21 Тамыз 2013, 04:46
АҚШ-та дiни сенімнің бостандық күнi. Қаңтардың 16-сын Құрама Штаттарда дiни сенімнің бостандық күнi деп жариялай отырып, бұрынғы Президент Буш діни сенімге және сол сенімді өз сөздерімен істерінде білдіру құқығы ол «әрбір адамға берілген құқық» деп атап өтті.
Тайландта мұғалім күні. 1956 жылы премьер-министр Филд Маршал Пибулсонкрам бiлiм саласы қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесiн - мұғалiм күнін бекітті.
1992 жылы Швеция Корольдігі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады.
Швеция Kорольдігі - Eуропада орналасқан ел. Скандинавия елдерінің бірі. Солтүстік Еуропадағы Скандинавия түбегінің шығысы мен оңтүстігін алып жатқан мемлекет. Cолтүстік-батысында Норвегиямен, солтүстік-шығысында Финляндиямен шектеседі. Оңтүстік-шығысын Балтық теңізі, ал оңтүстік-батысын Эресунн бұғазы (Швецияны Даниядан бөліп тұр) мен Каттегат, Скагеррак бұғаздарының сулары шайып жатыр.
Швецияның иелігіне сондай-ақ Балтық теңізіндегі Готланд пен Эланд аралдары мен бірнеше ұсақ аралдар да кіреді. Аумағы 449964 км2. Швецияның ұлттық құрамы негізінен бір текті. Халқының 91%-ын шведтер құрайды. Сонымен бірге финндер (3%), саамдар, норвегтер, даттар (6%) тұрады. Ресми тілі — швед тілі. Дінге сенушілердің көпшілігі — лютеран шіркеуінің өкілдері (94%), католиктер (1,5%), мұсылмандар мен иудей дініндегілер де бар. Астанасы — Стокгольм қаласы. Ірі қалалары: Стокгольм, Гетеборг, Кальмар, Упсала, Мальме, Хельсингборг (қала халқының үлесі 83%-ды құрайды).
1992 жылы Мәскеу қаласында ТМД-ға мүше алты мемлекет Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Украина, Беларус және Армения басшыларының кездесуі өтті. Кездесу барысында жеті келісімге қол қойылды.
2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк бірлестіктерді құру және қызметтерін қамтамасыз ету шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды.
2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойды.
2010 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орыс Православ шіркеуінің ең жоғары ордендерінің бірімен марапатталды. Орденді Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл тапсырды.
2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк бірлестіктерді құру және қызметтерін қамтамасыз ету шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды.
2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) қазiргi саясат мәселелеріне арналған төрт монография басылып шықты.
Бұл еңбек халықаралық және аймақтық аренада, соның ішінде Қазақстанда әлемдік геосаясатпен айналысатындардың стратегиялық мүдделері мен жаңа саясаттарын, біздің еліміздің Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерімен шекара құрудағы мүдделерін зерттеуге арналған.