Үндістанда кедейлерге азық-түлік карточкамен таратыла бастайды

21 Тамыз 2013, 04:56

Үндістан Үкіметі кедей отбасыларын карточкалы жүйемен базалық азық-түлікпен қамтамасыз етудің бағдарламасын қабылдады. Тауарлардың арасында күріш, бидай және басқа да астық тұқымдастары бар. ВВС-дің жазуынша, осы азық-түлік бұл елде кедейшіліктің тауқыметін сезініп жүрген 800 млн. азаматына таратылуы тиіс. Үндістанның ұлттық конгресс партиясының төрайымы Соня Ганди мемлекеттік дүкендерде бидай алу құқын беретін карточкаларды бір топ әйелдерге таратып үлгерді. Бұл бастаманы сынға алғандар жобаны жүзеге асыруға қажетті 24 млрд. доллар мемлекет қазынасын ойсыратады дегенді алға тартуда. Құқық қорғаушылардың деректеріне қарағанда, Үндістанның бес жасқа дейінгі балаларының жартысы тамаққа жарымайды. ҚазАқпарат.

Үндістан Үкіметі кедей отбасыларын карточкалы жүйемен базалық азық-түлікпен қамтамасыз етудің бағдарламасын қабылдады. Тауарлардың арасында күріш, бидай және басқа да астық тұқымдастары бар. ВВС-дің жазуынша, осы азық-түлік бұл елде кедейшіліктің тауқыметін сезініп жүрген 800 млн. азаматына таратылуы тиіс.

Үндістанның ұлттық конгресс партиясының төрайымы Соня Ганди мемлекеттік дүкендерде бидай алу құқын беретін карточкаларды бір топ әйелдерге таратып үлгерді.

Бұл бастаманы сынға алғандар жобаны жүзеге асыруға қажетті 24 млрд. доллар мемлекет қазынасын ойсыратады дегенді алға тартуда.

Құқық қорғаушылардың деректеріне қарағанда, Үндістанның бес жасқа дейінгі балаларының жартысы тамаққа жарымайды.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: