21 Тамыз 2013, 05:00
1556 жылы Қытайда жер сілкінісі тарихындағы ең күшті зілзала орын алды. Одан 820 мың адам қаза тапқан.
1849 жылы Америкада алғаш рет әйел адам – Элизабет Блеквелл – дәрігер дипломын алды.
1911 жылы Француз ғылым академиясының жаңа мүшелерін сайлау барысында оның мүшелері тарапынан Нобель сыйлығының лауреаты Мария Склодовская-Кюридің кандидатурасы қабылданбады. Бүгінге дейін бұл академияның құрамында әйел адамдар жоқ.
1922 жылы Торонтода канадалық 14 жасар Леонард Томпсонға диабет ауруын емдеу үшін ине арқылы инсулин салынды. ХХ ғасырға дейін себептері анықталмаған ауруды емдеуде бұл оқиға үлкен өзгеріс әкелді.
1985 жылы Лондон аукционында парсы ханзадасының сазды қорапшасы сатылды. Бақытты сатып алушы оған 20 900 фунт стерлинг жұмсады. Бұл сазды қорапша саудасы тарихында рекорд болды.
1982 жылы Қазақтың академиялық опера және балет театрында «Ақан сері - Ақтоқты» операсының премьерасы өтті. Алғашқы қойылымда бас партияларды Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Х.Қалиламбекова мен К.Мыржықбаев орындады. Операның авторы - С.Мұхамеджанов.
1992 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүше етіп қабылдау туралы қарар қабылдады. 1992 жылғы наурыздың 2-сінде Қазақстан БҰҰ-ның толық мүшесі болды.
1995 жылы Брюсселде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропа ынтымақтастығы кеңесінің төрағасы Ален Жюппе Қазақстан Республикасы мен Еуропа ынтымақтастығы арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
1999 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбіщұлы Назарбаевтың Жарлығымен жазушы Шыңғыс Айтматов «Отан» орденімен марапатталды.
2001 жылы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы қабылданды.
2001 жылы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы қабылданды.
2008 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жыл сайынғы «Парыз» конкурсын өткізіп отыру туралы Жарлыққа қол қойды.
Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерілету және оларды осы саладағы ең үздік тәжірибені енгізуге ынталандыру мақсатымен құрылған.
2010 жылы Қазақстан Республикасының Нью-Йоркте бас консулдігі салтанатты түрде ашылды.
1992 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүше етіп қабылдау туралы қарар қабылдады. 1992 жылғы наурыздың 2-сінде Қазақстан БҰҰ-ның толық мүшесі болды.