21-қаңтар

21 Тамыз 2013, 04:59

Достық құшақтың халықаралық күні. Бұл жаңа мерекенің дәстүрі бойынша танымайтын адамды да достық құшағына алуға болады. Мереке батыс еуропалық студент жастардан бастау алады. Ресей Федерациясының инженерлік әскері күні. Польшада әже күнi. Бұл күні Польшада ересек және кішкентай немерелері өз әжелерін «Әже күнімен» құттықтайды. 1506 жылы жер шарындағы ең көне армия құрылды. Рим папасы Юлий І2-нің тапсырмасымен Ватикан армиясы – Швейцар гвардиясы құрылды. Гвардия әскерінің қызыл мундирі Рафаэлдің бас болуымен дайындалды. Бұл құрамында 80-90 әскер болса да, ең көне армия болып есептеледі. 1724 жылы Петр 1-ші сот орындарында тәртіп бұзатындарға регламент жариялау жөнінде Қаулы қабылданды. Император сотқа қатысқандар өзін тәртіпке сай ұстау керек деп есептеді. Ал, айғайлап, балағаттап тәртіп бұзғандарға – ескерту айтылады. Ал заңға қайшы әрекет үш рет қайталанбау қажет. Петр қаулысы тек сұранушыларға емес, судьяларға да қатысты. 1911 жылы қатерлі ісік ауруы анықталды. Алғашқы қатерлі ісік ауруын 1908 жылы екі француз – Банг пен Эллерман тапты, алайды негізгі жаңалық ашқан американдық Пейтон Роус болып саналады. Ол 1911 жылы бұл ауру жайында мақаласында жазды. Роус бұл дертті ашқаны үшін 55 жылдан кейін, 1966 жылы Нобель сыйлығын алды. 1922 жылы Мюррен деген Швейцарияның жерінде алғашқы тау-шаңғы жарысы өтті. 1934 жылы Украина астанасы Харьковтан Киевке ауыстырылды. 2009 жылы Республиканың елордасында қаланың 10 жылдық мерейтойына арналған «Астана» энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Баспа қаланың тарихымен, экономикасымен, тұрғындары құрамымен, мәдениетімен, бiлiмімен, ғылымымен, географиялық назар аударатын жерлерімен, тарихи және мәдени мұрасымен, қала құрылысы, сонымен бiрге сирек кездесетiн ғимараттар, сәулеттiк ансамбльдерімен таныстырады. Энциклопедияда ғылым мен бiлiмнің, өнердiң белгiлi қайраткерлерiнің  өмiрбаяндық  мәлiметтерi енгізілген. Бас редактор, ғылыми-редакция кеңесінің төрағасы - Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, кеңестің мүшесі - Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты депутаты Әбіш Кекілбаев, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Рымғали Нұрғали, Қазақстан Республикасы Президентік мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков, және т.б. Энциклопедия 20000 данамен қазақ және орыс тілінде шығарылған. 2010 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Балық шаруашылығыныңмәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына  қол қойды. Заң еліміздегі балық қорларын тиімді қолдану мәселелеріне, заңды жетілдіруге бағытталған.

Достық құшақтың халықаралық күні. Бұл жаңа мерекенің дәстүрі бойынша танымайтын адамды да достық құшағына алуға болады. Мереке батыс еуропалық студент жастардан бастау алады.

Ресей Федерациясының инженерлік әскері күні.

Польшада әже күнi. Бұл күні Польшада ересек және кішкентай немерелері өз әжелерін «Әже күнімен» құттықтайды.

1506 жылы жер шарындағы ең көне армия құрылды. Рим папасы Юлий І2-нің тапсырмасымен Ватикан армиясы – Швейцар гвардиясы құрылды. Гвардия әскерінің қызыл мундирі Рафаэлдің бас болуымен дайындалды. Бұл құрамында 80-90 әскер болса да, ең көне армия болып есептеледі.

1724 жылы Петр 1-ші сот орындарында тәртіп бұзатындарға регламент жариялау жөнінде Қаулы қабылданды. Император сотқа қатысқандар өзін тәртіпке сай ұстау керек деп есептеді. Ал, айғайлап, балағаттап тәртіп бұзғандарға – ескерту айтылады. Ал заңға қайшы әрекет үш рет қайталанбау қажет. Петр қаулысы тек сұранушыларға емес, судьяларға да қатысты.

1911 жылы қатерлі ісік ауруы анықталды. Алғашқы қатерлі ісік ауруын 1908 жылы екі француз – Банг пен Эллерман тапты, алайды негізгі жаңалық ашқан американдық Пейтон Роус болып саналады. Ол 1911 жылы бұл ауру жайында мақаласында жазды. Роус бұл дертті ашқаны үшін 55 жылдан кейін, 1966 жылы Нобель сыйлығын алды.

1922 жылы Мюррен деген Швейцарияның жерінде алғашқы тау-шаңғы жарысы өтті.

1934 жылы Украина астанасы Харьковтан Киевке ауыстырылды.

2009 жылы Республиканың елордасында қаланың 10 жылдық мерейтойына арналған «Астана» энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі өтті.
Баспа қаланың тарихымен, экономикасымен, тұрғындары құрамымен, мәдениетімен, бiлiмімен, ғылымымен, географиялық назар аударатын жерлерімен, тарихи және мәдени мұрасымен, қала құрылысы, сонымен бiрге сирек кездесетiн ғимараттар, сәулеттiк ансамбльдерімен таныстырады. Энциклопедияда ғылым мен бiлiмнің, өнердiң белгiлi қайраткерлерiнің  өмiрбаяндық  мәлiметтерi енгізілген. Бас редактор, ғылыми-редакция кеңесінің төрағасы - Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, кеңестің мүшесі - Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты депутаты Әбіш Кекілбаев, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Рымғали Нұрғали, Қазақстан Республикасы Президентік мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков, және т.б. Энциклопедия 20000 данамен қазақ және орыс тілінде шығарылған.

2010 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Балық шаруашылығыныңмәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына  қол қойды.
Заң еліміздегі балық қорларын тиімді қолдану мәселелеріне, заңды жетілдіруге бағытталған.

Бөлісу: