойындары деп аталу құқығын бермесе, скандинавиялықтар өздерінің Солтүстік ойындарының басты қарсыласы ретінде қарсы болды. Бір қызығы, осы ойындар барысында награданың көпшілігін скандинавиялықтар ұтып алған.
1930 жылы Алматы солтүстік Түркісіб темір жолына қосылды.
1966 жылы Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы ашылды. Филармонияның құрамына «Орал сазы» фольклорлық ансамблі, «Назерке» халық биі ансамблі, жастар ансамблі және де басқа ансамбльдер кіреді.
1992 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы мен Франция арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды.
1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Экономиканың тұрақтануы мен нарықтық қайта құрылу мерзіміне Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру туралы» Жарлыққа қол қойды.
2005 жылы ҚР Ғарыштық қызметті дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
2006 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин 1998 жылғы шілденің 6-сындағы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігі табанының ара-жігін ажырату туралы Келісімнің хаттамасына өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі Қазақстан-Ресей кездесуі нәтижесінде атом қуатын бейбіт мақсатқа қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы екі ел президенттерінің бірлескен мәлімдемесі қабылданды.